
- •1 Сурак. Ақшаның қажеттілігі, маңызы және қызметтері.
- •2 Сурак Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері.
- •5 Сурак Инфляция оның себептері және салдары.
- •7 Сурак Банктік несиелік ресурстарының түсінігі және оның құралу көздері.
- •8 Сурак Қазақстан Республикасы несие жүйесінің түсінігі мен құрылымы.
- •9 Сурак кр Ұлттық банкі,оның құқықтық
- •10 Сурак Улттық банктің ақша-несие
- •12 Сурак Қазақстандағы депозит нарығының дамуы.
- •15 СуракКоммерциялық банктердің ұйымдастыру құрылымы.
- •17 Сурак банктін несие алушылар мен несиелік карым катнастарын үйымдастыру Коммерциялық банктің несие саясаты.
- •18 Сурак Комерциялык банктердін несиелдік портфельінін жіктелуі .Несиенің түрлері мен формалары.
- •21 Сурак банктін несие алушысынын несиенң кайтару кабелеті Несиенің қажеттілігі, маңызы, қызметтері.
- •24 Сурак Кепіл және оын турлері Кепілдік және оның түрлері.
- •25 Сурак Цессия, оның құқықтық құрылымы мен түрлері.
- •26 Сурак Кепіл беру және банк несиенін кайтарылымын камтамассыз етудегі кепіл-хатБанктік кепілдік.
- •30 Сурак Коммерциялық банктің несие саясаты.
- •32 Сурак к- дагы тутынушылык несиелендіру Тұтыну несиесі және оның түрлері.
- •35 Сурак Банктің факторинг операциялары:
- •36 Сурак Банктің траст операциялары:
- •38 Сурак Банктік карточкалар: олардың классификациясы.
- •40 Сурак қр екінші деңгейлі банктердің бух.Есебінің жалпы
- •41 Сурак Банктік баланстын шоттар жоспарынын сипаттамасыБанктік баланс және олардың құрылу принциптері.
- •42 Сурак Банктегі құжаттама құжат айналымы және бақылау.
- •45 Сурак Толемді талап ету – тапсырма бойынша есептеу, кужат айналымы, есебі, бакылау. Төлемді талап ету – тапсырма бойынша есептесу, құжат айналымы, есебі және бақылау.
- •47 Сурак Банктің кассалық операцияларын есептеу және оны ұйымдастыру тәртібі.
- •48 Сурак Банктін карыздык операцяларынын есебі жане бакылау. Банктен қарызалушының мақсаттары мен міндеттеріне талдау.
- •54Сурак Инвистиция үгымы және инвистициялық қызмет. Инвестицияның түсінігі, объектілері мен түрлері.
- •55Сурак.Инвистициялык кызметтікаржыландыру коздері. Инвестициялық қызметінің қаржыландыру көздері.
- •56 Сурак Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат пен инвестициялық климат.
- •58 Сурак Инвистициялаудын лизингтик тасил
- •62 Сурак Банктік маркетингтегі тамазмұны.
- •63 Сурак Банктің микроортасы мен оның құрылымы.
- •64 Сурак Банк нарығының бөлшек сауданың сегментациясы және оның белгілері.
- •66 Сурак Банктің макроортасы мен оның құрамдас бөліктері.
- •67 Сурак Жарнама және оның банктік маркетингтегі стратегиялық орны.
- •69 Сурак camel банктік қызметінің рейтингтік жүйенің бағалануы.
- •71 Сурак Банктегі басқарудың қажеттілігі және тиімсіз бақылау Банктің басқарудағы қателер.
- •73 Сурак Валюталық багам. Валюталық багамын қалыптасуына әсер етуші факторлар.
- •83Сурак Бағалы қағаздар нарығы, оның түрлері және қызметтері.
- •84 Сурак Андеррайтинг және оның әдістері.
- •88 Сурак Корпоративтік бағалы қағаздар. Қазақстан Республикасындағы корпоративтік бағалы қағаздар нарығының жағдайы мен дамуы.
- •90 Сурак Депозитарлық кепіл-хат
- •93 Сурак Қазақстан Қор Биржасы (ққб), оның құрылымы және қатысушылары.
- •95 Сурак Қазақстан Республикасының салық жүйесі, оның элементтері.
- •103 Сурак Заңды және жеке тұлғалардың көлігіне салынатын салық.
- •104 Сурақ. Қр дағы арнайы салықтық режимдер.
- •113 Сурақ. Мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастырушы көзқайнарлар:
- •118 Сурак. Казирги кездеги кр экономикалык саясаты
47 Сурак Банктің кассалық операцияларын есептеу және оны ұйымдастыру тәртібі.
Кассалық операциялар – бұл банк клиенттерінің ақшалары мен құндылықтарын қабылдап-өткізу бойынша банктік операциялар. Басқаша айтқанда, барлық кәсіпорындар мен мекемелер, олардың меншік түріне байланыссыз өз ақшаларын банкте сақтайды және банктің клиентке қолма-қол ақшалай есеп айрысуын жүргізу бойынша қызмет көрсетуі – бұл кассадан ақшаны беру, қабылдау және сақтау. Екінші деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды жетілдіру тәртібі 1999 ж 15 қаращадағы №394 «ҚР-ң екінші деңгейдегі банктерінің кассалық операцияларын жүргізу» ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Олар бойынша келесілер қарастырылған:
Кассалық операцияларды жүргізудің жалпы тәртібі;
Ақшаны жеткізу және сақтау тәртібі;
Ақшаның төлем қабілеттілігін анықтау тәртібі;
Зақымданған банкноттар мен ақаулы тиындарды айырбастау және жою тәртібі.
Банктерде клиенттреге кассалық қызмет көрсету, қолма-қол ақшаларды өңдеу және кассалық жұмыстарды ұйымдастыру ісін жүргізу үшін келесі бөлімшелер құрылады: кіріс, шығыс, кіріс-шығыс кассалары, қайта есептеу кассасы, кешкі касса және т.б. банктер банктік заңдылықтарға сәйкес кассалық және басқа да банктік операцияларды жүзеге асыру үшін банк орналаспаған жерден де есеп-кассалық бөлімшелерді ашуға құқылы
.
48 Сурак Банктін карыздык операцяларынын есебі жане бакылау. Банктен қарызалушының мақсаттары мен міндеттеріне талдау.
Несиенің қайтарылуы – уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Несиенің қайтарылуы объективті процесс б.т., яғни оны мәміленің табиғатын өзгерпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау өткен кезеңдегі статистикалық және бухгалтерлік есебі, несие пайдалану кезеңдегі оның қаржылық жағдайына болжам туралы жиналған мәліметтер негізінде жүргізіледі. Қарыз алушы несиені алу үшін банкке негізделген жазбаша арызымен барады, онда мыналар қысқаша жазылып көрсетілгендей: несиенің мақсаттық бағыты, оның сомасы, пайдалану мерзімі, нақты өтеу мерзімі, сонымен қатар несиеленетін шаралардың және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділіктерінің қысқаша сипаттамасы. Арыз үш данада толтырылады: бірінші және екінші данасы өткізбе үшін, ал үшіншісі несиелеуші қызметкеріне қалады.
Несиеге қабілеттілікті бағалаудағы негізгі мақсат-қарыз алушының жағдайына қаржылық баға беру. Оның мақсаты-шаруашылық субъектінің қаржылық және мүліктік жағдайына, оның қызметінің нәтижелеріне толық сипаттама беру:
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және өтімділігін анықтау;
Меншік және тартылған қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін зерделеу.
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау кезінде мынадай үш негізгі көрсеткіш есепке алынады: өтімділік коэффициенті, жабу коэффициенті, меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші.
51 -52-53сурак Банктегі аудиттін угымы жане турлері. Банктегі аудит пәнінің құралымы, мәні және мақсаттары. 1[:]
«Банктегі аудит» пәнінің мақсаты - банктегі қызмет бойынша қаржылық жағдайын тексеру. Халықаралық стандартқа көшумен байланысты банк жүйесінде қолданылатын жаңа есеп шоттар жоспары кеңінен оқытылады. Ұлттық банк және екінші деңгейдегі банктерде жүргізілетін барлық операциялардың есебі мен жүргізілу тәртібі, оларды аудиторлық тексерудің тиімділігі қарастырылып, аудиттің қазіргі нарықтық жағдайда алатын орнына басты назар аударылады.
Курстың мәні мен мазмұныны банктік аудитке теориялық берілген анықтамаларына сипаттама беріп, аудиторлық қорытынды жасауды анықтауАудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттарының бөлімдерімен таныстыру. Аудитордың жұмыс стандарттарын анықтайтын шартты көрсету. Аудитор мен клиенттің арақатынасын белгілейтін негізгі құжаттармен таныстыру. Аудит стандарттары бұл аудитті өткізудің негізгі ережесі және бірыңғай базалық талап екенін көрсету. «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет» туралы қабылданған Заң туралы және оның міндеттерімен талдау. Аудитордың негізгі қағидаларына сипаттама және аудиттің объектілері мен таныстыру. Аудиторлық қортынды жасауға негіз болатын аудиторлардың пікірлерін тұжырымдау процесінде пайдалануға болатын ақпараттар, аудиторлық дәлелдеулер жасаумен таныстыру. Турлері: Депозиттік және несиелік операциялар аудиті; Меншікті капитал аудиті; Табыстар мен шығыстар аудиті;
Депозиттік және несиелік операциялар аудиті. 2 [:]
Депозиттік операцияларды тексеру үшін аудиторлар банктен келесі құжаттарды талап етеді:
Депозиттік операцияларды жүргізу бойынша нұсқаулар, ережелер және т.б.нормативтік актілердің барын.
Заңды және жеке тұлғалардың салымдарының қабылдау жөніндегі ережелер.
Тексерілетін есептік мерзімге банктің балансы.
Ай сайын толтырылартын айналым тізімдемелері.
Тексерілетін уақытқа салымшының шоттары бойынша қалдықтары жөніндегі тізімдемесі.
Банктің басқару аппаратының мәжілістерінің протоколдары .
Салымдар мен депозиттер жөнінде келісімшарттар.
Депозиттер бойынша есеп регистрлері.
Заңды және жеке тұлғаның депозиттері бойынша пайызды есептеу тізімдемелері.
Депозиттік келісімшарттарды тіркеу кітапшалары.
Депозиттік шоттарды ашу туралы тіркеу кітапшалары.
Заңды тұлғалар бойынша, депозиттік операциялар бойынша тексеру кезінде келесі процедуралар жүргізіледі:
Депозиттік келісімшарттың дұрыс және толық жасалуы.
Келісімшарттардың арнайы банктік кітапшаларды уақытылы тіркеу.
Заңды тұлғалардың салықтық комитеттерде тіркеу.
Есептік ағымдағы шоттардың келісімшарт негізінде банктің аударым операцияларын уақытылы жүргізілуі.
Депозиттік операциялардың жүргізілуі нормативтік актілерге сәйкестігін анықтау.
Банктің баланстық шоттарда депозиттің уақытына сәйкес дұрыс көрсетілуін анықтау.
Депозиттік операциялардың аналитикалық есебі синтетикалық есепке сәйкестігін анықтау.
Банктің депозиттік операциялар бойынша тәуекелділігін, төлем қабілетін анықтау.
Депозиттік операциялар бойынша аудиторлық құжаттарды, тестілерді, кестелерді дер кезінде жүргіэу және аудиторлық қорытындыға дұрыс енгізу.
Депозиттік операцияларды тексеру барысында аудиторлар әртүрлі процедуралар және кестелер қолданылады.
Депозиттер бойынша пайызды есептеуді тексеру барысында аудиторлар банктің есеп саясатында зерттеледі. Себебі есеп саясатын пайызды есептеу тәсілдері көрсетілуі қажет. Содан кейін аудиторлар пайыздық сомалардың уақытылы есептелуін, пайыздық мөлшерлердің дұрыстығын , банктің ішкі бақылау жүйесін , бухгалтерлік есепте пайыздың уақытылы есептелуі мен шоттарды көрсетілуін және де толық уақытылы төленуін немесе шоттарға аударылуын анықтайды. Тексеру нәтижесінде аудиторлық анықтама немесе қорытынды жасалады.
Меншікті капитал аудиті. 3[:]
Меншікті капитал аудитінің негізгі міндеттері:
Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен өзгеруінің дұрыстығын тексеру.
Резервтік капиталдың қалыптасуы бойынша ережелер, нұсқаулар , пайыздық мөлшерлемені тексеру.
Ішкі банктік қорлардың қалыптасуы бойынша нормативтік актілердің дұрыс қолданылуын талдау.
Негізгі және қосымша капиталдың қорлануын, пайдасын тексеру.
Жарғылық капиталдың аудитін жүргізу кезінде аудиторлар банктің жарғысын , құрылу құжаттарын, келісімшарттарды үлес қосушылар мен келісімшарттар , акциялар тізімін банктік іс-әрекеттер бойынша лицензияға акциялар шығару бойынша тиісті құжаттар, келісімшарттар, регистрлер, банк көшірмелері, ішкі банктік нормативтіактілер және т.б.құжаттар тексеріледі. Банктің жарғысын зерттеу барысында құрылтайшылардың тізімі, үлесі , тіркелу мерзімі, шешімдер зерттелуі тиіс. Егер АҚ болса , оның түрі, категориясы, акцияларының жалпы саны, құны, акциялар тізімі және де құрылтайшылардың келісімшарттардың мәліметтері салынады. Егер де жарғылық капиталға өзгерістер енгізілетін болса, онда өзгерістер акциялармен, банктің қаржынының түрлері бойынша тексеру процедуралары өткізілуі тиіс. Егер несиелік мекемеде шетелдік инвесторлар болатын болса, аудиторлар шетелдік инвесторларбойынша тиісті құжаттарды талап етеді. Оның ішінде ҰБ-ң келісімі, келісімшарттар, үлес қосушының тізімі, пайыздық мөлшерлемесі анықталады. Жалпы банктің жарғылық капиталын тексеру барысында оның толық өтілген мерзімі анықталады. Ол үшін тіркелу куәлігі, баланстық шоттар бойынша көшірмелер тексеріледі. Содан кейін жарғылық капиталдың құрылуы бойынша активтердің түрі анықталады.
Табыстар мен шығыстар аудиті. 4[:]
Аудиторлық тексерудің негізгі мақсаты банктегі қызметі бойынша қаржылық нәтижені тексеру, оның ішінде шығыстардың дұрыс анықталуы және толық көрсетілуі. Қаржылық нәтиженің дұрыстығын табыстың дұрыс пайдалануын тексеру үшін келесі объектілерді зерттеу:
Табыстар мен шығыстар бойынша пайыздық мөлшерлемені есептеу және бухгалтерлік есепте толық көрсету.
Банктік комиссиялық сыйақының есептелуі мен бухгалтерлік есепте толық көрсетілуі.
Банктің табыстар мен шығыстардың қалыптасуын тиісті шоттарда көрсетілуі.
Алдағы кезеңдегі табыстар мен шығыстардың қозғалысын шоттарда дұрыс көрсету.
Табыс пен шығыс шоттарының жабылуын және есеп жылындағы таза табыс немесе зиян көлемін дұрыс анықтау.
Банктегі басқадай іс-әрекеттерден болатын табыстар мен шығыстарды анықтау
Банктің саясаты бойынша таза табыс көлемін пайдалану және үйлестіру тәртібін зерттеу.
Шоттардағы көрсетілген шығыстар көлемін зерттеу және таза табыс көлеміне әсерін анықтау.
Банктегі табыстар көлемін тексеру шоттардағы қалдықтар мен қозғалысынан босатылады. Ол үшін шоттар бойынша көшірмелер, баланстағы көрсетілген сомалар, табыстар мен шығыстар есептемесі және де басқа да табыстар көлемін анықтайтын бастапқы құжаттарды талап ету қажет.
Баланстық шоттар табыс және алдағы кезең табыстарын тексеру барысында банктің саясаты және есеп саясатындағы табыстар тізімдемесін зерттеу қажет. Оның ішінде табыстардың келіп түсу тәртібі мен мерзімін анықтайды.
Аудиторлық қорытынды. Барлық қажетті аудиторлық процедуралар жүргізіліп болғаннан кейін аудитор аудит бағдарламасының барлық пунктердің орындалу сапасы мен толықтығын, сонымен бірге қателіктерде анықтап, жөнделгенін тексереді. Аудиторлық тексерудің аяғында аудиторлық топтың жетекшісі барлық жұмыс құжаттарын тағы бір рет зерттеп шығарады. «ҚР-ң аудиторлық қызметі туралы» заңына сәйкес және 700-ші,710-ші,800-ші халықаралық аудит стандарттарына сәйкес аудиторлық қорытынды жасалады. Қорытынды келесі түрлерге бөлінеді:Ескертусіз;Ескерулер бар;Аудиторлық қорытынды беруден бас тарту;Теріс аудиторлық қорытынды.Аудиторлық қорытындының элементтері:Аталуы;Адрес иесі;Кіріспе;
Аудиттің масштабын анықтаушы бөлімі; Қорытынды;Есеп беру мерзімі;Аудиторлық ұйымының мекен-жайы;Аудиторлардың қолтаңбасы;Мөртаңба.