Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы на ГОС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
154.16 Кб
Скачать

66 Сурак Банктің макроортасы мен оның құрамдас бөліктері.

Макроорта – ұйымның маркетингтің қызметіне шешуші ықпал ететін демографиялық, экономикалық ,табиғи, ғылыми – техникалық, саяси және мәдени факторлардың жиынтығы. Демографиялық - тұрғындардың саны, аумаққа қарай орналасуы, халық тығыздылығы, миграциялық бағыттары, өсім құрылымы, туу, өлуі, неке және ажырасу саны, этникалық және діни құрылымы және т.б. Экономикалық – тұрғындардың сатып алу қабілеті, инфляция деңгейі, мемелекеттің қаржы қаражат жағдайы, жалпы шаруашылық коньюнктурасы, салық жүйесі, халықтың тұтыну құрамының өзгеруі, сұраныс және тұтыну икемділігі. Табиғи – энергоресурстары мен шикізат көздерін пайдалану жағдайы және болашағы, қоршаған ортаның ластану деңгейі мен ресурстарды тұтыну интенсивтілігіне мемлекет ұйымының әсері. Ғылыми-техникалық – шектес және бақылауға алынған салалардағы техникалық өзгерістердің қарқыны, фирманың және оның бәсекелестің инновациялық әлеуеті. Техникалық жаңартулардың қауіпсіздігіне қатал талап қойылуы. Саяси құқықтық – кәсіпкерлікті реттеудің құқықтық жағынан жағдайы, мемлекеттің экономикалық саясаты, сыртқы саясаттың нарықтың дамуына әсері, мемлекете шешімінің қоғам өміріне тигізетін әсері. Мәдени – тұтынушылар бірлестігінің мәдени ерекшеліктері мен дәстүрлі, мәдениет түрлері т.с.с.

67 Сурак Жарнама және оның банктік маркетингтегі стратегиялық орны.

Нарықтағы жетістік, маркетингтің үлкен жетістігі ахуалды жүйелі түрде ұғуға, банктің күш-жігерін нақты үйлестіруге, мақсаттар мен міндеттерді дәл белгілеуге және жетістіктерді бағалаудың ең жетілген әдістерін пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық жоспардың сапасымен анықталады. Маркетинг стратегиясы кез келген банк үшін стратегиялық жоспардың негізгі элементі болуы тиіс. Бұл саладағы жоспарлау банктің күшті және әлсіз жақтарын, банк өз қызметінде алдағы 3-5 ж ішінде кездестіруі мүмкін қолайлы және жағымсыз факторларды детальды түрде талдай алатын экономикалық болжау бойынша тәжірибелі мамандарды жасақтаудан басталады. Маркетинг стратегиясының сәтті жүзеге асуы мынандай факторларға байланысты:

Банктің ұйымдық құрылымында банк бизнесінің, маркетингтің жаңа формаларын әзірлеумен айналысатын стратегиялық тұрғыдан дамытудың арнайы тобын құру;

Стратегиялық жобаларды жүзеге асырушы жұмыскерлерді ынталандыратын арнайы жүйені ұйымдастыру;

Банктің стратегиялық жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру қызметіне барлық деңгейдегі басшыларды тарту;

Нақты бақылау жүйесін қалыптастыру

69 Сурак camel банктік қызметінің рейтингтік жүйенің бағалануы.

Банк балансын сомманың көрсеткіштерді есептеу, банк жағдайларының нашарлануының нақты себептерін анықтауға, өзінің міндетті талдау қызметтерімен қатар формалды емес талдау әдістерінде қолданылады. Оның бірі рейтингтік жүйе – КЭМЕЛ. Бұл жүйе 1978 ж-дан бері АҚШ-ң 3 негізгі ұйымның рейтингтік әдістемесі б.т.:1) федеративтік резервтік жүйе; 2)Ақша айналысын бақылаушы; 3) депозиттерді сақтандыру бойынша федеративті корпорация. КЭМЕЛ әдістемесі иерархиялық құрылымға ие. Ол келесі 5 компоненттен тұрады:

Капитал жеткіліктілігі;

Активтер сапасы;

Мененджмент немесе басқару сапасы;

Табыстылық;

Өтімділік.

Бұл жүйе арқылы келесі жағдайларды анықтауға болады:

Банктің сенімді екендігінің жалпы сандық бағасын;

Активтер табыстылығын анықтайды;

Несие берудің деңгейі;

Актив, пасситерді басқаруының жан-жақты тиімділігін,т.б.

КЭМЕЛ әдістемесі кезінде берілетін қорытынды бал негізінде қойылады