Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы на ГОС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
154.16 Кб
Скачать

38 Сурак Банктік карточкалар: олардың классификациясы.

Банктік карточкаларды қолдану бойынша қатынастың негізгі субъектілері: эмитент - бұл банктік карточканы шығарған және ұстаушыға берген несиелік ұйым; карточка ұстаушы – оны қолданушы жеке тұлға; сауда ұйымы – заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер; эквайрер – банктік карточканы қолданып жүргізілген операция бойынша сауда ұйымдарымен есеп айырысатын және ұстаушыға қолма-қол ақша қаржыларын беретін несиелік ұйым б.т.; төлем ұйымы – төлем жүйесі шегінде банктік карточкалармен операция бойынша ережелерді бекітетін заңды тұлға б.т.; есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті – төлем ұйымымен жасалған келісім негізінде эмитент пен эквайрерлер арасындағы өзара есеп айырысуды жүргізетін несиелік ұйым.

Банктік карточканы алу үшін клиент бекітілген нысанындағы өтінішті ұсынады және банк онымен келісім жасайды. Банктік карточкалар негізгі екі операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді: тауарларды (қызметті) төлеу және банкоматтар-арнайы автоматтық құрылғылар немесе ҚАА – қолма-қол ақша қаржыларын алу. Банктік карточкалар екі негізгі типте болады: кредиттік және дебеттік.

39 сурак КР акша толемдер мен аударымдарды жургизу адистери. Заңның және Ереженің нормаларына сәйкес валюталық операциялар бойынша жеке тұлғалардың ақша төлемдері мен аударымдарын өткізудің мынадай тәртібі белгіленді.

1. Кіріс/шығыс төлемдерін (ақша аударымдарын) Қазақстан Республикасының уәкілетті банкі арқылы жүргізген кезде жеке тұлға – резидент және резидент емес ақша жіберуші/алушы жеке тұлғаны және төлем мақсатын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін құжаттарды ұсынады:

жеке басын куәландыратын құжат;

салық төлеушіге тіркеу нөмірін беру туралы куәлік, не салық органының осы тұлғаның Қазақстан Республикасының салық органында тіркеу есебінде тұрмағаны туралы құжаты, егер осы құжат бұрын уәкілетті банкке ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;

белгіленген жағдайларды қоспағанда, валюта шарты (қараңыз. төменде 3-5-тармақ);

жеке тұлғалар-резиденттер үшін - тіркеу куәлігі, жеке тұлғаның операцияларына Заңға сәйкес валюталық реттеу режимінің қолданылуына сәйкес хабарлама туралы куәлік;

жеке тұлғалар-резиденттер үшін - Заңға сәйкес мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тіркелген, жеке кәсіпкердің экспорттық (импорттық) операциялары бойынша төлемдер үшін мәміле паспорты.

Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат берілуі мүмкін. Осы құжат мындай жеке тұлғаларға олардың Қазақстан Республикасының резиденті ретіндегі мәртебесін айқындау үшін беріледі.

Валюта шарты ретінде жеке тұлғаның заңды және жеке тұлғалармен жасалған шарттары, шот-фактуралар, инвойстар, салық, лицензиялық төлемдер, айыппұлдар, алименттер төлеу квитанциялары және т.б. берілуі мүмкін. Жария шарттар үшін валюта шарты ретінде анықталмаған тұлғаға оферт ұсынуға жол беріледі (баспа және электрондық басылымдарға жазылу, ақпараттық жүйелерге рұқсат алу және басқа тауарлар мен қызметтерге жария оферттер). Валюта шарты ретінде құжат қабылдау үшін онда бенефициардың төлемдерді, сомаларды жүзеге асырылатын төлемдердің мақсатын сәйкестендіретін деректемелердің болуы міндетті талап болып табылады. 2. Жүзеге асырылған аударым сомасына қарамастан валюта шартын беру оған қатысты тіркеу, хабарлама, мәміле паспортын (резиденттер жүзеге асыратын аударымдар) ресімдеу талаптары белгіленген валюталық операциялар бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы үшін міндетті.