
- •Арнайы салыстырмалылық теориясы. Эйнштейн постулаттары.
- •18. Изопроцестер мен олардың графиктерін түсіндіріңіз.
- •21. Механикадағы күштер; маңдайлық кедергі, ұшақ қанатының көтерілуі, Кариолис күші
- •23.Идеал газдардың негізгі теңдеулері
- •Электр және магнит өрістерінің салыстырмалылығы.
- •31 . Реал газ. Ван-дер-Ваальс теңдеуі.
- •35) Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер.
- •36) Айнымалы электр тогы. Кернеу мен ток резонансы
- •37) Жүйе энтропиясы.
- •38) Сұйықтармен газдар механикасы. Стокс формуласы қай кезде дұрыс орындалады
- •39) Электромагниттік толқын. Умов-Пойтинг векторы.
- •40) Магнит индукциясы. Лоренц күші.
- •41) Тасымалдау құбылыстары. Ішкі үйкеліс.
- •42) Массалары өзгермелі қозғалыстағы денелердің динамикасының заңы
- •43) Мещерский формуласы
- •44) Электр тізбегі үшін Кирхгофтың 2 ережелері
- •45) Әртүрлі пішінді денелердің инерция моменттері
- •46) Гюйгенс – Штейнер теоремасы
- •47) Өріс кернеулігімен потенциалы
- •49) Электр тізбегі үшін Ом және Джоуль-Ленц заңы
- •50) Электромагниттік еркін тербелістердің дифференциалдық теңдеу
- •51) Томсон формуласы.
- •52) Тасымалдау құбылыстарын атаңыз
- •53) Жылу өткізгіштік құбылысын түсіндіріп формуласын жазыңыз
- •54) Заттардың диэлектрлік өтімділігімен оның температурадан тәуелділігі. Электрлік ығысу векторы.
- •55) Кинематикалық және динамикалық тұтқырлық. Олардың өлшем бірліктерін жазыңыз.
- •56) Импульс пен энергияның релятивистік түрленуі
- •61) Сұйықтар механикасы.
- •62) Пузейль мен Стокс формуласын қорытып жазыңыз
- •63) Тұрақты ток заңдары
- •64) Майер теңдеуін изопроцестер үшін жазыңыз
- •65) Диэлектриктер және олардың түрлер
- •67) Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы
- •68) Термодинамиканың алғашқы бастамасы
- •69) Жылу сыйымдылығы
35) Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер.
36) Айнымалы электр тогы. Кернеу мен ток резонансы
Айнымалы ток, кең мағынасында — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсініледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.
Электр тогы (Э.т) – электр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы. Бұл зарядталған бөлшектер: өткізгіштерде —электрондар, электролиттерде —иондар (катиондар мен аниондар), газда —иондар мен электрондар, арнайы жағдайдағы вакуумда — электрондар, жартылай өткізгіштерде —электрондар мен кемтіктер (электронды-кемтіктік өтімділік) болып табылады.
Электр тогы энергетика саласында — энергияны алыс қашықтыққа жеткізу үшін, ал телекоммуникация саласында — ақпаратты шалғайға тасымалдау үшін қолданылады.
Кернеу мен ток резонансы.
Айнымалы ток тізбегінің толық кедергісі өрнегімен анықталатыны белгілі болды. Бұл формуладағы индуктивтік кедергі мен сыйымдылық кедергі бір-біріне тең болса, толық кедергі ең аз мәнге ие болатынын көреміз. Сонымен, егер
(2.17)
болса, . Мұндай жағдайда ток пен кернеудің тербеліс фазаларының айырымы:
яғни ток пен кернеу тербелістері бірдей фазада жүреді. Активті кедергідегі кернеу тізбекке түсірілген кернеуге тең , ал конденсатордағы кернеу мен катушкадағы кернеу амплитудалары бір-біріне тең және фазалары қарама-қарсы. Ом заңы бойынша ток амплитудасы
Бұл өрнектен, егер активті кедергі аз болса, ток күшінің амплитудасы өте үлкен мәнге ие болатынын көреміз. Жоғарыда сипатталған құбылыс электр тізбегіндегі резонанс деп аталады. Резонанс байқалу үшін тізбекке түсірілген кернеудің жиілігі (2.17) өрнегін қанағаттандыру керек:
Біз активті кедергісі идеал тербелмелі контурдың меншікті тербелістерінің жиілігі өрнегімен анықталатынын білеміз. Олай болса, электр тізбегінде резонанс тізбекке түсірілген сыртқы периодты кернеудің жиілігі тізбектің меншікті жиілігіне тең болғанда байқалады (2.19-сурет). Осы кезде катушкадағы индуктивтік кедергі конденсатордың сыйымдыльщ кедергісіне тең болады: . Активті кедергі неғұрлым аз болса, ток күшінің амплитудасы соғұрлым үлкен.
2.19-суретте . Егер активті кедергі шексіз аз болса → , ток амплитудасы шексіз артады → . Активті, индуктивтік және сыйымдылық кедергілер тізбектей жалғанғанда байқалатын резонансты кернеулер резонансы немесе тізбекті резонанс деп атайды. Себебі резонанс кезінде токтың өсуімен қатар, катушка мен конденсатордағы кернеулер де күрт өседі. Тізбектей жалғанған кезде конденсатор мен катушкадағы кернеулер қарама-қарсы фазада тербеледі, ал тізбектің барлық элементі арқылы өтетін токтың бағыты бірдей, сондықтан болғанда, яғни резонанс кезінде кез келген уақыт мезеті үшін . Ал екенін ескерсек, индуктивтік катушкадағы және конденсатордағы кернеу тербелістерінің амплитудасы былай есептеледі:
Сонымен,
Тербелмелі контурда қатынасы орындалады, сондықтан конденсатор мен катушкадағы кернеулер тізбекке түсірілген кернеуден артық және азайған сайын арта түседі. Жалпы, активті кедергісі аз болғанда ғана резонанс құбылысын қарастырады. Активті кедергінің үлкен мәндерінде іс жүзінде резонанс байқалмайды (2.20-сурет). Кернеулер резонансын кандай да бір берілген жиіліктегі кернеу тербелістерін күшейту үшін пайдаланады. Кернеудің резонанстық өсуі резонанстық жиілікке жуық өте аз интервалда жүретін болғандықтан, көптеген сигнал ішінен жиілігі сол резонанстық жиілікке жуық бір ғана сигнал бөліп алынады. Мысалы, радиоқабылдағышта керекті толқынды осылайша іздейді. Катушкалары мен конденсаторлары бар электр жүйелерінің изолядияларын есептегенде де кернеулер резонансын ескеру керек, әйтпесе электр тесілулері болуы мүмкін. Механикалық тербелістердід резонансы сыртқы периодты күштің жиілігі тербелмелі жүйенің меншікті жиілігімен дәл келгенде байқалатынын білеміз. Механикалық тербелістерде үйкеліс күштері электромагниттік тербелістердегі активті кедергінің рөлін атқарады.[1]