Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономика және құқық негіздерін оқытудың әдісте...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.95 Кб
Скачать

7.Активті оқытудың мәні мен ерекшеліктері

Белсенді оқытудың негізгі қағидалары.

Оқыту принципі дегеніміз дидактикалық үрдісті жүзеге асыруда басшылыққа алынатын жетекші идея мен оны ұйымдастырудағы қағидалық ұстаным және тиісті деңгейлік мөлшерге қойылатын негізгі заңдылық талаптар. Бұл оқыту үрдісін реттеп, ереже белгілеп, деңгейін айқындауға ортақ жалпылама нұсқау арқылы сипатталады. Оқыту принципінің дидактикасын белгілейтін педагогикалық зерттеу барысында жасалған ғылыми талдаулар мен оқыту үрдісінің заңдылықтары болып табылады. Оқыту принципі қабылданған дидактикалық тұжырымдамаларға байланысты. Қазіргі егемендік алған қазақ еліндегі дидактиканың принциптік жүйесі бұрыннан белгілі классикалық негізге құрылған және оның ғылыми теориялық, практикалық дамуы әлемдік педагогикалық таным-түсінік заңдылықтарымен сабақтас. Оның негізгі таралым-тармақтары мынау: Оқыта отырып тәрбиелеу принципі; Оқытудағы ғылымилық принципі; Теория мен практиканың байланыстылығы; Жүйелілік пен бірізділік, тиімділік; Шамағалайықтылық, түсініктілік; Көрнекілік; Саналылық, беріктік, белсенділік;

Педагогикалық үрдістегі бағыт-бағдар сәйкестігі. Осының ішінде оқытудағы саналылық пен белсенділік принципі- қазіргі дидактика саласындағы басты мәселенің негізгілерінің біріне саналады. Өйткені оқушының ынталанып әрекеттенуі, белсенділігі білімдегі саналылықты жетілдіріп, жақсы нәтиже беретін тиімді жол. Білімді оқушы неғұрлым саналы меңгерсе, оның нәтижесі де соғұрлым табысты болатындығы оның әрбір іс-әрекетінен байқалыпт ұрады. Алдымен оқудың мақсатын айқын түсініп, соған лайықты өзінің атқаратын іс-әрекетін ретті жоспарлап, оны қалай орындауды тиімді ұйымдастырады. Мұғалімнің оқушы белсенділігін көтеріп саналылығын жетілдірудегі ұстанымы: Оқушының білуге деген ынтасына мән бере отырып, оның ілімге деген танымын қалыптастырып, кәсіби бейімділігін, қызығушылығын жебеу арқылыб елсенділігін дамыту. Оқушыны проблемалық ситуацияны шешуге, проблемалық оқуға қатыстырып, олардың іс дену барысындағы еңбегін ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге бағыттау. Оқытудағы белсенділікті арттыратын тиімді әдіс-дидактикалық ойындарға, пікір сайысына, оқылатын пәннің тиісті тақырыбына үйлесімді жобалар жасауға т.б. оқушыларды кеңінен қатыстыру. Сабаққа байланысты оқушылардың атқарған істері, меңгерген білімі жөнінде сыныптық ұжымды жаппай қатыстырып, өзара ой бөліну-шәкірт белсенділігін арттыруға ықпал етеді, алған білімнің саналы болуына әсері мол.

Бұл принциптің жүзеге асуы оқушының білімдік дамуын қамтамасыз ету мен қатар тәрбиелік мәне де зор екендігін және болашақ еңбеккердің сапалық қасиеттерінің негізі осыдан бастау алатындығы ескерілуге тиіс.

8.Активті оқыту әдісінің жіктелуі

Оқытудың активті (белсенді)әдістері 

1. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері;

2. оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, іс ойын, тренинг жатқызуға болады.

Активті оқу әдісі(АОӘ) деп оқу материалын игеру үрдісінде студенттерді белсенді ақыл-ой және тәжірибелік қызметке тартатын әдістерді айтады.

АОӘ имитациялық және имитациялық емес деп екіге бөлінеді.

Имитациялық емес АОӘ, жалпы студентердің танымдық қызметін белсендетуге бағытталған, олардың келешегі шартты жағдайда нақты жағдайлардың имитациясы болмайды. Оларға проблемалық дәрістер, семинарлар, өз бетінше жасалатын курстық және дипломдық жобалау, әр түрлі олимпиадалар, конференциялар жатады.

Имитациялық АОӘ (кәсіби қызмет имитациясы) ойынды және ойынсыз болып бөлінеді.

Ойынсыз имитациялық АОӘ –не нақты жағдайлар әдісі, имитациялық жаттығулар, оқушыларға белгілі шешімдерді студенттердің табуы, компьютерде жеке тренинг. Мұнда талап – ауыспалы шамаларды өзгертпеу және рөлдерді ойнамау. Мысалы, нақты жағдай әдісінде студенттерге жағдайдың суреттелуі мен оған бақылау сұрақтары айтылады, берілген мәселе бойынша дискуссия ұйымдастырылады және қорытынды жасалады. Мұнда қатысушыларды қызығушылығы бойынша бөлу, оларды бір-бірімен салыстыру, бір-біріне қарсы қою жоқ, яғни ойын элементтері жоқ.

Ойынды имитациялық АОӘ-не іскерлік ойындар, оқу ойындары, рөлдерді ойнау әдісі, компьютермен жеке ойын тренингі жатады. Ойынды АОӘ-нің негізінде ойын байланыстары, қатынастар бар. Алайда оған іскерлік ойындардың барлық белгілері қатыспайды. Мысалы, компьютермен жеке ойын тренингінде рөлдерді бөлу жоқ, себебі, қатысушы жалғыз.