Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Окулык Талдау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.53 Mб
Скачать

1. Купондық әдіс.

Әдетте, облигациялар инвесторға облигацияның номиналдық құнына шаққандағы белгілі бір тұрақты пайыз түрінде табыс әкеледі. Бұл жағдайда табыс купондар арқылы төленеді. Купон дегеніміз - ішінде купондық мөлшерлеменің цифры жазылған купондық карта.

Облигацияны ұстаушы облигацияны сатып алған кезде купондық картамен бірге алады және өзінің табысын алу үшін купондық картаны қолданады.

Бұл жағдайда купондық мөлшерлеме келесі формуламен есептелінеді:

Кс=(Табыс/Номинал)*100%

1)Табыс=(Кс*Номинал(тг))/100%

2. Дисконттық әдіс.

Кейбір жағдайларда облигациялар купонсыз шығарылады. Бұл кезде эмитент инвесторға облигацияны оның номиналдық құнынан төмен бағаға сатады. Яғни, инвестордың табысын облигацияның номиналдық құны мен сатылу құнының арасындағы айырма ретіндегі дисконт құрайды.

2)Табыс=(Номинал*Дисконт(%))/100%

3. Аралас әдіс.

Кейде эмитент облигацияларды айналымға шығарғанда оның үстінен купондық мөлшерлеме тағайындап қана қоймай, оны төмен бағаға сатады, яғни дисконтпен сатады. Мұндай жағдайда инвестордың табысы дисконттан және жыл сайын төленетін пайыздан тұрады.

3)Табыс=Номинал*(Кс+Дисконт)/100%

Егер облигацияға деген сұраныс өте үлкен болса, эмитент оны номиналдық құнынан жоғары бағаға сатып жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайда инвестордың табысы ажио (үстеме) деп аталады.

3.1)Табыс=(Номинал*(Кс-Ажио))/100%

Мысал.

Келесі облигациялардың табысын салыстырыңыз.

А-мемлекеттік займ облигациялары

Айналым мерзімі-5 жыл

Номиналдық құны – 1000тг

Эмиссия кезіндегі дисконт-10%

Купондық мөлшерлеме жылына-50%

Ә-комерциялық банк облигациясы

Айналым мерзімі -5 жыл

Номиналдық құны – 1000 тг.

АЖИО - 20%

Жылдық купондық мөлшерлеме - 80%

Б-өндірістік кәсіпорын облигациясы

Айналым мерзімі-5 жыл

Номиналдық құны – 1000 тг.

Км-75%

А

Табыс=(1000тг*(50%+10%))/100%=2600 теңге

Ә

Табыс=(1000тг*(400%-20%)/100%)= 3600 теңге

Б

Табыс=(75%*1000тг)/100% =750*5 =3750 теңге

Облигацияның табыстылығын анықтау.

Табыспен салыстырғанда табыстылық жылдық пайызбен есептеледі және инвестордың облигацияларға жұмсалған қаражаттарының қайтарымдылығын, яғни инвестициялық қорлардың тиімділігін көрсетеді. Облигациялардың табыстылығының 2 түрі бар:

1. Ағымдағы табыстылық;

2. Жалпы табыстылық.

1) Ағымдағы табыстылықты анықтаған кезде инвестордың 1 жылдағы немесе жарты жылдағы немесе 1 тоқсандағы, 1 айдағы табысы ескеріледі. Сондықтан ағымдағы табыстылықты анықтағанда купондар бойынша төленетін табыстар ғана есептелінеді.

Кейбір жағдайларда дисконтпен шығарылған облигациялар бойынша да ағымдағы табыстылық есептелінеді, бірақ ондай облигациялардың айналым мерзімі 1 жылдан аспауы керек.

1)АТ=(Табыс/НҚ)*100%

НҚ(нарықтық құны)-облигацияның сатылу құны

2)АТ=(ҚМ обл. бойынша төленетін табыс /(номинал-дисконт))*100%

Мысал.

Келесі облигациялар ішінен ағымдағы табыстылығы неғұрлым жоғарысын анықтаңыз.

А-айналым мерзімі 1 жыл

Дисконт 40%

Ә-айналым мерзімі 3 жыл

Кс-50%

Б-айналым мерзімі 1 жыл

Қс-40%

Нқ-90%

АӘБ. Номиналдық құны-100$

А. (40%*100$)/100% =40$ 40$/(100$-40$)= 40/60 66,7%

Ә. (50%*100$)/100% 50$*1=50$

50/(100-0)*100% 50%

Б. (40%*100$)100% =40$*1=40$+10= 50$

50$/90$*100% 55,6%

2) Жалпы(орташа жылдық) табыстылықты анықтағанда инвестордың табысын қалыптастыратын барлық факторларды ескеру қажет.

  • Егер облигация инвестордың қолында облигацияның айналым мерзімі біткенше жүретін болса, онда облигацияның жалпы табыстылығы келесі формуламен өрнектеледі:

ЖТ=(Табыс/Айн.м*(ном.қ-дисконт))*100%

Табыс=Барл ЖПТ+дисконт

БЖПТ-барлық жылдардағы пайыздық төлемдер.

Номиналдық құны 10 USD тұратын, жылдық купондық мөлшерлемесі -80%, айналым мерзімі - 5 жыл және сатқан кезіндегі дисконты 20%-қ облигацияның ағымдағы және жалпы табыстылығын салыстырамыз.

ЖТ=((40+2)/5жыл*(10-2))*100%=105%

АТ=8/(10-2)*100%=100%

  • Егер инвестор облигацияны айналым мерзімі бітпей жатып, қайталама нарықта сатып жіберсе, оның жалпы табыстылығы мына формуламен есептеледі.

ЖТ=Табыс/(ОҚБЖ*НҚ)

Табыс=БЖПТ+ОҚСТТ

ОҚБЖ – облигацияның қолда болған жылдары;

БЖПТ – барлық жалдардағы пайыздық табыс;

ОҚСТТ – облигацияны қайта сатудан түскен түсім.

Бақылау сұрақтары оқу құралының соңындағы тесттер түрінде берілген.

3-тарау. БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ

3.1. 1-дәріс. Коммерциялық банктердегі экономикалық және қаржылық талдаудың мәні және маңызы

Коммерциялық банктердегі қаржылық талдау дегеніміз - банк қызметінің қаржылық - экономикалық нәтижелерін зерттеу, банктің дамуының негізгі бағыттарын анықтау және қаржылық - шаруашылық процестерінің негізгі факторларын, тенденцияларын және арақатынастарын анықтауға бағытталған арнаулы білімдердің жүйесі.

Коммерциялық банктердің жағдайын талдаудың негізгі обьектісі - ол жеке банктердің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің және жекелеген банк топтарының коммерциялық қызметі.

Талдаудың субьектілері:

  1. коммерциялық банктер

  2. банктің контрагенттері

  3. мемлекеттің орталық эммиссиялық банкісі

  4. әртүрлі қаржы ұйымдары

  5. мемлекеттік салық органдары

  6. аудиторлық фирмалар

  7. жергілікті және орталық билік органдары

  8. қазіргі және болашақтағы клиенттер мен банктердің корреспонденттері

  9. басқа да заңды тұлғалар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк және Қаржылық қадағалау агенттігі екінші деңгейлі банктердің мемлекет тарапынан тағайындалған пруденциалдық нормативтердің орындалуын және сол банктің Қазақстан Республикасының заңдарын орындау жағдайын үнемі бақылап отырады. Мемлекеттік органдар екінші деңгейлі банктерге қызмет атқаруға рұқсат берген кезде келесі 3 талапқа мән береді:

  1. банк капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талап;

  2. банктің бақарушы тұлғаларына қойылатын талап;

  3. банктің құрылтайшыларының меншік құқықтарын шектеу және реттеу.

3.2. 2-дәріс. Банк қызметін талдаудың ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етілуі

Банктің қаржылық қызметін талдауды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету дегеніміз - қаржылық талдауға қажетті мәліметтерді сыртқы және ішкі ақпарат көздеріне жинақтау жүйесі.

Сыртқы ақпарат жүйесіне банк жұмыс атқаратын нарықтың жағдайы туралы, соның ішінде, бәсекелестер, клиенттер, инвесторлар және басқа нарық қатысушылары туралы жинақталған мәліметтер кіреді.

Негізгі сыртқы ақпарат көздеріне мыналарды жатқызуға болады:

  1. Бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журналдар, теледидар, радио);

  2. Банктердің жыл сайын жариялайтын жылдық есептемелері;

  3. Өндірістік статистика мәліметтері;

  4. Тұтыну статистикасының мәліметтері;

  5. Банк клиенттерімен тікелей кездесу арқылы жинақталатын мәліметтер;

  6. Басқа банктердің қызметкерлерімен ақпарат алмасу.

Ішкі ақпарат жинау жүйесіне негізгі 2 көз жатады:

  1. Ағымдағы іскерлік ақпарат жинақтау жүйесі;

  2. Банктің қаржылық жағдайы туралы опертивтік жедел мәліметтер кіреді.

Ішкі ақпарат көздеріне мыналар жатады:

  • Бухгалтерлік есеп мәліметтері;

  • Статистикалық есеп мәліметтері;

  • Клиенттерді несиелеу жөніндегі бағалау мәліметтері;

  • Салалық немесе аймақтық басқармалардың есептері;

  • Ішкі талдау, зерттеу жұмыстарының нәтижелері;

  • Әртүрлі ревизиялар мен тексерулердің актілері;

  • Әртүрлі анықтамалар.

Кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын бағалаушы негізгі құжат - банктің қаржылық жағдайы туралы есеп. Бұл құжаттарды талдау кезінде Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі, банк басшылары, әртүрлі заңды тұлғалардың басшылары және жеке тұлғалар бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен қолданады.Банктің қаржылық есебінің негізгі ерекшелігі -бұл оның кешенділігі. Сондықтан ол экономикалық және қаржылық талдаудың негізгі әдісіне сәйкес келеді. Жүйелі түрде жасалған қаржылық есеп банк басшыларына басқарушылық шешімдерді қабылдауға қажетті кез-келген мәліметті дереу алуға мүмкіндік береді. Банктің аналитикалық талдау жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Банк балансы мен басқа да қаржылық есеп құжаттарын талдау;

  • Банкте жүзеге асырылатын бухгалтерлік есеп пен есеп беру жағдайын талдау;

  • Әртүрлі келісімшарт пен құрылтайшылық құжаттарының орындалу жағдайын талдау.

Банктегі аналитикалық жұмыстың негізгі бағыттары:

1.Банк балансы мен басқа да қаржылық есеп құжаттарын талдау.

1.1 Баланс баптарын талдау;

1.2 Баланстан тыс баптарды талдау;

1.3 Басқа да есеп құжаттарын, соның ішінде, банктің қаржылық нәтижелерін талдау.

2. Банкте жүзеге асырылатын бухгалтерлік есеп пен есеп беру жағдайын талдау.

2.1 Аналитикалық есеп мәліметтерін талдау;

2.1 Аналитикалық есеп мәліметтері мен синтетикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігін талдау.

3. Әртүрлі келісімшарттар мен құрылтайшылық құжаттардың орындалу жағдайын талдау.

3.1 Операциондық келісімшарттарды талдау;

3.2 Шаруашылық келісімшарттарды талдау;

3.3 Құрылтайшылық құжаттарды талдау.

Банктегі бухгалтерлік есеп пен есеп беру процесі екі бөліктен тұрады:

  1. Аналитикалық есеп;

  2. Синтетикалық есеп.

Синтетикалық есеп, банк қызметінің жалпылама көрсеткіштерін анықтайды. Ал, аналитикалық есеп, жалпылама көрсеткіштерді таратып талдауға мүмкіндік береді. Баланс шоттары бойынша аналитикалық есеп жүргізгенде жекелеген клиенттер мен шот иелерінің түрлеріне және сол шоттарда сақталған активтердің түрлеріне байланысты дербес шоттар ашу арқылы жүргізіледі. Ал, синтетикалық есеп, аналитикалық есеп мәліметтерін топтауды жүзеге асырады.Синтетикалық есептің негізгі қаржылық құжаты - банктің балансы болып табылады. Банктің бухгалтерлік балансында бухгалтерлік-аналитикалық есептегі дербес шоттардағы ақша сомаларының қалдықтары синтетикалық есеп шоттарына біріктіріле отырып көрсетіледі. Банктің балансынан басқа қаржылық талдау мақсаттарында банктің кассалық және бухгалтерлік журналдары, жинақтаушы карточкалары, айналым ведомосттары сияқты құжаттар қолданылады.

3.3. 3-дәріс. Банктің балансын талдау және оқудың әдістемесі

Банктің балансы оның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі ақпарат көзі және банктің жағдайын кешенді түрде көрсететін негізгі құжат болып табылады. Банк балансын талдау арқылы оның активтерінің өтімділігін, табыстылығын және жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруда пайда болуы мүмкін тәуекелдерді анықтауға мүмкіндік береді. Баланстан алынған ақпараттың көмегімен банктің меншікті және сырттан тартылған қаражаттарының негізгі көздерін және белгілі бір уақыт мерзіміндегі қаражаттардың орналасу бағыттарын анықтауға болады.

Қазіргі банк практикасында және ғылымында кәсіпорынның қаржылық талдауы сияқты барлық елдерде қалыптасқан біркелкі қаржылық талдау әдістемесі жоқ. Сондықтан банк балансын талдаудың жалпыға бірдей әдістемесі қалыптасып болған жоқ.

Біздің елімізде банк активтері мен пассивтерін орналастырудың қабылданған әдісіне байланысты банктің капиталы 2 топқа бөліп қарастырылады:

1.Алғашқы активтер (1-деңгейлі);

2.Екінші деңгейлі резервтер(қайталама активтер).

Банк балансын құрудың негізгі қағидалары:

1.Балансты оқу оңай болу қажет;

2.Баланс көрсеткіштері түсінікті және анық болу керек;

3.Баланс баптарын топтаудың қағидалары экономикалық және логикалық тұрғыдан негізді болу керек;

4.Баланс жүргізетін барлық банктер үшін баланс құрудың схемасы біркелкі болуы керек;

5.Балансты құрған кезде мәліметтер барынша шынайы және көрнекі болуы қажет;

6.Банк операцияларын жеке-жеке таратып көрсету барысында олардың коммерциялық құпия заңына сәйкестігі орындалу керек;

7.Сондықтан банк балансында келесі операциялар бөліп көрсетіледі:

-Күмәнді операциялар;

-Зиян әкелетін операциялар;

-Келген зиянның орнын толтыруға арнап құрылған сақтандыру резервтері көрсетілмейді.

8.Банк балансы коммерциялық ақпарат құралына жататындықтан, онда көрсетілген мәліметтер келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

-Оперативтілігі;

-Нақтылығы;

-Сенімділігінің жоғарылығы.

Банк балансының оперативтілігі дегеніміз - ондағы мәліметтердің күнделікті жаңартылып отырылуы.

Нақтылығы дегеніміз - ол нақты көрсеткіштің көзі болып табылады, яғни банктің ақша қаражаттарының жеткіліктілігі, банктің және оның клиенттерінің төлем қабілеттілігі деп нақтыланады.

Сенімділігінің жоғарылығы дегеніміз - банктің есеп құжатында көрсетілген мәліметтердің сенім туғызатын,яғни шынайы болуы.

3.4. 4-дәріс. Банк балансын құрудың схемасы (тәртібі)

Банк қызметінің ерекшелігі - өздерінің салымшыларының қаражаттарын депозит түрінде жинақтай отырып, сол қаражаттардан бірнеше есе көп қаражаттарды несие алушыға қарызға беріп, қайтадан қайтарып алу процесін ұйымдастыру.

Банктің балансы «T» формасында құрылады, яғни барлық ақша қаражаттары қозғалыс барысында екі топқа бөлінеді:

  • Активтер;

  • Пассивтер.

Коммерциялық банк балансының жалпылама схемасы.

N

АКТИВТЕР

ПАССИВТЕР

1

Қолма-қол ақша

Акциялар

кестенің жалғасы

2

Резервтер

.

Салымдар (депозит)

  • мерзімді депозит;

  • талап етілгенге дейінгі депозит.

3

Несиелер

  • мерзімді несиелер;

талап етілгенге дейінгі несие

Алынған қарыздар

4

Банктің өз меншігі

Пайда

Қорытынды

Қорытынды

Банктің балансы дегеніміз – бір уақыт мерзіміне (датаға) арналып жасалған банктің қаржылық жағдайы, банк операцияларының көлемі, құрылымы және сипаттамасы жөніндегі мәліметтер беретін жиынтық кесте.

Банк балансындағы мәліметтердің ішіндегі міндетті резервтер деп аталатын түрі ерекше маңызға ие болады. Себебі, бұл көрсеткіштің міндетті резерв нормаларын арнайы мемлекеттік органдар белгілейді:

  • Қазақстан Республикасының Қаржылық қадағалау агенттігі;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

Банктің балансы дегеніміз – банктің сырттан тартылған және меншік қаражаттарының арақатынасын, олардың шығу көздерін және басқа несиелік активті операцияларының жағдайын көрсететін бухгалтерлік құжат.

Банктің операцияларын бухгалтерлік есеп тұрғысынан үш топқа бөліп қарастырады:

  • Активті операциялар - банктің қаражаттарын орналастыруға және табыс табуға бағытталған операциялары;

  • Пассивті операциялар - банктің сырттан қаражат тартуға бағытталған, яғни банктің ресурстарын құруға арналған операциялары;

  • Активті және пассивті операциялар – кассалық операциялар, бағалы қағаздармен байланысты т.б. операциялар.

Банк балансының жалпылама базалық моделін келесі теңдеу түрінде көрсетуге болады: