
1билет
1.Қазақ отбасы
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тындайды.
Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.
Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.
Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.
2.Қазақстан – менің Отаным
-Сенің отаның қандай мемлекет?
-Менің отаным – Қазақстан.
-Ол немен бай?
-Ол кенге бай. Мұнда көмір, қорғасын, мырыш, алтын, мыс бар.
-Табиғаты қандай?
-Табиғаты бай. Биік таулар, жазықтар, көлдер, өзендер, ормандар бар. Бұл өңірде табиғаты бай орындар. Қарқаралы мен Баянауыл
жерлердің жануарлары мен өсімдіктері қорғауға алынған.
3.Берілген жай сөйлемдердің түрлерін айтылуына қарай анықтаңыз.
Жұмысты қысқа менрзім ішінде орындаймыз.Кәсіпкерлік жылдам дамыды. Жұмыс жүріп жатыр. Жұмыс бүгін қарқынды жүріп жатыр.Күн шықты.
билет
1.Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Қостанай облысының Құсмұрын бекінісінде өмірге келген. Оның алғашқы аты – Мұхаммедханафия. Ол ауыл мектебінен Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей географиясы мен тарихы, батыс философиясы, физика негіздері, шетел тілдері оқытылған. Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше деп қойды. Ол Үйсін Қанлы, Қыпшақ, Керей, Найман руларын жан-жақты зерттеді. Оның бірінші еңбегі – «Алты шаһардың жайы туралы» шығармасы. Шоқан 1865 жыдың сәуір айында қайтыс болады.
2.Менің бос уақытым
-Сенде бос уақытың бар ма?
-Иә, бар. Бірақ ол, көбінесе, демалыс күндеріне келеді.
-Сен бос уақытыңда немен шұғылданасың?
-Мен достармен кездесемін, кинотеатрға барамын, ата-анама үй шаруасына көмектесемін, кітап оқимын.
-Ал сен бос уақытың бар ма?
-Иә, мен жексенбі күні кешірек тұрамын. Қыста мен саябаққа шаңғы тебуге кетемін. Жазда өзенге барып тұрамын.
3 .Сөйлемге синтаксистік талдау жасап, құрамына қарай түрін анықтаңыз.
Жаз келді.Ағаш жапырақтар сарғая бастады. Далада астық пісіп тұр.Кеше кешке Республика алаңында әрі жиналыс болды, әрі үлкен мерекелік концерт болды.
3 Билет
1.Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар
Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптардың бірі – «Құтадғу білік». Бұл кітапты 1069 жылы ірі ғұлама Жүсіп Баласағұн жазып, сол кезде Қашқария мен Жетісуды билеген Боғра ханға сыйлаған.
Боғра ханға берілген үшінші нұсқасы ұйғыр алфавитімен жазылған. «Осыған қарағанда, - дейді атақты түрколог профессор С.Е. Малов, - кітап әуелде араб жазуымен жазылған болуға тиісті».
Бұдан кейінгі кітап – « Дуани лұғат-ат-түрік» 1072-1074 жылдары араб алфавитімен жазылған. Оның авторы – ұлы ғалым Махмұд Қашқари. Ал араб алфавиті Қазақстанда ХХ ғасырдың басына дейін, яғни 900 жыл бойы қолданылады.
2.Менің сүйікті кітабым
-Сенің сүйікті кітабың қандай?
-Менің сүйікті кітабым – «Унесённые ветром».
-Ол қандай жанрлі кітап?
-Ол - роман.
-Кітапта қандай кейіпкерлер бар?
-Кітаптың басты кейіпкерлері: Скарлетт О'Хара, Ретт Батлер, Эшли Уилкс, Мелани Уилкс.
-Бұл кітапты кім жазды?
-Бұл кітапты Маргарет Митчел жазды.
-Ол қай жылы жазды?
-Ол 1936 жылы жазды.
-Бұл кітап не туралы?
-Бұл кітап Скарлеттің өмірі туралы.
-Саған кітап несімен ұнайды?
-Маған Скарлеттің өмірінің қызықты жағдайларымен ұнайды.
3. Сөйлемдердің құрамына қарай түрлерін анықтаңыз.
Атасы немересін өте жақсы көреді. Таң.Үйлер де жарық, көшелер де жарық.Аспанда бұл болмаса да,жаңбыр жауып тұр. Абай – ақын, аудармашы әрі сазгер.
4 Билет
1.ҚР –ның мемлекеттік рәміздерді
Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі 1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті. Оның себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінбейді. Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшілігін көрсетеді.
Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы өзгертілді. Әнұранның сөзін Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазған. Әнұранның әнін Шәмші Қалдаяқов жазған.
2.Тәрбие отбасынан басталады
-Сенің отбасың үлкен ба?
-Иә.
-Сенің отбасыңда сыйлыстық бар ма?
-Иә, менің отбасымда сыйлыстық бар.
-Сенің ойынша, ең алдымен кімді сыйлау керек?
-Менің отбасымда үлкенді сыйлау керек.
-Қиын істі шешу үшін кіммен ақылдасасың?
-Мен ағаммен немесе анаммен ақылдасамын
-Әр баланың парызы неде деп ойлайсың?
-Үлкенді сыйлау, білім алу керек, ата-аналарға көмектесу керек.
3.Тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызыңыз.
Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық. Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды. Тілшілерді сыныбымызға кездесуге шақырайық.Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді.
5 Билет
1.Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер – шілдехана, бесікке салу, қырқыан шығару, тұсау кесу, тілашар. Ұйлену тойына байланысты көп салт-дәстүрлер бар. Олар – құда түсу, ұрын келу, қыз ұзату, беташыр.
Дана халықтың өзі осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.
2.Қазақстан туы
-Мемлекеттік туымыздың түсі қандай?
-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының түсі – көгілдір.
-Тудың ортасында не орналасқан?
-Күн.
-Күннің астында не бар?
-Күннің астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген.
-Туда тағы қандай белгілер бар?
-Тудың сол жағында ұлттық ою-өрнек бейнеленген.
-Тудағы бейнелердің түсі қандай?
-Күн шұғылалы, қыран мен өрнек алтын түсті.
-Тудың өлшемі қандай?
-Ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр.
-Тудың авторы кім?
-Шәкен Ниязбеков.
-Мемлекеттіқ туымыз қашан қабылданды?
-1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
-Саған тудың осы түсі ұнай ма?
-Иә, ұнайды.
3.Кезектес салалас құрмалас сөйлемді аяқтаңыз.
Оқу залында кейде кино болады, ……….. Автобус бірде тез жүреді, ………….. Теледидардан соңғы хабарды біресе орыс тілінде,…………. Мектепке оқушылар кейде кітап әкеледі, ……………….