
- •Демесінов талғат жұмабекұлы Қаржылық – экономикалық құбылыстарды кешенді түрде талдаудың негіздері және тәжірибесі
- •2009 Жылдың 22-маусымы, № 11 хаттама.
- •Мазмұны:
- •1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні, әдістері және мақсаты
- •1.2 Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың қазіргі замандағы теориялық бағыттары
- •Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың әлемдік тәжірибесі
- •1. Купондық әдіс.
- •2. Дисконттық әдіс.
- •3. Аралас әдіс.
- •Актив пассив
- •IV. Талдау барысында қолданылатын статистиалық әдістерінің түрлеріне байланысты:
- •V .Талдау барысындағы статистикалық әдістерге байланысты:
- •VI .Зерттеу объектілеріне байланысты:
- •Тұрғындардың,яғни жеке адамдардың салымдарын(депозиттерін) тарту нормативі (н11):
- •Банк міндеттемелерін пайдаланудың тиімділігі келесі формула арқылы анықталады:
- •Банктің алған міндеттемелерінің тәуекел мөлшерін анықтайтын көрсеткіш:
- •Қайта қаржыландыру коэффициенті
- •1.Проценттік күндер
- •4.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрастырылу көздерінің динамикасын талдау
- •4.2 Кәсіпорынның төлем және несиеге қабілеттілігін талдау
- •4.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі проблемалар
- •5.1 Шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары
- •5.2 Кәсіпорындар жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі нарықтың ролі
- •5.3 Инвестициялық жобаның негізінде қаржылық тұрақтылықты арттыру тәсілі
- •6.1 Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіп саласы дамуының негізгі тенденциялары
- •6.2 Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіп секторының қазіргі жағдайын талдау
- •6.3 Өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржылық - шаруашылық қызметін салыстырмалы түрде бағалау
- •6.4 «Үлбі металлургиялық зауыты» ақ-ның 2005 – 2009 жылдардағы қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін талдау
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
Демесінов талғат жұмабекұлы Қаржылық – экономикалық құбылыстарды кешенді түрде талдаудың негіздері және тәжірибесі
Қазақстан Республикасы
Өскемен, 2009
УДК
ББК
К
Баспаға С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған,
2009 Жылдың 22-маусымы, № 11 хаттама.
Сын-пікір бергендер:
Өмірзақов С.Ы. - «Тұран» университетінің ғылым істері жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор;
Мақыш С.Б. - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің Экономика және бизнес институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы;
Қонысбаев Р.Қ. – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты.
Демесінов Т.Ж.
К Қаржылық – экономикалық құбылыстарды кешенді түрде талдаудың негіздері және тәжірибесі: оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2009. – 281 б.
Оқу құралында бүгінгі таңдағы ел экономикасы мен нарық қатынастарының дамуы кезеңіндегі қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, шаруашылық субъектілері мен жалпы экономикалық құбылыстарды талдаудың теориялық негіздері, әдістемелері мен тәжірибесі, қолданылу барысында туындауы мүмкін проблемалары терең де жан-жақты қарастырылған.
Жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге, экономикалық мамандықтардың студенттеріне, мамандарға ұсынылады.
ISBN
ББК
ISBN C Демесінов Т.Ж.
Мазмұны:
АЛҒЫ СӨЗ..............................................................................................................6
1 - тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК МӘНІ.........................................................................................7
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні, әдістері және мақсаты.....................................................................................................................7
1.2 Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың қазіргі замандағы теориялық бағыттары...............................................................................................................15
Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың әлемдік тәжірибесі.......................20
2 - тарау. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕРІ................................26
2.1. 1-дәріс. Қаржылық талдаудың негіздері.....................................................26
2.2. 2-дәріс. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін (рентабельділігін, табыстылығын, пайдалылығын) талдау..............................................................29
2.3. 3-дәріс. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..........................30
2.4. 4-дәріс. Кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жеткіліктілігін және қозғалысын талдау.............................................................34
2.5. 5-дәріс. Кәсіпорынның кредиторлық қарызының қозғалысын талдау.....35
2.6. 6-дәріс. Кәсіпорынның айналым қаражаттардың айналымдылығын талдау......................................................................................................................37
2.7. 7-дәріс. Кәсіпорынның дебиторлық қарызының қозғалысын талдау.......38
2.8. 8 - дәріс. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, несиені қайтару қабілеттілігін және балансының өтімділігін талдау..........................................40
2.9. 9-дәріс. Несие алушылардың несиені қайтару қабілеттілігін талдаудың классикалық (дәстүрлі) әдісі................................................................................44
2.10. 10-дәріс. Кәсіпорын капиталын пайдаланудың тиімділігін талдау.........45
2.11. 11 – дәріс. Кәсіпорындардың негізгі қорларын пайдаланудың тиімділігін талдау......................................................................................................................48
2.12. 12-дәріс. Кәсіпорындағы еңбек өнімділігін талдау...................................50
2.13. 13-дәріс. Бағалы қағаздарды шығарушы эмитент кәсіпорынның қаржылық тұрғыдан сенімділігін талдау.............................................................52
2.14. 14-дәріс. Бағалы қағаздардың табысы мен табыстылығын талдау.......58
3 - тарау. БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ............................................................................................................62
3.1. 1-дәріс. Коммерциялық банктердегі экономикалық және қаржылық талдаудың мәні және маңызы...............................................................................62
3.2. 2-дәріс. Банк қызметін талдаудың ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етілуі.......................................................................................................................62
3.3. 3-дәріс. Банктің балансын талдау және оқудың әдістемесі........................64
3.4. 4-дәріс. Банк балансын құрудың схемасы (тәртібі)....................................65
3.5. 5-дәріс. Банк балансын талдаудың негізі бағыттары................................67
3.6. 6-дәріс. Банктің қаржылық жағдайын талдаудың кезеңдері(сатылары)...68
3.7. 7- дәріс. Банк балансын экономикалық -қаржылық тұрғыдан талдау әдістері....................................................................................................................69
3.8. 8-дәріс. Экономикалық – қаржылық талдаудың түрлері............................72
3.9. 9-дәріс. Банктің меншікті капиталын талдау...............................................74
3.10. 10-дәріс. Коммерциялық банктердің меншікті қаражаттарын талдау....76
3.11. 11-дәріс. Банктің таза меншікті қаражаттарының (нетто) мөлшерін анықтау...................................................................................................................793.12. 12-дәріс. Банк міндеттемелерін талдау......................................................80
3.13. 13-дәріс. Сырттан тартылған нетто - қаражаттар мен қарызға алынған нетто - қаражаттарының мөлшері........................................................................83
3.14. 14-дәріс. Банкаралық несиелердің тиімділігін талдау..............................84
3.15. 15-дәріс.Банк балансының пассивті шоттарын кешенді түрде талдау және тиімді несиелік ресурстар көлемін анықтау..............................................86
3.16. 16-дәріс. Банк балансының активтерін талдау..........................................88
3.17. 17- дәріс. Несиелік операциялардың құрылымын талдау........................90
3.18. 18-дәріс. Несиелік операциялардың түрлерін талдау............................92
3.19. 19-дәріс. Банктік несиелеудің проценттік мөлшерлемесін талдау..........93
3.20. 20-дәріс. Банк балансының өтімділігін талдау...........................................95
3.21. 21-дәріс. Коммерциялық банктердің сенімділігінің рейтингісін құру әдістемесі................................................................................................................98
4 – тарау. «фирма Алтайпромснаб» ЖШС қаржылық тұрақтылығын ТАЛДАУ және оны бағалау...........................101
4.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрастырылу көздерінің динамикасын талдау....................................................................................................................101
4.2 Кәсіпорынның төлем және несиеге қабілеттілігін талдау........................105
4.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі проблемалар.........................................................................................................118
5 - тарау. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫЛАТУ ТӘСІЛІ.................................................................................122
5.1 Шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары...........................................................................................................122
5.2 Кәсіпорындар жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі нарықтың ролі........................................................................................................................132
5.3 Инвестициялық жобаның негізінде қаржылық тұрақтылықты арттыру тәсілі.......................................................................................................138
6 – тарау. Қазақстан Республикасы экономикасындағы өнеркәсіп саласының дамуы мен жағдайын кешенді талдау..............................................................................................................148
6.1 Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіп саласы дамуының негізгі тенденциялары.....................................................................................................148
6.2 Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіп секторының қазіргі жағдайын талдау....................................................................................................................173
6.3 Өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржылық - шаруашылық қызметін салыстырмалы түрде бағалау.............................................................................198
6.4 «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның 2005 – 2009 жылдардағы қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін талдау...........................222
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................248
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................................................250
ҚОСЫМШАЛАР...............................................................................................253
Жан – жарым Еркеме арнаймын
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың жаңа концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін мемлекеттегі атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің жалпы экономикадағы негізгі буыны – кәсіпорын болып табылады.
2006 жылдың тамыз айынан АҚШ-ң ипотекалық облигациялар нарығынан бастау алған қаржылық-экономикалық дағдарыс әлемді әбігерге салып қойды. Бүгінгі таңда кәсіпорындар күрделі әрі тез өзгеретін жағдайда әрекет етеді. Осы дағдарыстан шығу үшін және нарықтық ортада оған төтеп беру үшін олар ұйымдастыру, сыртқы ортамен қызмет ету және өзара қатынас принциптері тәсілдерін өзгертуге тиісті. Қолданыстағы нарық реттеушілерінің қызметтері кәсіпорынның экономикасы мен пайда мөлшеріне тиімділігі жеткіліксіз әсер етеді.
Нарық жағдайындағы кәсіпорынның мақсаты – кәсіпорынның жұмыс істегендегі шығыны мейлінше аз, ал пайдасы барынша көп болатындай етіп, сондай бейімделумен нарықты молықтыру. Нарықтың тығырықтан шығуы үшін, нарықтық позицияны ұстай отырып, даму үшін кәсіпорынға инвестициялар қажет. Отандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігінің жеткіліксіздігі кәсіпорынның тұрақтылығына кедергі келтіреді. Нарықтың жағдайында белгілі бір дәрежеде оның микродеңгейіндегі, яғни кәсіпорын деңгейінде әлеуетті мүмкіншілігіне байланысты. Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындардың экономикасы дағдарыстық жағдайда болуда. Кейбір мамандардың болжауынша басты себеп экономикалық дағдарыс емес, кәсіпорындардың тұрақсыз жұмыс істеуінде.
Кәсіпорындардың тұрақты дамуының теориялық және тәжірибелік негіздерін, оның құрылымдық аспектілерін көптеген экономист-ғалымдар зерттеген: Э.Альтман, У.Бивер, Ю.Бригхем, Л.Гапенски, Дж.К.Хорн, Б.Калласс, И.А.Бланк, В.В.Ковалев, Д.С.Моляков, Е.С.Стоянова, А.Д.Шеремет және отандық экономист-ғалымдар: К.Ш. Дүйсенбаев, Ө.Қ. Есқараев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмағалиева тағы басқалары.
Оқу құралының теориялық және әдістемелік негіздеріне отандық және шетелдік ғалым-экономисттердің ғылыми еңбектері, диссертациялар, интернет, мақалалар негізінде алынған материалдар, көптеген жылдар бойы жинақталған дәрістік материалдар кіреді.
1-тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК МӘНІ