Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы на ГОС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
154.16 Кб
Скачать

62 Сурак Банктік маркетингтегі тамазмұны.

Жарнама және оның банктік маркетинг стратегиясындағы орны.

Нарықтағы жетістік, маркетингтің үлкен жетістігі ахуалды жүйелі түрде ұғуға, банктің күш-жігерін нақты үйлестіруге , мақсаттар мен міндеттерді дәл белгілеуге және жетістіктерді бағалаудың ең жетілген әдістерін пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық жоспардың сапасымен анықталады. Маркетинг стратегиясы кез келген банк үшін стратегиялық жоспардың негізгі элементі болуы тиіс. Бұл саладағы жоспарлау банктің күшті және әлсіз жақтарын, банк өз қызметінде алдағы 3-5 ж ішінде кездестіруі мүмкін қолайлы және жағымсыз факторларды детальды түрде талдай алатын экономикалық болжау бойынша тәжірибелі мамандарды жасақтаудан басталады. Маркетинг стратегиясының сәтті жүзеге асуы мынандай факторларға байланысты:

Банктің ұйымдық құрылымында банк бизнесінің,маркетингтің жаңа формаларын әзірлеумен айналысатын стратегиялық тұрғыдан дамытудың арнайы тобын құру;

Стратегиялық жобаларды жүзеге асырушы жұмыскерлерді ынталандыратын арнайы жүйені ұйымдастыру;

Банктің стратегиялық жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру қызметіне барлық деңгейдегі басшыларды тарту;

Нақты бақылау жүйесін қалыптастыру

63 Сурак Банктің микроортасы мен оның құрылымы.

Микроорта – фирманың өзіне және оның зат берушілер, клиенттер бәсекелестер, қарама-қатынас аудиторлары сияқты клиентураға қызмет ету жөніндегі мүмкіндіктеріне қатысы бар элементтер жиынтығы.

Тұтынушыларды зерттеу арқылы фирма олардың қажеттері мен қалауын, тауарлар мен сату көлеміне деген сұранысты біле алады.

Бәсекелестер – фирма бәсекелестері оның маркетинг стратегиялары мен нарықтағы табысына тікелей әсер етеді.

Жабдықтаушылар – фирманы тауарлар өндіру мен қызмет көрсету үшін қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен ұйымдар.

Маркетингтік делдалдар – оларға кәсіпорындар мен әр түрлі компаниялардың тауарларын сатуға көмектесетін фирмалар жатады.

64 Сурак Банк нарығының бөлшек сауданың сегментациясы және оның белгілері.

Нарықтық сегементтеу нарықты тұтынушылар сұранысының өзіндік ерекшелігімен де, ұсыныстың өзіндік ерекшелігімен де сипатталатын жекелеген учаскілерге бөлуді ұйғарады. Сегменттеудегі мақсат-жекелеген тұтынушы тобының көрсетілген нақты қызмет түріне қатынасын анықтау. Банктер нарықты екі принцип бойынша сегменттейді:

Өнімдікке (несиелік қызмет көрсету нарығы, операциялық қызмет көрсету нарығы, инвестициялық қызмет көрсету нарығы, сенімгерлікпен қызмет көрсету нарығы);

Клиентікке (жылжымайтын мүліктің меншік иелері, корпорациялар, үкіметтік нарық, сенімгерлікпен қызмет көрсету бөлімінің клиенттері)

Нарықты сегметтеу – банктік қызмет көрсетудің үлкен іс-тәжірибесін және білімін қажет ететін күрделі әрі еңбек сыйымдылығы бар процесс. Нарықты сегменттеудің негізін банктік қызмет көрсету сипаты, клиентуралық белгі жатады. Сонымен қатар, географиялық, демографиялық, психомадини және мінез-құлықтық сегменттеулер де пайдаланылады

65 сурак Банктін баганы калыптастыру ідістері және қалыптасу стратегиясы. Баға – маркетингтік категорияның маңызды элементі болып есептеледі. Баға белгілеу дегеніміз – бағаның, оның деңгейінің ара-қатынасы мен құрылымның қалыптасу және өзгеру процессі. Нарықта құралатын бағаға көптеген факторлар әсер етеді. Бұлардың ішіндегі аса маңыздысы – экономика коньюнктурасының, өндіріс пен тұтынудың түйіскен тұсында өзгеріске түсуі. Баға тағайындаудың негізгі тәсілдері мыналары:

Сұранымға бағытталған баға;

Шығындарға бағытталған баға;

Бәсекеге бағытталған баға.

Сұранымға бағытталған жағдайында баға дискреминациясы п.б.:

Тауардың варианттарына қарай;

Сатылу орнына қарай;

Сатылу уақытына қарай.

Баға тағайындау кезендері:

Баға тағайындау мақсатын таңдау;

Сұранымды белгілеу;

Шығындарды талдау;

Бәсекелестердің бағаларын талдау;

Баға тағайындау тәсілдерін таңдау;

Соңғы бағаны белгілеу.