
- •Демесінов талғат жұмабекұлы Қаржылық – экономикалық құбылыстарды кешенді түрде талдаудың негіздері және тәжірибесі
- •2009 Жылдың 22-маусымы, № 11 хаттама.
- •Мазмұны:
- •1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні, әдістері және мақсаты
- •1.2 Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың қазіргі замандағы теориялық бағыттары
- •Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың әлемдік тәжірибесі
- •1. Купондық әдіс.
- •2. Дисконттық әдіс.
- •3. Аралас әдіс.
- •Актив пассив
- •IV. Талдау барысында қолданылатын статистиалық әдістерінің түрлеріне байланысты:
- •V .Талдау барысындағы статистикалық әдістерге байланысты:
- •VI .Зерттеу объектілеріне байланысты:
- •Тұрғындардың,яғни жеке адамдардың салымдарын(депозиттерін) тарту нормативі (н11):
- •Банк міндеттемелерін пайдаланудың тиімділігі келесі формула арқылы анықталады:
- •Банктің алған міндеттемелерінің тәуекел мөлшерін анықтайтын көрсеткіш:
- •Қайта қаржыландыру коэффициенті
- •1.Проценттік күндер
- •4.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрастырылу көздерінің динамикасын талдау
- •4.2 Кәсіпорынның төлем және несиеге қабілеттілігін талдау
- •4.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі проблемалар
- •5.1 Шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары
- •5.2 Кәсіпорындар жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі нарықтың ролі
- •5.3 Инвестициялық жобаның негізінде қаржылық тұрақтылықты арттыру тәсілі
- •6.1 Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіп саласы дамуының негізгі тенденциялары
- •6.2 Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіп секторының қазіргі жағдайын талдау
- •6.3 Өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржылық - шаруашылық қызметін салыстырмалы түрде бағалау
- •6.4 «Үлбі металлургиялық зауыты» ақ-ның 2005 – 2009 жылдардағы қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін талдау
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
Актив пассив
АКТИВ МІНДЕТТЕМЕ + МЕНШІКТІ КАПИТАЛ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және басқа да екінші деңгейлі банктердің барлығы Ұлттық Банк тарапынан қабылданған «Банктің типтік шоттар жоспарын» пайдаланады.
3.5. 5-дәріс. Банк балансын талдаудың негізі бағыттары
Коммерциялық банктің балансын экономикалық - қаржылық тұрғыдан талдаудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:
1) банктің пассивтік операцияларының құрылымын талдау;
2) банктің активтік операцияларының құрылымын талдау;
3) банктің активті – пассивті операцияларының құрылымын талдау;
4) банк қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.
Банктің пассивтік операциялары қаражат тарту көздері мен банктік қаржылық қарым- қатынастарының табиғатын сипаттайды.
Пассивтік операциялардың нәтижесінде банктердің ресурстық базасы қалыптасады және сол арқылы банк ресурстарының пайдаланудың негізгі
бағыттары мен мөлшері анықталады.
Банктің пассивтік операцияларының негізгі формаларына мыналар жатады:
1) Өз табыстарын қалыптастыруға және ұлғайтуға бағытталған банк пайдасының бір бөлігін аудару операциялары;
2) Басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
3) Банктің депозиттік операциялары;
4) Банктің бағалы қағаздар шығарып, сату арқылы тартылған қаражаттары.
Банктің пассивтік операцияларын талдаған кезде, ең алдымен, банктің меншікті қаражаттары мен сырттан тартылған қаражаттардың үлес салмақтарын және арақатынастарын анықтау қажет.
Талдаудың екінші кезеңінде банк міндеттемелерінің клиенттер топтары бойынша және орындалу мерзімдері бойынша үлес салмақтары анықталады.
Мұндай талдаудың нәтижесінде банк ресурстарының экономиканың қандай салаларынан және қандай мерзімге тартылғандығын анықтауға болады.Пассивтік операциялардың құрылымын талдау барысында банк пассивтерін басқару жөніндегі негізгі міндеттер анықталады:
1) Банктің міндетті резервтерінен басқа бағыттағы табыс әкелмейтін қаражаттарының болуына және оның ұлғаюына жол бермеу;
2) Клиенттердің алдындағы міндеттемелерді орындауға және әртүрлі активтік операцияларды дамытуға қажетті несиелік ресурстарды табу және олардың мөлшерін ұлғайту;
3) Қаражаттарды арзанға тарту және қымбат бағалы қағаздары орналастыру арқылы банктің қажетті мөлшерде пайдасын қамтамасыз ету.
Банктің активтік операцияларының құрылымын талдау дегеніміз – банк ресурстарын пайдаланудың негізгі бағыттарын талдау. Бұл жағдайда банк ресурстарын кімге, қандай мақсатқа және қанша мерзімге берілгендігі туралы мәселе қойылады. Активтік операцияларды талдау үшін ең алдымен, несиелеу көрсеткіштері, банк балансының өтімділігі және әртүрлі активтік операциялардың тәуекел мөлшері анықталады.
Банк активтерін басқарудың негізгі міндетіне банк балансының өтімділігін сақтай отырып, оның табыстылығының мөлшерін арттыру жатады.
Банктің әртүрлі активтерінің табыстылық мөлшері және оның тәуекел деңгейі әртүрлі болып келеді. Сондықтан активтерді басқару барысында банк оларды келесі белгілері бойынша жіктейді:
Активтердің жұмсалу мерзімі бойынша;
Олардың әкелетін табыстылық мөлшері бойынша;
Тәуекел мөлшері бойынша.
Дүниежүзілік тәжірибеде банктер активтерді басқару процесінде олардың әкелетін табыстылығын және олардан келетін тәуекелдерді алдын-ала болжау, есептеу барысында математикалық модельдеу әдісін қолданады. Ол әдістің негізгілеріне мыналар жатады:
1) бір факторлы немесе көп факторлы корреляция әдісі;
2) регрессия әдісі;
3) статистикалық - математикалық әдіс;
4) дискреттік талдау әдісі;
5) ықтималдықтар теориясы.
Комерциялық банктердің қаржылық нәтижелерін талдау барысында есеп беру кезеңінің табыстылық көрсеткіштері бұрынғы өткен табыстылық көрсеткіштерімен салыстыра отырып, динамикасын анықтауға бағытталады.
Егер банктің негізгі қаржылық көрсеткіштері өсу динамикасын көрсетсе және банктің операциялық табыстарының үлесі ұлғайса, оның активтерінің сапасының өскендігін көрсетеді және жалпы қаржылық жағдайының жақсарғанын көрсетеді.
3.6. 6-дәріс. Банктің қаржылық жағдайын талдаудың кезеңдері(сатылары)
№ |
Операция түрі |
Операцияның мазмұны |
Талдау барысында қолданылатын әдістер |
Алдын-ала дайындық кезеңі |
|||
1 |
1.Әртүрлі құрылымдық топтарға бөлу 2.Бақылау және қадағалау 3.Калькуляция 4.Салыстыру 5.Көрнекі материалдарды дайындау |
А. Баланстың актив, пассивтерін баптар бойынша топтау Ә. Актив, пассивтің әртүрлі баптарының талдаудың әртүрлі бағыттары бойынша сәйкестігін тексеру Б. Бағалаушы және нормативтік көрсеткіштерді есептеу В. Есептелген көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып сипаттау Г. Зерттеліп отырған көрсеткіштің динамикасы мен құрылымын кесте, график, схема түрінде көрсету |
1.Топтау әдісі 2.Экономикалық-статистикалық, салыстырмалы әдістері 3. Абсолютті және салыстырмалы шамалар әдістері немесе коэффициенттер әдісі 4.Салыстыру әдісі, динамикалық қатарларды талдау әдісі, индекстік әдіс 5.Алынған нәтижелерді көрнекі түрде көрсету әдісі |
Аналитикалық кезең (талдау кезеңі) |
|||
2 |
Талдау |
Алынған есептік көрсеткіштерге сипаттама беру |
|
Қорытынды кезең
|
|||
3 |
Эксперттік талдау |
Талдау нәтижесін баяндау, сол арқылы банкке ұсыныстар мен нұсқаулар беру |
|
3.7. 7- дәріс. Банк балансын экономикалық -қаржылық тұрғыдан талдау әдістері
Банктің жағдайын экономикалық қаржылық тұрғыдан талдау әдісі дегеніміз – ақпараттарды өңдеудің математикалық, статистикалық, бухгалтерлік есеп және басқа тәсілдерін қолдана отырып, банктің жағдайын кешенді түрде және бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып зерттеу.
Талдау әдісінің негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады:
Банк қызметін жан-жақты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін қолдану;
Осы көрсеткіштердің өзгеру себептері мен факторларын зерттеу;
Бұл көрсеткіштердің арақатынасын және өзара байланысын анықтау, өлшеу.
Қаржылық талдау әдісін қолданғанда негізгі бухгалтерлік есеп пен бақылау нәтижесінде жинақталған ақпараттар қолданылады. Банктің қызметіне экономикалық - қаржылық тұрғыдан талдау жасау әртүрлі экономикалық құбылыстарды бір-бірімен байланыстыра отырып зерттеуге мүмкіндік береді.
Теріс және оң фактордың ықпалын анықтауға ескі және жаңа мәліметтердің бір-біріне ықпалын, бір-бірімен байланысын, сондай-ақ әртүрлі сандық және сапалық көрсеткіштердің қарым-қатынасын, ықпалын анықтауға мүмкіндік береді.
Банк жағдайын экономикалық-қаржылық тұрғыдан талдау жүйесі келесі негізгі 2 бөліктен тұрады:
Статистикалық банк;
Математикалық модельдер банкі.
Статистикалық банк дәстүрлі түрде бұрыннан қалыптасқан ақпараттарды өндеудің статистикалық әдістерін біріктіреді.
Олардың негізгілері:
Салыстыру;
Топтау;
Талдау нәтижелерін көрнекі түрде көрсету;
Коэффициентер әдісі;
Индекстер әдісі;
Жүйелі талдау әдісі;
Элеменирлеу әдісі;
Қазіргі кезде талдаудың статистикалық әдісінің жетілген әдістері де қолданылады:
Корреляциялық;
Регрессиялық;
Дисперсиялық;
Кластерлік;
Факторлық;
Аналитикалық теңдестіру әдісі;
Трендті анықтау үшін өзгермелі орташа көрсеткіштерді анықтау әдісі;
Болжау әдісі.
Математикалық модельдер банкі дегеніміз – оңтайландыру міндеттерін шешуге арналған модельдер кешені. Бұл модельдер банк қызметінің әртүрлі салаларын қамтиды.
Олардың негізгілері:
тұтынушылар әрекетінің моделі;
бәсекелестің ықтимал әрекетінің моделі;
баға құру жүйесінің моделі;
ұйымдық құрылымды оңтайландыру әдісі т.б.
Математикалық модельдеу банкісі банк басшыларына басқарушылық шешімдерді қабылдауға қажетті стратегия мен тактиканы жасауына өз ықпалын тигізеді.
Топтау әдісі әртүрлі экономикалық құбылыстардың өзара байланысын және өзара тәуелділігін ұсынуға мүмкіндік береді. Яғни жекелеген фактордың ықпалын анықтай отырып, сол фактордың пайда болу заңдылықтарын анықтауға болады.
Топтау әдісінің көмегімен банк қызметінің әр түрлі көрсеткішін белгілі бір қасиеттеріне қарай жіктеп, топтау жүзеге асырылады. Сол топтау арқылы талдап отырған құбылыстар мен процестің мәнін ұғуға мүмкіндік туады.
Активтер 4 –ке бөлінеді:
1 Активті қаражаттар және оған теңдестірілген қаражаттар;
2 Несиелік және оған теңдестірілген активтер;
3 Оқшауланған (иммобилизацияланған) активтер;
4 Квази – активтер.
Пассивтер 4-ке бөлінеді:
1 Брутто – сырттан тартылған қаражаттар;
2 Брутто – меншікті қаражаттар;
3 Брутто – қарыз қаражаттары;
4 Квази – пассивтер.
Салыстыру әдісі банк қызметі туралы нақты мәліметтер алу үшін қолданылады.
Салыстыру әдісінің түрлері
Салыстыру
Бизнес
жоспармен салыстыру
Өткен мерзімдер- мен
салыстыру
Ұлттық банк
тарапынан тағайындала- тын
және ҚҚА тарапынан қабылданатын
нормативтік көрсеткіштер мен салыстыру.
Басқа коммерция лық
банк көрсеткіштерімен салыстыру.
Экономика лық
модельдер мен салыстыру.
Коэффициенттер әдісі баланстың әртүрлі бөлімдері мен топтары, баптарының арасындағы сандық байланыстарды анықтауға бағытталған. Бұл әдістің көмегімен баланстың жекелеген бабының баланстың жалпы сомасындағы үлес салмағын анықтауға болады.
Талдау нәтижесін көрнекі түрде көрсететін әдістер:
1. Табулирлеу әдісі;
2. Графиктік әдіс.
Индекстік әдіс банк статистикасында кеңінен тараған әдіс және банктің іскерлік белсенділігін зерттеуде кеңінен қолданылады.
Жүйелі талдау әдісі – қазіргі заманғы ең тиімді әдіс. Себебі бұл әдістің көмегімен жекелеген көрсеткіштерді дербес талдап қана қоймай, оларды біріктіріп компьютер көмегімен жүйелі түрде, жан-жақты, терең талдауға болады.
Элиминициялау әдісі – жекелеген фактордың банктің қаржы қызметінің жалпылама нәтижесіне ықпал етуін басқа фактордан ажырата отырып зерттеу. Бұл әдісті қолданудың негізгі шарты - әр құбылыстың арасындағы мультипликациялық байланыстың болуы.
Бұл әдістің 2 түрі белгілі:
1. Абсолюттік айырма әдісі;
2. Салыстырмалы айырмалар әдісі.
Банктің қорытынды нәтижесіне жекелеген факторлардың ықпалын анықтау және өлшеу әдісі.
3.8. 8-дәріс. Экономикалық – қаржылық талдаудың түрлері
Коммерциялық банктің қаржылық және экономикалық жағдайын талдау әдістері көп және оларды әртүрлі критерийлері бойынша жүйелерге бөлуге немесе жіктеуге болады.
І. Банк балансын уақыт мерзімдегі жиілігі бойынша келесі түрлері болады:
1. күн сайын талдау;
2. апта сайын талдау;
3. ай сайын талдау;
4. тоқсан сайын талдау;
5. жарты жылдық қорытындысы бойынша талдау;
6. жылдық қорытынды бойынша талдау;
7. ұзақ мерзімді талдау.
ІІ. Қарастырылып отырған мәселе бойынша:
толық талдау;
тақырыптық немесе тематикалық талдау.
Толық – кешенді талдау барысында банк қызметтеріне ықпал ететін сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып талдау жасалады.
Тематикалық талдау кезінде банк қызметтерінің жекелеген бағыттарына терең талдау жасалады.
ІІІ. Талдаудың сипаттамалары мен мақсаттарына байланысты келесі түрлері болады:
Алдын ала талдау;
Бақылау-оперативтік талдау;
Қорытынды талдау;
Болжам жасау мақсаттарын талдау:
А) Фьючерстік талдау;
Ә) Экстраполяция;
Б) Интерполяция;
В) Коньюнктуралық;
Г) Варианттық;
Д) Эксперименттік.
Ең көп тарағаны – варианттық, яғни банктің күнделікті қызметі мен болашақ қызметінің салыстырмалы түрдегі тиімділігі анықталады.