
- •1 Сурак. Ақшаның қажеттілігі, маңызы және қызметтері.
- •2 Сурак Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері.
- •5 Сурак Инфляция оның себептері және салдары.
- •7 Сурак Банктік несиелік ресурстарының түсінігі және оның құралу көздері.
- •8 Сурак Қазақстан Республикасы несие жүйесінің түсінігі мен құрылымы.
- •9 Сурак кр Ұлттық банкі,оның құқықтық
- •10 Сурак Улттық банктің ақша-несие
- •12 Сурак Қазақстандағы депозит нарығының дамуы.
- •15 СуракКоммерциялық банктердің ұйымдастыру құрылымы.
- •17 Сурак банктін несие алушылар мен несиелік карым катнастарын үйымдастыру Коммерциялық банктің несие саясаты.
- •18 Сурак Комерциялык банктердін несиелдік портфельінін жіктелуі .Несиенің түрлері мен формалары.
- •21 Сурак банктін несие алушысынын несиенң кайтару кабелеті Несиенің қажеттілігі, маңызы, қызметтері.
- •24 Сурак Кепіл және оын турлері Кепілдік және оның түрлері.
- •25 Сурак Цессия, оның құқықтық құрылымы мен түрлері.
- •26 Сурак Кепіл беру және банк несиенін кайтарылымын камтамассыз етудегі кепіл-хатБанктік кепілдік.
- •30 Сурак Коммерциялық банктің несие саясаты.
- •32 Сурак к- дагы тутынушылык несиелендіру Тұтыну несиесі және оның түрлері.
- •35 Сурак Банктің факторинг операциялары:
- •36 Сурак Банктің траст операциялары:
- •38 Сурак Банктік карточкалар: олардың классификациясы.
- •40 Сурак қр екінші деңгейлі банктердің бух.Есебінің жалпы
- •41 Сурак Банктік баланстын шоттар жоспарынын сипаттамасыБанктік баланс және олардың құрылу принциптері.
- •42 Сурак Банктегі құжаттама құжат айналымы және бақылау.
- •45 Сурак Толемді талап ету – тапсырма бойынша есептеу, кужат айналымы, есебі, бакылау. Төлемді талап ету – тапсырма бойынша есептесу, құжат айналымы, есебі және бақылау.
- •47 Сурак Банктің кассалық операцияларын есептеу және оны ұйымдастыру тәртібі.
- •48 Сурак Банктін карыздык операцяларынын есебі жане бакылау. Банктен қарызалушының мақсаттары мен міндеттеріне талдау.
- •54Сурак Инвистиция үгымы және инвистициялық қызмет. Инвестицияның түсінігі, объектілері мен түрлері.
- •55Сурак.Инвистициялык кызметтікаржыландыру коздері. Инвестициялық қызметінің қаржыландыру көздері.
- •56 Сурак Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат пен инвестициялық климат.
- •58 Сурак Инвистициялаудын лизингтик тасил
- •62 Сурак Банктік маркетингтегі тамазмұны.
- •63 Сурак Банктің микроортасы мен оның құрылымы.
- •64 Сурак Банк нарығының бөлшек сауданың сегментациясы және оның белгілері.
- •66 Сурак Банктің макроортасы мен оның құрамдас бөліктері.
- •67 Сурак Жарнама және оның банктік маркетингтегі стратегиялық орны.
- •69 Сурак camel банктік қызметінің рейтингтік жүйенің бағалануы.
- •71 Сурак Банктегі басқарудың қажеттілігі және тиімсіз бақылау Банктің басқарудағы қателер.
- •73 Сурак Валюталық багам. Валюталық багамын қалыптасуына әсер етуші факторлар.
- •83Сурак Бағалы қағаздар нарығы, оның түрлері және қызметтері.
- •84 Сурак Андеррайтинг және оның әдістері.
- •88 Сурак Корпоративтік бағалы қағаздар. Қазақстан Республикасындағы корпоративтік бағалы қағаздар нарығының жағдайы мен дамуы.
- •90 Сурак Депозитарлық кепіл-хат
- •93 Сурак Қазақстан Қор Биржасы (ққб), оның құрылымы және қатысушылары.
- •95 Сурак Қазақстан Республикасының салық жүйесі, оның элементтері.
- •103 Сурак Заңды және жеке тұлғалардың көлігіне салынатын салық.
- •104 Сурақ. Қр дағы арнайы салықтық режимдер.
- •113 Сурақ. Мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастырушы көзқайнарлар:
- •118 Сурак. Казирги кездеги кр экономикалык саясаты
21 Сурак банктін несие алушысынын несиенң кайтару кабелеті Несиенің қажеттілігі, маңызы, қызметтері.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
1топ Жалпы экономикалық тәртіптер принципі:
Несиенің мақсаттылығы;
Несиенің диференциялдылығы.
2топ Несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
Несиенің мерзімділігі;
Қайтарымдылығы;
Төлемділігі;
Несиенің қамтамасыз етілуі.
Несие – арнайы мақстақа қайтарымды, ақылы және мерзімді қағидаға сүйеніп, жеке және заңды тұлғаларға берілетін ақша көлемі. Несие банктерден және басқа да несие мекемелерден арнайы мақсаттарға берілетін ақша. Мысалы: тұрғын үй құрылыс мақсатына, пәтер сатып алуға – ипотека, тұтыну несиелері.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт-құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субьектілері, сондай-ақ бұл субьектілерге несие беруші мен қарыз алушылар жатады. Несие беруші – несиелік мәмленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Қарыз алушы – несиелік қатынастар жағы, несиені алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Несие –кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экономиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді.
Несиенің түрі-бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтің, яғни әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрініс. Түрлері:
Қарыз алушылар категориясына қарай:
Мақсатты қорларға;
Банктерге;
Қаржылық несиелік мекемелерге.
Қаржылық емес агенттерге берілетін несие:
Өнеркәсіп салаларына;
Ауылшаруашылығына;
Саудағы;
Дайындау ұйымдарына;
Жабдықтар сату ұйымдарына;
Жеке кәсіпкерлерге.
Тұтыну мақсаттарына берілетін несиелер:
Мерзіміне қарай: қысқа,ұзақ,орта;
Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай: негізгі қорларға жұмсалатын; айналым қаражатына жұмсалатын;
Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай: қамтамасыз етілген, қамтамасыз етілмеген, сақтандырылған;
Қайтару дәрежесіне қарай: стандартты несие – бұл қайтарылу уақытына жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмәні жоқ несиелер; күмәнді несиелер-банк үшін тәуекел туғызатын несиелер; үмітсіз несиелер;
Валютамен берілуіне қарай: шетел валютасымен, ұлттық валюта;
Берілу шартына қарай: тұтыну несиесі; ипотекалық несие; овердравт; овернайт; онкольдық; банкаралық; лизингтік; ломбарттық; сенім несие, маусымдық несие; консорциондық несие.
24 Сурак Кепіл және оын турлері Кепілдік және оның түрлері.
Несие қайтарымдылығының бір түрі болып кепілдік есептеледі.
Кепілдікке қойылған мүлік несие берушіге несие қайтпаған жағдайда (банк немесе несие беруші) өз шығындарын қайтаруға мүмкінік береді. Кепілдікке қойылған мүлік бағасы несиеге қарағанда 20-40 және одан да жоғары пайызға тең болуы керек. Кепілдікке қойылған мүліктің бағасы несиеге қарағанда көп болуы несиенің қайтпау тәуекелділігіне байланысты.
Кепілдіктің басты субъектісіне несие беруші және несие алушы жатады. Несие беруші болып, басқа заңды және жеке тұлғаның мүлікке алған банк есептеледі.
Кепілдікке жылжитын және жылжымайтын мүлік, құнды қағаздар, валюталық құндылықтар және мүлікке деген құқық, Шет елдік және өзіміздің Қазақстандық тәжірибеде кепілдіктің екі түрі белгілі.
Кепілдікке берілген мүлік кепілдік беруші қолында.
Кепілдікке қойылған мүлік және мүлік құқы несие беруші қолында.
Дүние жүзілік тәжірибеде жоғарыда айтылған тәжірибелердің бірінші түрі көп тараған.
Кепілдікке несие берудің тағы бір түрі бар, ол айналымдағы және қайта өңдеудегі тауарларына несие беру. Бұл несие кепілдікке нақты мүлікті емес, ал оған өндіріс өнімі және ауыл-шаруашылық тауарлары – бидай, мақта, көмір, аяқ-киім, жиһаз және т. б. халық тұтынатын өнімдер. Осы кепілдіктің келісім шарты бұзылмауына әсер ететін өзіне тән тәсіл бар. Тағы бір айтатын жай, егер кепілдікке қойылған тауар өз құндылығын жоғалтса несие беруші зардап шекпейді,өйткені ол тауар орнына басқа тауарлар келіп отырады.
Кепілдіктің екінші түрі кепілдікке қойылған мүлік несие беруші қолында болған жағдай. Бұны тағы кепілзат деп атайды. Кепілзат ретінде автокөлік, алтын және асыл заттар, валюта, құнды қағаздарды жатқызуға болады.
Несие беруші немесе кепілзат ұстаушыға келесі негізгі міндеттемелер жүктейді.
Кепілдікке қойылған мүлікті өз иелігіне алу;
Кепілдікке қойылған мүліктің аяқталуы;
Кепілдікке қоюшыны уақытында тауардың немесе мүліктің жоғалуы туралы ақпарат беру;
Несиелік борыштың орындалғанынан кейін кепілдікке қойылған мүлікті қайтарып беру.
Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің тағы бір түрі кепілгерлік.
Кепілгерліктің субъектісі болып жеке және заңды тұлғаларды айтуға болады. Кепілгер банкке міндеттеме береді – несиегер алдында.
Тәжірибеде кепілгерлік келісім шарттың үш түрі кездеседі:
Несиелік келісім шартқа қол қою алдында. Бұл банк – несие берушіге ең қолайлы тәсіл болып табылады. Себебі кепілдікке қойылған мүлік арзан болса, кепілгер өзі гарант болады.
Бұл үш жақты келісім шарт жасау арқылы.
Банк – несие берушімен несие алушы арасындағы келісім шартқа қол қойғаннан кейін.
Егер кепілгерлік қолаң соммаға тең болса, онда келісім шартта міндеттеме шекарасы белгіленуі керек.
Банк – несие беруші міндеттемелі несиенің қайтарымдылығын несие алушыдан және кепілгерден талап етуге құқы бар. Кепілгерлік өз міндетін тоқтатады егер:
Кепілгер өз міндетін орындаса;
Несие алушының келісім шарты өзгерсе;
Жауапкершілік алмай, несиелік борышты басқа адамға ауыстырған жағдайда;
Несие алушы мен кепілгер ұсынған қызметті несиелік банк қабылдаған жағдайда;
Келісімде көрсетілген кепілгерлік мерзімі өткен жағдайда. Егер, кепілгерлік келісімде оның мерзімі белгіленбесе, ол бірден тоқтатылады.