
- •“Қаржы” мамандығы 3 -курс студенттерінің
- •Бағдарламасы
- •“Қаржы”кафедрасының мәжілісінде қаралды:
- •“Экономика және бизнес” Жоғары мектебінің ғылыми кеңесінде қарастырылды:
- •«Корпоративтік қаржы» бөлімі бойынша тапсырмалар
- •Қаржылық менеджмент» бөлімі бойынша тапсырмалар
- •Тапсырма № 5. Листің қаржылық төлемқабілетсіздігін болжамдау үлгісі
- •Рейтингтік санның мағынасы
- •«Салықтар және салық салу» бөлімі бойынша тапсырмалар Тапсырма 1. Салықтардың экономикалық табиғаты
- •«Банк ісі» бөлімі бойынша тапсырма
- •Оқу тәжірибесінің жетекшілігі
- •3 Студенттердің тәжірибені өту орнындағы жұмыс мазмұны мен
- •4 Оқу тәжірибесінің қорытындысын шығару.
- •Оқу тәжірибесінің
- •Оқу тәжірибесін өту нәтижелері туралы есеп
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
«Экономика және бизнес» Жоғары мектебі
«Қаржы» кафедрасы
Бекітілді
ЭжБЖМ Ғылыми Кеңесінің мәжілісінде
Хаттама №___ «___»_________2013 ж.
ЭжБЖМ деканы Ермекбаева Б.Ж.
“Қаржы” мамандығы 3 -курс студенттерінің
ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ
( күндізгі бөлім)
Бағдарламасы
Алматы, 2013 ж
Құрастырушылар: доцент Даулиева Ғ.Р., доцент Бимендиева Л.Ә., аға оқытушылар Көпешова Б.Қ., Керімбекова Н.Н., Ахметов А.А.,Канағатов А.М.
Сын пікір берушілер:
С. Өсербайұлы – э.ғ.к., доцент, «Қаржы» кафедрасы
Алиева Б.М.. - э.ғ.к., доцент, «Қаржы» кафедрасы
“Қаржы”кафедрасының мәжілісінде қаралды:
« ___ » ________ 2013 ж. Хаттама № _____
“Қаржы” кафедрасының меңгерушісі Мустафина А.Қ.
“Экономика және бизнес” Жоғары мектебінің әдістемелік бюросында
мақұлданды:
«___»_________2013 ж. Хаттама №___
Төрайымы ,э.ғ.к.,доцент Даулиева Ғ.Р.
“Экономика және бизнес” Жоғары мектебінің ғылыми кеңесінде қарастырылды:
«___»_________2013 ж. Хаттама №___
Экономика және бизнес
Жоғары мектебінің деканы,
э.ғ.к., доцент Б.Ж.Ермекбаева
Оқу тәжірибесін өтудің тәртібі, мақсаты және міндеттері
Оқу тәжірибесі студенттерді мекемелерде кәсіби даярлаудың және теориялық оқытудың аяқталуының алғашқы кезеңі болып табылады. Тәжірибе 3-курста 6-семестрде 1 апта мерзім аралығында өткізіледі.
Оқу тәжірибесінің мақсаты –студенттердің болашақ мамандықтарын практикалық тұрғыдан меңгеру, кәсіби деңгейін және маманның нарықтық жағдайда еркін бейімделуін қалыптастыру.
Алғашқы оқу тәжірибесі кезеңіндегі негізгі міндет студенттердің оқу барысында алынған алғашқы теориялық білімдерін бекіту және олардың келешек мамандықтары бойынша алынған бастапқы тәжірибелері болып табылады.
Оқу тәжірибесінен өту барысында аталған объектілердің ұйымдастыру мәселелерін зерттеуге, және де олардың қызметін қаржылық құжаттық рәсімдеу мәселелеріне баса назар аудару керек.
“Қаржы” кафедрасының оқу тәжірибе бойынша жетекшілері тәжірибе басталғанға дейін бағдарламаға сәйкес тәжірибені өтудің күнтізбелік кестесін жасайды.
Оқу тәжірибесі кезінде студенттер банктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалар мен компаниялардың практикалық материалдарымен танысулары тиіс.
Тәжірибеден өту кезінде студент міндетті:
Тәжірибе өтетін орынға, оқу аудиториясына, бекітілген уақытта
келуге және күнделікке сәйкесінше жазба жасауға;
Тәжірибені өту кестесін жасап, оны кафедрадағы жетекшілермен
мақұлдауға;
Жетекші мен бағдарламадағы нұсқауларды бұлжытпай орындауға;
Теориялық білімді бекітуге, өз бетінше тәжірибені меңгеріп және
зерттеу қасиеттерін жетілдіруге;
Күніне тәжірибені өту туралы күнделікті толтырып отыру;
Зерттеліп отырған ұйымның (кәсіпорынның, банктің, компанияның)
және оның бөлімшелерінің құрылымымен таныс болуға;
Қызметтік құжаттаманы жасаудың және оның жүру ретімен таныс
болуға;
Еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы мен санитарлық тәртіпті қатал сақтау;
Орындалатын жұмыс пен оның нәтижесіне жауапкершілікпен қарау;
Кафедраның қоғамдық өміріне қатысу және ұйымдастырушылық, басқару мен тәрбие жұмыстары бойынша тәжірибе алу.
Тәжірибенің оқу пәндерін есепке ала отыра кафедра келесідей тәжірибені өтудің кестесін ұсынады:
«Корпоративтік қаржы» және «Қаржылық менеджмент» пәндері бөлімі бойынша оқу практикасының тапсырмаларын орындау үшін нақты жұмыс жасап отырған кәсіпорынның қаржылық есебінің мәліметтері болу керек.