
- •1 Сурак. Ақшаның қажеттілігі, маңызы және қызметтері.
- •2 Сурак Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері.
- •5 Сурак Инфляция оның себептері және салдары.
- •7 Сурак Банктік несиелік ресурстарының түсінігі және оның құралу көздері.
- •8 Сурак Қазақстан Республикасы несие жүйесінің түсінігі мен құрылымы.
- •9 Сурак кр Ұлттық банкі,оның құқықтық
- •10 Сурак Улттық банктің ақша-несие
- •12 Сурак Қазақстандағы депозит нарығының дамуы.
- •15 СуракКоммерциялық банктердің ұйымдастыру құрылымы.
- •17 Сурак банктін несие алушылар мен несиелік карым катнастарын үйымдастыру Коммерциялық банктің несие саясаты.
- •18 Сурак Комерциялык банктердін несиелдік портфельінін жіктелуі .Несиенің түрлері мен формалары.
- •21 Сурак банктін несие алушысынын несиенң кайтару кабелеті Несиенің қажеттілігі, маңызы, қызметтері.
- •24 Сурак Кепіл және оын турлері Кепілдік және оның түрлері.
- •25 Сурак Цессия, оның құқықтық құрылымы мен түрлері.
- •26 Сурак Кепіл беру және банк несиенін кайтарылымын камтамассыз етудегі кепіл-хатБанктік кепілдік.
- •30 Сурак Коммерциялық банктің несие саясаты.
- •32 Сурак к- дагы тутынушылык несиелендіру Тұтыну несиесі және оның түрлері.
- •35 Сурак Банктің факторинг операциялары:
- •36 Сурак Банктің траст операциялары:
- •38 Сурак Банктік карточкалар: олардың классификациясы.
- •40 Сурак қр екінші деңгейлі банктердің бух.Есебінің жалпы
- •41 Сурак Банктік баланстын шоттар жоспарынын сипаттамасыБанктік баланс және олардың құрылу принциптері.
- •42 Сурак Банктегі құжаттама құжат айналымы және бақылау.
- •45 Сурак Толемді талап ету – тапсырма бойынша есептеу, кужат айналымы, есебі, бакылау. Төлемді талап ету – тапсырма бойынша есептесу, құжат айналымы, есебі және бақылау.
- •47 Сурак Банктің кассалық операцияларын есептеу және оны ұйымдастыру тәртібі.
- •48 Сурак Банктін карыздык операцяларынын есебі жане бакылау. Банктен қарызалушының мақсаттары мен міндеттеріне талдау.
- •54Сурак Инвистиция үгымы және инвистициялық қызмет. Инвестицияның түсінігі, объектілері мен түрлері.
- •55Сурак.Инвистициялык кызметтікаржыландыру коздері. Инвестициялық қызметінің қаржыландыру көздері.
- •56 Сурак Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат пен инвестициялық климат.
- •58 Сурак Инвистициялаудын лизингтик тасил
- •62 Сурак Банктік маркетингтегі тамазмұны.
- •63 Сурак Банктің микроортасы мен оның құрылымы.
- •64 Сурак Банк нарығының бөлшек сауданың сегментациясы және оның белгілері.
- •66 Сурак Банктің макроортасы мен оның құрамдас бөліктері.
- •67 Сурак Жарнама және оның банктік маркетингтегі стратегиялық орны.
- •69 Сурак camel банктік қызметінің рейтингтік жүйенің бағалануы.
- •71 Сурак Банктегі басқарудың қажеттілігі және тиімсіз бақылау Банктің басқарудағы қателер.
- •73 Сурак Валюталық багам. Валюталық багамын қалыптасуына әсер етуші факторлар.
- •83Сурак Бағалы қағаздар нарығы, оның түрлері және қызметтері.
- •84 Сурак Андеррайтинг және оның әдістері.
- •88 Сурак Корпоративтік бағалы қағаздар. Қазақстан Республикасындағы корпоративтік бағалы қағаздар нарығының жағдайы мен дамуы.
- •90 Сурак Депозитарлық кепіл-хат
- •93 Сурак Қазақстан Қор Биржасы (ққб), оның құрылымы және қатысушылары.
- •95 Сурак Қазақстан Республикасының салық жүйесі, оның элементтері.
- •103 Сурак Заңды және жеке тұлғалардың көлігіне салынатын салық.
- •104 Сурақ. Қр дағы арнайы салықтық режимдер.
- •113 Сурақ. Мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастырушы көзқайнарлар:
- •118 Сурак. Казирги кездеги кр экономикалык саясаты
30 Сурак Коммерциялық банктің несие саясаты.
Кез-келген банктің нарықтық жағдайдағы ұзақ келешегінің тұрақтылық пен тіршілік қабілеті көбіне оның несие саясатына байланысты.Банктің несие саясатының мәні ресурстарды шоғырландыру мен қарыз алушыға несие берудегі оның стратегиялық және тактикалық көзқарас болып табылады. Кез-келген банктің несие саясатының мазмұнын анық және жеткілікті сипаттауға өте маңызды мән беріледі. Бұл жағдай әсіресе, банкаралық бәсекелестік күшейген кездегі нарықтық жағдайды енгізу мен тереңдетудің кезеңінде ерекше көкейтесті. Қалыптастырылатын банктің несие саясатында несие берудің барлық негізгі рәсімдерінің мазмұны мен осы рәсімдермен байланысты банк қызметкерлерінің міндеттері ашылуы керек. Несие саясатының қатаң сақталуының ережелері банкке банк қызметінде алға қойылған мақсаттарға жетуге септігін тигізетін осындай несие қоржынын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл мақсаттар банктің табыстылығын қамтамасыз етуге, тәуекелдікті басқаруды бақылауға, инвестициялар мен банктік қызмет саласындағы әрекет етуші заңдарды сақтауға бағытталған.. Банктің несие саясаты меморандумының шамамен құрылымы мынадай:
Жалпы ережелер
Банктің несие саясатының мақсаттары мен міндеттері;
Несие саясатын жүзеге асыру механизмдері;
Несие саясатындағы өзгертулер.
Несие саясатының ұстанымдары мен басымдылықтары
Несие саясатының негізгі ұстанымдары;
Несие саясатының басымдылықтары;
Несие саясатының жағрафиялық басымдылықтары;
Сыртқы несие ресурстарын тарту мен қолдану;
Ішкі несие ресурстарын бөлу;
Банк клиенттерін таңдау.
Несие саясатының өлшемдері
Қарыз алушының біріне берілетін несие мөлшері мен несиелердің шоғырлануы бойынша шектеулер;
Хабарланған капитал мен резервтер сомасына қатынас жөніндегі несие қоржынына шектеулер;
Қарыз алушы-банктердің («шк» банктік несиелер бойынша) қаржылық жағдайына қойылатын ең аз талаптар;
Қарыз алушы-кәсіпорындардың қаржылық жағдайына қойылатын ең аз талаптар;
Несие бағасын анықтау.
Несие шешімдерін қабылдау
Несие ұсыныстарын бағалау рәсімдері;
Несие өкілеттігі;
Несие құжаттануларын дайындау;
Несиені қамтамасыз ету.
Несиелерді басқару
Жобаны жүзеге асыруды бақылау;
Несиелерді жіктеу және несие қоржынын талдау;
Даулы несиелермен жұмыс;
Тексерулер (провизия);
Ішкі аудит.
Несие саясаты негізгі ережелер мен несие берудің шарттарын, сондай-ақ несие беру мүмкіндіктері туралы материалдарды дайындау барысында банк жұмыскерлері басшылыққа алуы тиіс стандарттар мен өлшемдерді анықтайды.
Банктің несие саясатын жүзеге асыруды талдауды жүйелі жүргізу, оның ішінде несие қоржынының құрылымдарын талдау және берілген несиелерді жіктеу, оларды мақсатты қолдану, өз уақытында қайтару мүмкіндіктерінің әлеуеті, даулы несиелердің мониторингі және т.б. тәжірибеге алынуда.
31 сурак Ипотекалык несиелеу, онын Казакстандагы дамуы. 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның дамуында басты бағыттарының біріне айналуда. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылғы 23 ақпандағы Парламенттегі «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында: «Нарықтық жағдайда әлеуметтік саланы дамыту үшін тұрғын үй сатып алу мәселесі мен жылжымайтын мүлік нарығының дамуы өте маңызды... Тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың екі жылында ғана тұрғын үйдің 11 миллион шаршы метрі енгізілді...Бағдарлама 30 пайызға озып, алда жүруде. Біз осы Бағдарламаны жасап, тұрғын үйді кімнің алатынын анықтадық». Бағдарламада қолжетімді тұрғын үй мен жылжымайтын мүлік нарығы дамуының саласындағы саясаттың тізбектілігіне ерекше назар аударылды. Әрине бұл мәселелер Қазақстандағы тұрғын үйді ипотекалық несиелеудің қазіргі жағдайына байланысты туындап отырғаны анық.[ 1 ] Халықтың барлығына қолжетімді тұрғын үй құрылысының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның құнын арзатпайынша, тұрғын несиесі мерзімінің ұзартылмайынша және несиелеу мөлшерлемесі төмендемейінше мүмкін емес. Мұндай мақсатқа тек тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесін дамытып, жетілдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ипотекалық несие – бұл тұрғын үй құрылысына инвестиция тартудың ең тиімді тәсілі. Ипотекалық несиенің халықтың тұрғын үй жағдайының жақсаруына, банктердің тиімді және пайдалы жұмыс жасауына, сондай–ақ еліміздегі құрылыс кешенінің қарқынды дамуына мүмкіндік жасайтынын әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді. Жылжымайтын мүлік бағасының шамадан тыс өсуіне, тұрғын үй құрылысына инвестиция жұмсау деңгейінің төмендігі жағдайына байланысты орташа табысы бар әлуетті қарыз алушы ипотекалық несие алу мүмкіндігінен айырылып қалуда. Мұндай мәселелерді шешуде Қазақстан жұмыс жасап отырған қазіргі тұрғын үй ипотекалық жүйесін дамыту мен жетілдірудің маңыздылығы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан арта түседі. Қазақстан Республикасының экономикасындағы ипотекалық несиелендірудің тиімді пайдалануы барысындағы жоғарыда аталған мәселелердің бүгінгі күнге дейін жете зерттелмей келуі, әлемдік дәрежедегі ипотекалық дағдарыс, бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды. Тұрғын үй ипотекалық несиелеу жүйесі мәселелерін теориялық тұрғыдан оқып–білу, оның Қазақстандағы 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй Мемлекеттік бағдарламасын дамытуға байланысты талаптарына қаншалықты жауап беретіні туралы өзекті мәселелер, өз кезегінде дипломдық жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтап отыр. Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы экономикасындағы ипотекалық несиелеудің мәселелері мен даму перспективасына баға беру. Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді: Тұрғын үйді ипотекалық несиелеуге· байланысты экономист ғалымдардың көзқарастарын зерттеу және талдау; · Тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің құрылымдық элементтерін жүйелі түрде теориялық жағынан қарастыру; Шетел тәжірибесіндегі· тұрғын үйді ипотекалық несиелеу үлгілерін оқып–үйреніп, олардың тиімді жақтарын отандық тәжірибеде пайдалануға ұсыну; Тұрғын үй ипотекалық· несиелендіру жүйесінің жүзеге асырылуына дейінгі ҚР тұрғын үй ахуалы; · Ипотекалық несиелеу нарығының қазіргі жағдайы мен дамуын бағалау; · ҚР–ғы екінші деңгейлі банктердің және ипотекалық компаниялардың тұрғын үйді ипотекалық несиелеу тәжірибесіне талдау жүргізу және ондағы мәселелерді айқындау; Қазақстандағы 2005-2007 жылдарға арналған· тұрғын үй Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыруына баға беру; · Тұрғын үйді ипотекалық несиелеуді жетілдіру жолында қаржыландыру көздерін және қаржы құралдарын қолдануға байланысты ұсыныстар жасау. Зерттеу нысаны – Қазақстандағы тұрғын үйді несиелендіру жүйесі. Зерттеу пәніне Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасымен байланысты ипотекалық несиелеу талдаулары жатады. Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістелемік негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің тұрғын үйді ипотекалық несиелендірудегі орын алатын мәселелері туралы және оның тиімді қызмет етуінің әлеуметтік–экономикалық дамудағы рөлін сипаттайтын зерттеу жұмыстары пайдаланылды. Статистикалық және ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігі, екінші деңгейлі банктер мен Қазақстан Ипотекалық компаниясы АҚ–ның нормативтік құжаттары, ғылыми–тәжірибелік конференция материалдары, сондай–ақ ипотекалық несиелендірудің дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды. Құқықтық негізде ҚР Президентінің заңдар мен заң күші бар жарлықтары және әр түрлі әдістемелік нұсқаулар жатады. Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Берілген жұмыстың теориялық маңыздылығы Қазақстандағы ипотекалық несиелендіру жүйесінің қалыптасу мен даму процессі толықтай қарастырылды. Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы жұмысты орындау кезіндегі алынған білім өте бағалы, келешекте кәсіби қызмет атқаруда пайдасы тиері анық Осылайша, жоғарыда айтылғандарды және ипотекалық нарық дамуының тенденцияларын ескере отырып, мемлекетіміздің тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуде ипотекалық несиелендірудің маңызы күннен күнге өсіп жатқандығын белгілей аламыз.