
- •Демесінов талғат жұмабекұлы Қаржылық – экономикалық құбылыстарды кешенді түрде талдаудың негіздері және тәжірибесі
- •2009 Жылдың 22-маусымы, № 11 хаттама.
- •Мазмұны:
- •1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні, әдістері және мақсаты
- •1.2 Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың қазіргі замандағы теориялық бағыттары
- •Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың әлемдік тәжірибесі
- •1. Купондық әдіс.
- •2. Дисконттық әдіс.
- •3. Аралас әдіс.
- •Актив пассив
- •IV. Талдау барысында қолданылатын статистиалық әдістерінің түрлеріне байланысты:
- •V .Талдау барысындағы статистикалық әдістерге байланысты:
- •VI .Зерттеу объектілеріне байланысты:
- •Тұрғындардың,яғни жеке адамдардың салымдарын(депозиттерін) тарту нормативі (н11):
- •Банк міндеттемелерін пайдаланудың тиімділігі келесі формула арқылы анықталады:
- •Банктің алған міндеттемелерінің тәуекел мөлшерін анықтайтын көрсеткіш:
- •Қайта қаржыландыру коэффициенті
- •1.Проценттік күндер
- •4.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрастырылу көздерінің динамикасын талдау
- •4.2 Кәсіпорынның төлем және несиеге қабілеттілігін талдау
- •4.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі проблемалар
- •5.1 Шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары
- •5.2 Кәсіпорындар жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі нарықтың ролі
- •5.3 Инвестициялық жобаның негізінде қаржылық тұрақтылықты арттыру тәсілі
- •6.1 Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіп саласы дамуының негізгі тенденциялары
- •6.2 Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіп секторының қазіргі жағдайын талдау
- •6.3 Өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржылық - шаруашылық қызметін салыстырмалы түрде бағалау
- •6.4 «Үлбі металлургиялық зауыты» ақ-ның 2005 – 2009 жылдардағы қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін талдау
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
Тұрғындардың,яғни жеке адамдардың салымдарын(депозиттерін) тарту нормативі (н11):
Н11=∑ТС (тұрғындардың салым суммасы) ⁄ ∑МК(меншікті капитал);
Бұл норманың ең жоғарғы мөлшері 1-ден немесе 100%-тен аспауы керек.Бұл көрсеткіш банктің меншікті капиталының қажет жағдайда тұрғындардың салымдарын қайтарып беруге жеткіліктілігін көрсетеді.
Банк міндеттемелерінің жалпы сомасын талдаған кезде, сырттан тартылған қаражаттар мен қарыз қаражаттарының әр тобының үлес салмағын анықтау қажет және банктің міндеттемелерінің баланс қорытындысындағы үлесін анықтау қажет;
dбм=∑ БМ(банк міндеттемелері)/ ∑БҚ (баланс қорытындысы)*100%;
Банк міндеттемелерін пайдаланудың тиімділігі келесі формула арқылы анықталады:
Тбмп=∑ Міндеттемелер / ∑ ББН (барлық берілген несие);
Бұл көрсеткіш банктің несие түрінде берген қаражаттардың әрбір теңгесіне келетін сырттан тартылған қарыздар мен міндеттемелердің мөлшерін анықтайды.Бұл көрсеткіш 1-ден төмен болуы керек.Егер 1-ден жоғары болса, бұл банк сырттан тартылған қаражаттарын тиімсіз пайдаланғандығын көрсетеді.
Банктің алған міндеттемелерінің тәуекел мөлшерін анықтайтын көрсеткіш:
ТМ =∑Міндеттемелері / ∑ТБА (тәуекелі бар активтер);
Бұл көрсеткіш банктің тәуекелді активтердің әрбір теңгесіне келетін міндеттеме мөлшерін көрсетеді.
3.13. 13-дәріс. Сырттан тартылған нетто - қаражаттар мен қарызға алынған нетто - қаражаттарының мөлшері
Банк пассивтерінің құрылымын талдаған кезде олардың сырттан тартылған және қарызға алынған мөлшерін анықтаудың маңызы зор. Банк баптарын брутто, нетто бөліктеріне топтаған кезде келесі тәртіп қолданылады. Ең алдымен, сырттан тартылған және қарызға алынған брутто қаражаттарға мыналар кіреді:
1. Сырттан тартылған депозиттер:
1.1 Ағымдағы, яғни қысқа мерзімді депозиттер. Оларға: заңды және жеке тұлғалардың есеп айырысу шоттарындағы қаражаттар және барлық талап етілгенге дейінгі депозиттер кіреді;
1.2 Заңды және жеке тұлғалардың қысқа, орта және ұзақ мерзімді депозиттері;
1.3 Мемлекеттің және банк клиенттерінің ұзақ мерзімді жұмсалымдары, күрделі қаражаттары және сақталу мерзімі белгісіз квази мерзімді сырттан тартылған қаражаттар.
2. Есеп айырысу үшін арнайы шоттарда резервтелген, клиенттердің сырттан тартылған қаражаттары. Оларға: аккредитив, акцепттелген төлем тапсырмалары мен талаптары, есеп айырысу чектері, инкассолық нұсқамалары, клирингтік тапсырмалар, төлем карточкалары жатады.
3. Арнайы құрылған қорлар мен сырттан тартылған қаражаттар: Оларға: зейнетақы қорларына аударылатын қаражаттар, мемлекеттік, әлеуметтік, медициналық сақтандыру мақсаттарына арналған қаражаттар және т.б. жатады.
4. Кредиторлармен есептесу. Оларға: банктің операциялық қызметі бойынша, күрделі қаражаттар бойынша және шетел валюталарымен жасалатын операциялар бойынша алынған қаражаттар жатады.
5. Есеп айырысу операциялары бойынша сырттан тартылған қаражаттар. Оларға: банктің корреспонденттік және басқа шоттар бойынша тартылған қаражаттары жатады.
Банк міндеттемелерінің сомасын анықтау үшін баланс қорытындысынан оның брутто - меншік қаражаттарының сомасын алып тастаймыз. Сырттан тартылған және қарызға алынған қаражаттар банктің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ресурстардың әлеуеті ғана болып табылады. Яғни, олардың барлығы пайда табу үшін қолданылмайды. Қарыз қаражаттарының брутто бөлігі келесі топтама негізінде анықталады:
1. басқа банктерден алынған несиелері;
2. басқа банктерден уақытша көмек ретінде алынған қаражаттары.
Яғни, банктің сырттан тартылған және қарызға алынған барлық брутто- қаражаттары банктің активтік операциялары үшін толық көлемде пайдаланылмайды. Олардың пайда табу үшін қолданылатын бөлігі сырттан тартылған және қарызға алынған нетто- қаражаттар деп аталады.
3.14. 14-дәріс. Банкаралық несиелердің тиімділігін талдау
Банкаралық несиелер нарығы дегеніміз – несиелік мекеменің уақытша бос ақша қаражаттарын банктердің арасында бір-біріне қарызға беру операциялары жүзеге асырылатын несиелік капитал нарығы.
Банкаралық несиелік операциялардың екі түрі болады:
Активтік несиелік операциялар;
Пассивтік несиелік операциялар.
Соған байланысты банкаралық несиелік операциялар нарығы да екі бөліктен тұрады:
Банкаралық депозиттер нарығы;
Банкаралық несиелер нарығы – бір банктің екінші банкке берген несиесі.
Банктер өзара әр түрлі байламға түседі, яғни олар бір-бірімен бәсекелес, серіктес-корреспондент банктер болуы, тіпті бір-біріне клиент те болуы мүмкін.
Банкаралық несиелер банктің ағымдағы өтімділігін қолдап отыруға, қаражаттың пайдаланылуының тиімділігін қамтамасыз етуге қажет.
Көп жағдайда банкаралық несиелер қысқа мерзімді болып келеді және оларды қайтаруға көп уақыт кетпейді. Көбінде банкаралық несиелер банктердің көрсеткіштік қатынастарының негізінде жүзеге асырылады және басқа ресурстармен салыстырғанда қымбат ресурс болып табылады.
Банкаралық несиелер мерзімі бойынша екі түрге бөлінеді:
Мерзімді;
Мерзімсіз.
Банкаралық несиелердің проценттік мөлшерлемесі Ұлттық Банк тағайындаған қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің негізінде тағайындалады. Кей жағдайда ЕДБ Ұлттық Банктен де несие ала алады. Ол несиелер ЕДБ-ге несиелік аукцион арқылы беріледі.
Несиелік аукциондарға қатысушы банктерге Ұлттық Банк тарапынан қойылатын талаптар:
Банк нарығында кем дегенде бір жылдан артық жұмыс атқаратын банктер;
Ұлттық Банк қоятын барлық пруденциалдық нормативтерін орындап келе жатқан банктер;
ЕДБ-дің Ұлттық Банкке міндетті түрде аударылатын резервтерін уақытында толтырып отыратын банктер;
Банктер тарапынан берілген қаржылық есептерде қателіктің, кемшіліктің болмауы;
ЕДБ-дің Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шотының болуы және сол шотта дебеттік қалдықтың болмауы;
Ұлттық Банктің бұрын берген несиелері бойынша қарыздарының болмауы.
Ұлттық Банк тарапынан банкаралық несиелер нарығында жүзеге асырылатын бірнеше саясат түрлері бар:
Қайта қаржыландыру саясаты (екі жақты қарастырылған);
Рестрикция саясаты (ЕДБ-ден несиені азайту);
3. Экспансия саясаты (ЕДБ берілген несиені көбейту).
Банктердің банкаралық несиелерден тәуелділіктерін талдаған кезде келесі көрсеткіш қолданылады: