
- •Демесінов талғат жұмабекұлы Қаржылық – экономикалық құбылыстарды кешенді түрде талдаудың негіздері және тәжірибесі
- •2009 Жылдың 22-маусымы, № 11 хаттама.
- •Мазмұны:
- •1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні, әдістері және мақсаты
- •1.2 Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың қазіргі замандағы теориялық бағыттары
- •Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың әлемдік тәжірибесі
- •1. Купондық әдіс.
- •2. Дисконттық әдіс.
- •3. Аралас әдіс.
- •Актив пассив
- •IV. Талдау барысында қолданылатын статистиалық әдістерінің түрлеріне байланысты:
- •V .Талдау барысындағы статистикалық әдістерге байланысты:
- •VI .Зерттеу объектілеріне байланысты:
- •Тұрғындардың,яғни жеке адамдардың салымдарын(депозиттерін) тарту нормативі (н11):
- •Банк міндеттемелерін пайдаланудың тиімділігі келесі формула арқылы анықталады:
- •Банктің алған міндеттемелерінің тәуекел мөлшерін анықтайтын көрсеткіш:
- •Қайта қаржыландыру коэффициенті
- •1.Проценттік күндер
- •4.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрастырылу көздерінің динамикасын талдау
- •4.2 Кәсіпорынның төлем және несиеге қабілеттілігін талдау
- •4.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі проблемалар
- •5.1 Шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары
- •5.2 Кәсіпорындар жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі нарықтың ролі
- •5.3 Инвестициялық жобаның негізінде қаржылық тұрақтылықты арттыру тәсілі
- •6.1 Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіп саласы дамуының негізгі тенденциялары
- •6.2 Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіп секторының қазіргі жағдайын талдау
- •6.3 Өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржылық - шаруашылық қызметін салыстырмалы түрде бағалау
- •6.4 «Үлбі металлургиялық зауыты» ақ-ның 2005 – 2009 жылдардағы қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін талдау
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
1.Проценттік күндер
ПК= Сома * Күн санымен есептелген мерзім ұзақтығы\100
Барлық мерзімдегі жинақталған проценттің мөлшерін есептеу үшін мына формула қолданылады:
ЖП = 1жылдағы күн саны\ 1жылдағы проценттік мөлшерлеме
3.20. 20-дәріс. Банк балансының өтімділігін талдау
Банк балансының өтімділігін талдағанда келесі міндеттер шешілуі керек:
Банктің нақты өтімділігін анықтау;
Банктің нақты өтімділігінің экономикалық-пруденциалдық нормативтерге сәйкестігін анықтау;
Банктің нақты өтімділік көрсеткіштерінің экономикалық нормативтерден ауытқуының себептерін анықтау.
Банктің өтімділігін талдауды ең алдымен депозиттік базаны талдаудан бастайды. Банктің депозиттік базасының өтімділігін анықтайтын факторларға мыналар кіреді:
1. Сырттан тартылған депозиттердің түрлері;
2. Депозиттердің мерзімдері;
3. Сырттан тартылған қаражаттардың көздері;
4. Депозиттік базаның тұрақтылығы.
Пассивтік операцияларды салыстырмалы түрде талдай отырып, пассивтердің көлеміндегі өзгерістерді және олардың баланс өтімділігіне ықпалын анықтауға болады. Банк депозиттерінің есеп айырысу және ағымдағы шоттарындағы қаражаттардың жалпы сырттан тартылған қаражаттардағы үлесі әрбір ресурстың жалпы несие потенциалындағы орыны мен маңызын көрсетеді.
Банк активтері мен пассивтерінің көлемдері, мерзімдері және құрылымы бір-біріне сәйкес болса, банк өзінің қысқа мерзімді ресурстарының ұзақ мерзімді ресурстарға айналу коэффициентін есептей алады. Ол коэффициент трансформация коэффициенті деп аталады және келесі формуламен есептеледі:
Кт=(R-S) /R*100%
R – қысқа мерзімді ресурстар
S – қысқа мерзімді несиелер
Сонымен қатар, бухгалтерлік баланс пен айналым ведомостарының негізінде банктің ұзақ мерзімді несиелік ресурстар түрінде қолдана алатын қаражаттардың мөлшерін есептеуге болады:
ҰМн=( АҚжб + Ка – АҚжс)*Кт + КҚжб – КҚжс + Ка
ҰМн – ұзақ мерзімді несиелер түрінде қолданыста болатын қаражаттар.
АҚжб – жыл басындағы талап етілгенге дейінгі сақталатын депозиттердегі ақша қаражаттары.
АҚжс – жыл соңындағы талап етілгенге дейінгі сақталатын депозиттердегі ақша қаражаттары.
Ка – кредиттік айналым, яғни талап етілгенге дейінгі депозиттер мен сақталу мерзімі 1 айдан аспайтын шоттарға келіп түсетін ақша қаражаттарының орташа мөлшері.
Кт – трансформация коэффициенті.
КҚжб – жыл басындағы күрделі қаражаттар түрінде қолданыста болатын ақша қаражаттарының сомасы.
КҚжс – жыл соңындағы күрделі қаражаттар түрінде қолданыста болатын ақша қаражаттарының сомасы.
Банктің өтімділігін талдағанда өтімділік деп аталатын ақша қаражаттарының ағымын немесе қорын түсінуге болады. Банк тәжірибесінде кеңінен қолданылатын өтімділік көрсеткіштеріне келесі коэффициенттер кіреді:
1) К1 - өтімділігі шектеулі ресурстар үшін қолданылады (талап етілгенге дейінгі депозиттерде сақталатын қаражаттар мен мерзімі 6 айдан аспайтын қаражаттар).
К1=(ТЕДСД + СМ6айданАД )/ Пассивтер≥0,2
ТЕДСД – талап етілгенге дейінгі сақталатын депозиттер.
2) К2 - өтімділігі орташа ресурстар.
К2=(СМ6айданАД + СМ1жылғаДД) /Пассивтер≥0,5
3) К3 - өтімділігі жоғары ресурстар.
К3=СМ1жылданАД /Пассивтер≥0,7
Банк өтімділігін көрсететін келесі көрсеткіш – неғұрлым өтімді активтердің осы банктің міндеттемелеріндегі үлесін көрсететін көрсеткіш.
К=Қолма-қол ақшалар / Салымдар сомасы.
Акционерлік капиталдың мультипликаторы банк активтерінің оның меншікті акционерлік капиталының есебінен өтелу деңгейін көрсетеді.
М=Активтер / Акционерлік капитал.
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерден басқа банк өтімділігін анықтауда келесі көрсеткіштер қолданылады:
Бір несие алушыға берілетін несиенің ең көп мөлшері;
Банктің меншікті қаражаттары мен сырттан тартылған қаражаттарының арақатынасы;
Банк қаражаттарының өтелу коэффициенті(сенімділік коэффициенті);
Өтімді активтердің барлық активтердің сомасындағы үлесі.
Ұлттық Банк тарапынан екінші деңгейлі банктердің балансының өтімділігін қадағалаған кезде бірнеше өтімділік коэффициенттері қолданылады:
Н2=Активтер(өтімділігі жоғары) / Талап етілгенге дейінгі міндеттемелер
Бұл көрсеткіштің экономикалық мәні әрбір ЕДБ талап етілгенге дейін сақталатын депозит қабылдаған кезде сол қаражаттардың 10 % дейінгі қаражаттардың мөлшерін арнайы резервтерге аударып отыруы керек. Себебі, Ұлттық Банк тарапынан ақша массасын реттеп отыру үшін бұл резервтердің мөлшері ұлғайса, ЕДБ-ң пассивтік шоттарындағы ақшалардың көбеюіне жол бермейді. Керісінше, бұл резервтердің мөлшері азайса, онда ЕДБ-ң эмиссиялық мүмкіндіктері азаяды. Н2>20% болса, бұл банктің алдыңғы және жақын айлардағы төлем қабілеттілігі жоғары болады.
Н3 – ағымдағы өтімділік нормативі.
Н3=Неғұрлым өтімді активтер / Талап етілгенге дейін сақталатын депозиттер(30 күге дейін)*100%
50% - 70%
Бұл нормативті қолдану арқылы банктің активтік-пассивтік операцияларының арасалмағын реттеуге болады. Себебі, олардың балансының өтімділігін қолдап отыру керек.
Н4 – ұзақ мерзімді өтімділік нормативі.
Н4=Ұзақ мерзімді несиелер / (Капитал + Міндеттемелер)* 100%
Н4≤120%
Бұл көрсеткіш банктің барлық берілген несиелерінің, заемдарының және басқа мекемелерге сақтау үшін салынған қымбат бағалы металлдар түріндегі депозиттердің барлық сомасының 1 жылдан артық мерзімге салынған қаражаттарының банктің меншікті капиталы мен барлық міндеттемелеріне қатынасын көрсетеді. Егер бұл көрсеткіш тағайындалған нормативтен жоғары бола беретін болса, онда бұл банк басшылығы депозиттік саясатын қайта қарау керек және өзінің пассивтік операцияларын жандандыру керек.
Н5 – жалпы өтімділік нормативі.
Н5=Өтімді активтер / (Активтер – Резервтер)* 100%
Н5≥20%
Бұл көрсеткіш банктің өтімді активтерінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында тағайындалған.
Н14 – қымбат бағалы металлдармен жүзеге асырылатын операциялар бойынша өтімділік нормативі.
Н14=Өтімді активтер(қымбат бағалы металлдар түріндегі) /Міндеттемелер(қымбат бағалы металлдар түріндегі)
Н14≥10%.
3.21. 21-дәріс. Коммерциялық банктердің сенімділігінің рейтингісін құру әдістемесі
Банктердің сенімділігі банк акционерлерінің, салымшылардың, клиенттердің, мемлекеттік қадағалау органдарының т.б. мүдделерін қорғау мақсатында қамтамасыз етілуі тиіс. Кез келген банктердің банкроттығы экономикаға теріс ықпалын тигізеді.Сондықтан, коммерциялық банктердің сенімділігін қамтамасыз ету олардың қызметін талдаудың ең маңызды бағыты болып табылады.
Қазіргі таңда еліміздің банк жүйесінде банк сенімділігін бағалаудың біркелкі стандартты әдісі қалыптасып болған жоқ. Банк сенімділігін бағалаудың біркелкі стандартты әдістемесін қалыптастыру үшін әрбір банктің қызметі мен қызмет ету заңдылықтарын ескеретін жан-жақты, терең талдау жұмысы жасалу керек. Әлемдік деңгейде банктің сенімділігінің рейтингісін жариялап отыратын ең белгілі консалтингтік-рейтингтік агенттіктеріне мыналар кіреді:
Швейцарияның рейтингтік агенттігі;
Standard and Poor ’s;
Artur Anderson;
Moody ’s;
Көп тараған рейтингтерге байланысты әрбір банктің сенімділік рейтингісі анықталады да, осы көрсеткіштің негізінде олар негізгі 9 топқа бөлінеді:
А3 В3 С3
А2 В2 С2
А1 В1 С1
Standard and Poor ’s рейтингтік агенттігінің рейтинг құру әдістемесіне сәйкес:
1) А3 тобына 15 банк В3 тобына 300 банк
А2 тобына 40 банк В2 тобына 700 банк
А1 тобына 100 банк В1 тобына 700 банк кіретін болып анықталды.
Ал, С3, С2, С1 тобына кіретін банктер саны шектелмейді.
2) Қызмет ету уақыты бойынша:
А3 – 5 жылдан артық жұмыс істейтін банктер.
А2 – 3 жылдан артық жұмыс істейтін банктер.
А1 – 2 жылдан артық жұмыс істейтін банктер.
В3 – 1 жылдан артық жұмыс істейтін банктер.
3) Жарғылық қорының мөлшеріне байланысты.
4) Баланс қорытындысы бойынша.
Жоғарыдағы көрсеткіштердің 4 тобының негізі банктің сенімділік көрсеткіштері келесі формула арқылы есептеліп шығарылады:
F=∑Ki*Ai
Ai - әртүрлі сенімділік көрсеткіштерінің қосындысы;
Ki – көрсеткіштердің үлес салмағын көрсететін коэффициент.
Ai-көрсеткішіне кіретін көрсеткіштер келесі топтарға біріктіріледі:
А1-А20 – банк балансының мәліметтері негізінде есептеледі;
А21-А29 – ҚР ҰБ стандартты нормативтері негізінде есептеледі;
А30 – мемлекеттік құрылымның банктің жарғылық қорындағы үлесі негізінде есептеледі;
А31 – банк қызметінің мерзімі(ай);
А32 – банк қызметкерлерінің саны;
А33 – банк филиалдарының саны;
А34-А42 – 10 балдық шкаламен эксперименттік бағалау арқылы жүзеге асады.
F=∑K42*A42
Коммерциялық банктің сенімділігін бағалаудың неғұрлым тартымды әдісіне көпөлшемді статистикалық талдау әдісі немесе кластерлік талдау әдісі кіреді. Бұл әдіске сәйкес арналған есептеу жұмысының нәтижесінде кластерлер құрылады. Кластер дегеніміз – біртекті объектілер топтары.
Статистикалық көзқарасқа сәйкес кластердің бірқатар қасиеттері болады. Олардың негізгілеріне:
тығыздығы;
дисперсия;
көлемі;
формасы;
оқшаулану қасиеті.
Тығыздық – кластерді анықтау үшін кеңістікте шоғырланған нүктенің басқа нүктелермен салыстырғандағы бір-біріне жиірек орналасуы.
Дисперсия – кластердің орталығына шаққандағы нүктелердің кеңістікте шашырау дәрежесі.
Кластер көлемі – көпөлшемді кеңістіктегі гиперсфераның немесе эллипсойдтың радиусына және диаметріне сәйкес анықтауға болады.
Форма – кеңістіктегі нүктелердің гиперсфера, эллипсойд немесе созылған кластерлер түріндегі пішіні.
Оқшаулану - әртүрлі нүктелердің, кластердің кеңістіктегі бір-бірінен оқшау орналасқан қашықтығы.
STATGRAFICS бағдарламасының көмегімен компьютер арқылы кластерді жүзеге асырады.
Банктің сенімділігін анықтаудың тағы бір әдісі олардың меншікті капиталының шамасының негізінде анықталады. Бұл әдіс қаржы нарығындағы банктің әлеуеттік мүмкіншілігін анықтауға тиімді жағдай туғызады. В. Кромонов бастаған сарапшылар тобы жасаған әдіске сәйкес келесі 6 көрсеткіш қолданылады:
1. К1 – банк сенімділігінің басты коэффициенті.
К1= Меншікті капитал / Табыс әкелетін активтер
К1≥1
Бұл коэффициент банктің табыс табу үшін жұмсалатын тәуекелді активтердің сол банктің жарғылық қорымен қамтамасыз етілуін көрсетеді, яғни табыс табу үшін жұмсалған активтер қайтпай қалған жағдайда олардан келген шығындардың орнын толтыру үшін меншікті капиталдың, соның ішінде, жарғылық қорының жеткіліктілігін көрсетеді.
2. К2 – абсолютті өтімділік коэффициенті.
К2=Өтімді активтер / Талап етілгенге дейінгі міндеттемелер≥1
Бұл көрсеткіш клиенттердің қаражаттарын банк тарапынан меншікті несиелік ресурстар ретінде пайдалану дәрежесін көрсетеді.
3. К3 – Кросс-коэффициент.
К3=Барлық міндеттемелер / Табыс әкелетін активтер≤3
4. К4 – басты өтімділік коэффициенті.
К4=(Өтімді активтер + Қорғалатын капитал)/Барлық міндеттемелер≥1
Қорғалатын капитал=Негізгі қорлар-Бейматериалдық активтер + Күрделі қаражаттар + Қымбат бағалы металлдар.
Бұл көрсеткіш банктің клиенттері сеніп тапсырған қаражаттарының өтімді активтермен және қорғалатын капиталмен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсетеді.
5. К5 – капиталдың қорғалу коэффициенті.
К5= Қорғалатын капитал / Меншікті капитал≥1
Бұл коэффициент банк тарапынан инфляциялық процестерді ескеру дәрежесін көрсетеді.
6. К6 – банк пайдасының қор нарығындағы капитализациялану коэффициенті.
К6= Меншікті капитал / Меншікті капитал≥3
Бұл көрсеткіш банк қызметінің тиімділігін және банк құрылтайшыларынан тәуелсіздігін көрсетеді. Бұл 6 көрсеткішті шартты түрде екі топқа бөліп қарастырады:
1) Сенімділік көрсеткіштері (К1, К3, К5, К6);
2) Өтімділік көрсеткіштері (К2, К4).
В.Кромоновтың әдісіне сәйкес бұл көрсеткіштердің әрқайсысына өздерінің үлес салмағы берілген және интегралды банк сенімділігін анықтау көрсеткіштері келесі формуламен анықталады:
N=(К1/1*45) + (К2/1*20) + (К3/3*10) + (К4/1*15) + (К5/1*5) + (К6/3*5)
4 – тарау. «фирма Алтайпромснаб» ЖШС қаржылық тұрақтылығын ТАЛДАУ және оны бағалау