Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы на ГОС.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
154.16 Кб
Скачать

93 Сурак Қазақстан Қор Биржасы (ққб), оның құрылымы және қатысушылары.

ҚР «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес, қор биржасының мүшелері тек қана биржада орындары бар және осы қор биржасының листингіне кіргізілген бағалы қағаздармен саудаға қатысатын кәсіби қатысушылар ғана бола алады. Биржа мүшелерінің саны оннан кем емес болуы шарт. Биржаға мүшелікке қабылдау туралы шешімді Биржалық кеңес шығарады. Қазақстан қор биржасының жай күйі олардың санаттарын, оларға қойылатын талаптарды, қабылдау тәртібін, мүшеліктің тоқтатылуын және уақытша тоқталуын, сонымен қатар биржа мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Қор биржасының мүшелері ұйымдар бола алады. Оның ішінде «С» санатты биржа мүшелерін қоспағанда, ҚР аумағынан тыс жерлерде заңды тұлға ретінде тіркелген, қаржы нарықтарында кәсіби қызметтерін жүзеге асыру құқығына ие ұйымдар да болуы мүмкін. KASE мүшелері қаржылық құралдардың түрлеріне қарай келесідей санаттарға бөлінеді:

«Р» - ресми тізімге кіргізелген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен саудаға қатысу құқығы бар санат;

«Н» - қор биржасының сауда жүйесінің «листингтік емес бағалы қағаздар» секторындағы айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен саудаға және жеке меншік ұйымдардың мемлекеттік акция пакеттерімен саудаға қатысу құқығы бар;

«К» - қор биржасында айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздармен саудаға қатысу құқығы бар;

«С»- қор биржасында айналыстағы мерзімді мәмілелермен саудаға қатысу құқығы бар;

«В» - шетел валютасымен саудаға қатысу құқығы бар.

Қор биржасының ұйымдық құрылымы:

Акциялардың жалпы жиналысы:жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу; биржалық кеңестің құрамы мен өкілеттілігін анықтау; жылдық қаржылық есеп берулерді бекіту және т.б.; биржа саудасының ережесін бекіту;

Биржа кеңесі;

Басқарма;

Ревизиялық комиссия: биржа қызметіне жалпы басшылық

94 сурак. KASE сауданын негизги адистери. Қазақстан қор биржасы (KASE)1993 жылғы 17 қарашада «Қазақ банкаралық валюта биржасы» деген атпен құрылды. KASE – коммерциялық ұйым, ол акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында жұмыс істейді. KASE-нің 69 акционері бар (01.11.08 жылғы дерек бойынша) – «Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы» АҚ (ең ірі акционер), банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді басқару жөніндегі компаниялар, ҮЕЗҚ және басқа да қаржылық ұйымдар.KASE Орталық Азиядағы аса ірі ұйымдастырылған қаржы нарығының операторы болып табылады. Ол қызмет көрсететін нарықтар: мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздармен тікелей және автоматты репо; шетел валюталары (АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі); Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Қаржы министрлігі және жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар (соның ішінде қазақстандық халықаралық облигациялар); ХҚҰ облигациялары және шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздар; вексельдер; акциялар; корпоративтік облигациялар және т.б.Қазақстан қор биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты – аймақтық жетекші қаржы нарығы ретінде қалыптасу, онда бүкіл әлемнен келген инвесторлар барынша аз есептік тәуекелдермен, және ең үздік халықаралық іс-тәжірибеге сәйкес кең ауқымды қаржылық құралдар саудасын жүргізу мүмкіндігіне ие болуға, сондай-ақ сан алуан әрі сапалы түрде көрсетілетін ілеспе биржалық қызметтерді пайдалануға тиіс. Толығырақ ақпарат Қазақстан қор биржасының ресми веб-торабында www.kase.kz   берілген