Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономика және құқық негіздерін оқытудың әдісте...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.95 Кб
Скачать
  1. Экономика және құқық негіздерін оқытудың мәні мен рөлі. Бара адамның тіршілігі құқықпен және экономикамен тығыз байланысты. Ертеде бұл ғылым салаларының өзіндік атауы болмаса да адамдар тіршілігінде терең қолданылып келеді. Алғашқы отбасылық, рулық қоғамдардан мемлекет пайда болғанға дейін экономика мен құқық жоғарғы статусқа ие болып, күнделікті тіршілікті реттеуші өте маңызды құралдардың біріне айналды.

Білім алушылар экономика теориясының не екенін түсіне алатын, оны практикада қолдана алса, оларда елдің болашағы туралы экономикалық саясат қалыптаса алады. Қазіргі нарықтық экономикада оқушыларды нарық жағдайындағы экономиканың ерекшеліктеріне сай оқыту керек. Оқушыларға экономика негіздерін ғана оқытып қоймай, оқушылардың барлық сабақтары нарықтық эконмикаға бейімделіп оқытылуы керек. Оқушы эконмикалық қағидаларды, ережеледі, теорияларды өмірде де қолдана ауы керек. Мысалы, химия пәнін оқып, ондағы қоспалардың, олардың бірі-біріне реакцияларының ерекшеліктерін пайдалана отырып жаңа зат жасау. Оны өндіріске енгізу. Әрбір өз пайдасын ойлап, соған ұмтылған адам қоғамның да пайдасына жұмыс істейді.

Құқықсыз мемлекет болмайды. Әр мемлекеттің ең жоғары заңдары және одан тарайтын басқа да заңдары жетерлік, сонымен қатар, халықаралық заңдар мен келісім-шарттар бар. Адамдар мен азаматтардың күнделікті тіршілігі әркет еткеніне байланысты белгілі бір заңдармен реттеліп отырады. Кейбір жағдайларда адамдардың заңдарды толық білмеуінен заңға қайшы іс-әрекеттер немесе өз құқықтарын білмей мүдделерін қорғай алмай жататын кездер болады. Сондықтан, мұндай жағдайлар орын алмас үшін алдын ала құқық негіздері туралы түсынык қалыптастыру қажет. Қоғамдағы жекелеген қатынастар заңмен реттеліп отыратындықтан заңды білу маңызды.

Келесі бір жағдай кейбір ауыл мектептерінде экономика негіздері оқытылмайды. Ал бұл болашақ экономист мамандығын оқитындарға экономикалық теорияларды бірден жоғарғы оқу орнының қабырғасында оқу қиынға соғады.

Құқық және экономика негіздерін оқу, теориялық білім алу, оны практикада қолдана білу – олармен байланысты барлық жағдайларда орны толмас білім көзі болып табылады.

2.Қазақстан Республикасының білім беру кеңістігіндегі инновациялар.

Қазіргі күнде электрондық оыту жүйесін енгізу туралы жоба қолға алынған. «E-learning» жобасын жүзеге асыру екі кезеңге қарастырылған. Бірінші кезеңде 2011-2015 жылдарда 50%-дан астам білім беру ұйымдары қосылады. Екінші кезеңде 2016-2020 жылдарды 90%-дан астам білім беру ұйымдары қосылады. Электронды оқыту жүйесін енгізу оқу үрдісін және статистиканы (электронды журналдар, кітапхана, күнтізбе, күнделік, ата-аналарды sms арқылы хабарландырып отыру) толық автоматтандыруды болжайды. Оқытушылар мен оқушылар әлемегі ең мықты білім ресурстарына қол жеткізе алады. Электронды оқытуды енгізу мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламаларының 2020 жылға дейінгі бағыттарының бірі. Бұл бағдарлама шеңберінде мектептер цифрлық білім беру құрылғыларымен,4-10 Мбит/сек. жылдамдықпен болатын интернетпен қамтамасыз етіледі. Мұғалімдер мұндай масштабты реформаларға дайын болуы үшін мемлекет әр жыл сайын 8 мың мұғалімнің квалификациясын көтермекші.

Жаңа техникалардың көмегімен мектеп жасындағы мүгедек оқушылар үйінде отырып, қашықтықтан оқытыла алады. Мысалы Шымкент қаласында 25 жасөспірім оқушы қашықтықтан оқуға мүмкіндік алды.

«Планшетизациялауды» алғаш рет Кәрім Мәсімов айтқан еді. Оны Жұмағұлов мырза қолдап, мемлекеттегі 44 мектептің оқушыларын планшетпен қамтамасыз етпек. Бұл 5-10 сыныптар аралығында тәжірибеден өткізіледі. Себебі үлкен кітаптарды сатып алып, оны көтеріп жүргеннің орнына әрі жеңіл, әрі заманауи техникамен жұмыс істеу тиімді.бұл жобаны толық 2020 жылға дейін жүзеге асыру үшін 134,9 млрд. теңге қажет. Жұмағұловтың айтуы бойынша электронды оқыту оқушыларды қалалық, ауылдық деп бөлмей, бәріне бірдей білім беруге, әлемдік стандарттарға сай басқа мемлекеттердің тәжірибесінен өтіп тиімділігін көрсеткен. Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Финляндия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерде электрондық оқыту бойынша ұлттық бағдарламалар орындалық жатыр. Қазақстанның да мұндай тенденциядан қалу ойында жоқ. Мектепке дейінгі тәрбиелеуде - оқытатын компьютерлік ойындар, орта мектептерде – электронды оқулықтар, колледждер мен мамандандырылған лицейлерде – виртуалды тренажерлар, жоғарғы оқу орындарында – электронды ғылыми-зерттеу зертханалары қолданылатын болады.

Ал енді елдегі жоғарғы оқу орындарына келетін болсақ, мұнда әлемдік стандарттарға сай кредиттік жүйе қолданылуда. Мұның ең басты артықшылығы басқа дамыған мемлекеттердің оқыту жүйесі мен бағалау әдістері бірдей болғандықтан мұнда айырмашылықтар аз болады. Студенттердің пәнге қатысты ақпараттар мен тапсырмаларды ортақ желіден ала алатын мүмкіндіктері, сабақ-емтихан кестелері, күнделік, студент туралы ақпараттар, университет туралы және ондағы барлық ақпаратпен танысуға мүмкіндік алу бұл уақытты тиімді пайдаланып, жұмысын жеңілдетуге көп септігін тигізеді.

3.Оқытудың классикалық әдісі. Бұл әдістің ерекшелігі білім алушыларға белгілі бір анық білімді беруде. Оқытушы материалдың мазмұнын айтып береді және оның игерілгендігін тексереді. Бұл оқытудың басты қызметі баламаға жол бермеу. Берілген әдісте тек ережеге сай немесе қатаң қағидадағы білімдер ғана ескеріледі. Білім алушылардың пікірі ескерілмейді. Бұл әдістің негізін мұғалімнің білімді, білім мен біліктілікті жылдам, нақты және берік меңгеруге қойған талаптар жүйесі құрайды. Оқыту біржақты монологиялық формада жүзеге асырылады: «қайталаңыз», «елестетіңіз», «есте сақтаңыз», «үлгі бойынша істеңіз».

Класскикалық оқыту әдісінде білім алушылардың жадтарына артық салмақ салынады, сол кезде басқа психикалық процесс сияқты – қабылдау, елестету, альтернативті және өзіндік ойлау шектеледі. Бұл шаршауға және оқыуға деген ынтаның жоғалуына алып келуі мүмкін. Осындай оқытудың нәтижесінде өзіндік шешім қабылдай алмайды, бұйрықтар мен шектеулерге үйренеді, белсенді емес орындаушыға және қызметкерге айналады.

Оқытудың бұл әдісі екі қауіпті синдромды туғызады: біріншісі – қате жасаудан қорқу: «Мүмкін мұғалімнің айтқанын дұрыс түсінбей қалған шығармын?». Осыдан адамның психологиясы туындайды «Көзге түспеу керек. Егер сұрамаса, кіріспе. Саған бәрінен бұрын қажет?». Нәтижесінде білім алуышлар тыңдауға үйренеді, бірақ сөйлеуді, сынға алуды ұмытады. Екінші синдром – бұл ұмытып қалудан қорқу. Оқушылар алдында мынадай міндет тұрады: «Сен мұғалімнің айтқандарын және кітапта не жазылса, соның бәрін есте сақтап және барлығына жауап бере алуың керек».

Мұғалімде де «бағдарламаны өтіп үлгермеу, оқыту қағидасын бұзбау» - деген қорқыныш синдромы дамуы мүмкін.

Бұл әдіс дағдысында негізгі үш сызық қарастырылады. Біріншісі, көрнекі сөйлеу: «шектен шықпау, оған уақыт жетпейді». Екінші сызық қиын материалды оңай түсіндіруді болжайды. Үшінші сызық мұғалімнің іс-әрекеті фактілерге ғана сүйенеді және оларды талдамайды. Фактілер жеңіл әрі түсініктірек.

4. Оқыту нысандарының эволюциясы. Педагогикада оқыту жұмысының келесідей нысандары орын алды: жеке оқыту; жеке-топтық оқыту; сынып-сабақтық жүйе; Белл-ланкастерлік жүйе; АҚШ-тың Батавтық жүйесі; Еуропадағы Маннгеймстік жүйе; Дальтон-жоспар; жобалар әдісі; оқыту экскурсиялары; еңбекке оқыту нысандары; бағдарланған оқыту.

Оқытудың ең ежелгі нысаны болып жеке оқыту табылады. Мұнда мұғалім – оқушы.

Жеке-топтық оқытуда оқышалар саны бірнешеу болған. Дегенмен де оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке оқыған, тапсырмалары бөлек, әр уақытта оқитын болған, әртүрлі бағдарламалармен өқығандықтан олардың оқу нысаны жеке оқытуға жатқан.

Өндірістің және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуымен балаларды жаппай оқытуға қажеттілік туындады. ХҮІІ ғасырда чех ғалымы Коменский оқытудың сынып-сабақтық жүйесін енгізді. Сынып-сабақтық жүйенің мәні – бірдей жастағы білім алушылар жеке сыныптарға бөлінеді, олармен сабақ алдын ала жоспарланған кесте бойынша жүргізіледі, барлық білім алушылар бір материалды игерумен айналысады. Оқытудың негізгі нысаны болып сабақ табылады. Коменский нақты пәндерді ерекшеледі, бірнеше бағдарлама мен оқылықтар жазды.

Бірлесе оқытудың Белл-ланкастерлік жүйесі 1798 жылы Англияда пайда болды. Мәні – мұғалім жасы үлкен оқушылармен жұмыс істеді, одан кейін ол оқушылар жасы кішілерді оқытты. Бірақ бұл кең өріс алмаған оқу нысаны болды.

ХІХ ғасырдың соңында жалпылама оқыту нысанының, соның ішінде сынып-сабақтық жүйенің кемшіліктеріне қарсы әсер ретінде оқытудың таңдамалы нысандары пайда болады: 1) оқытудың Батавтық жүйесі оқу күнін екі бөлікке бөлді: бірінші бөлімі – білім алушылармен ұжымдық жұмыс, екіншісі – жеке жұмыс және күштілеріне, сондай-ақ әлсіздеріне көмек көрсету. 2) Маннгеймстік жүйе. Мәні – білім алушылардың қабілеттіліктеріне қарай күшті, орташа және әлсіз сыныптарға топтастыру. Бұл мектептің элементтері осы күнге дейін Австрияда сақталған.

1905 жылы АҚШ-та «Далтон-жоспар» жүйесі пайда болоады. Мәні оқу бағдарламаларының ретпен орындалуы.

ХХ ғасырдың басында АҚШ-та Килпатрикпен құрастырылған оқытудың жобалық жүйесі қолданыла бастады. Мәні – жеке пәндердің оқу материалын игеру емес, мұғаліммен бірге жобаланған және жүзеге асырылу барысында олар тілдердің, тарихтың элементтерімен танысатын балалардың тәжірибелік жұмысын ұйымдастыру.

ХХ ғасырдың 80-ші жылдары Ұлыбритания, АҚШ мектептерінде білім алушылардың үлгерімін жоғарылату үшін оларды шағын топтарға бөліп, кооперативті түрде оқытты. Білім алушылар бір-бірімен бәсекеге түспейді, ал бір-біріне қолдау көрсетеді. Мұнда ең әлсіз оқушы өзіне өзі сенімді бола бастайды.

Топтық және жеке оқыту нысанында өздігінен білім алу дағдысын дамытуға көр мүмкіндіктер бар. Дарынды және үлгерімі төмен балалар жеке бағдарламалар бойынша дайындала алады. Жеке бағдарламалармен жұмыс істеу тиімді, дегенмен онда қарым-қатынас жасау проблемалары пайда болады. Сөйтіп, оқытудың дәстүрлі нысаны сақтала отырып, оқушының білімді өздігімен ізденуге көмектесе отырып, жаңа қырынан көрініп отыр.

5.Оқу үдерісіндегі дәрістің рөлі және оның жіктелуі. Дәріс дегеніміз жаңа орнындағы оқытудың дәстүрлі және жетекші нысаны . Дәріс термині латын тілінен аударғанда «оқу» деген мағынаны білдіреді. Дәріс белгілі бір ғылыми сұрақтың немесе мәселенің логикалық байланыстылықта, жүйелілікте және бірізділікпен байандалуы. Дәріс сабағының міндеті оқушылардың танымдық қабілеттерін , зеттеушілік дағдыларын және тұлғалык қасиеттерін қолыптастыру.Дәріс сабағының міндеті:-пән бойынша ғылыми білімнің негіздерін жүйелеу- ғылым мен техниканың сәйкес саласы бойынша даму жағдайы және бағдарын ашу- сәйкес ғылым бағыты бойынша неғұрлым күрделі түйінді мәселелерді қарастыру- оқушылардың пәрменді, танымдық іс әрекеттерін ынталандырады- шығармашылық ойлау дағдысын қалыптастыруға жағдай жасайды.Дәрістін тиімділігін арттыру үшін дәрісті оқу барысында дауыс сөз мәнері, сөз мәдениеті, әртүрлі қыстырма сөз болмауы тиіс.Оқытушы аудиторияның талабын ескеру керек және аудиторияның пікірін тыңдау керек. Дәріс және оны ұйымдастыру әдістемесі.Дәріс белгілі бір ғылыми сұрақтардың немесе мәселенің логикалық байланыстылықта,жүйелілікте және бірізділікпен баяндалуы.Дәріс сапарының міндеті оқушылардың мойында танымдық қабілеттердің,зерттеушілік дағдылардың және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру. Дәріс өткізу не ушін қажет:1.Пән бойынша ғылыми білімнің негіздерін жүйелеу;2.Ғылыми және техниканың сәйкес саласы бойынша даму жағдайы және бағдарын ашу;3.Сәйкес ғылым бағыты бойынша неғұрлым күрделі,түйінді мәселені қалыптастыру;4.Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ынталандырады және шығармашылық ойлау дағдысын қалыптастыруға жағдай жасайды.Дәрісті ұйымдастыру әдістемесі:1.Жоғарғы ғылыми деңгейлілік;2.Дәрістің мазмұнын баяндаудан алдын тақырыптың мазмұнын негізге алу керек;3.Дәрістің алдын-ала жоспарын жасау;4.Қажетті материалды жинақтау;5.Дәріске дайындалу барысында оқулықтар,ғылыми әдебиеттер және пән бойынша жасалған конспектілер қолданылады;6.Дәрістің конспектісін жасау;Дәріс 3 бөліктен тұрады:30-40 минут: оқытушы қарқынды темппен оқып шығады.20-30 минут: дәрісті слайд,плакат,тұтқалар арқылы қайталап шығады.20-30 минут: студенттер өз бетінше тұтқаларды қолдана және оқытушымен келісе отыра дәрістің конспектісін жасайды. Дәрістің түрлері:1.Кіріспе;2.Қорытынды;3.Шолу;4.Орнықты;5.Курс бойынша кезекті дәрістер Дәрісті жүргізуге қойылатын талаптар:1.Қолда анық жоспар болу керек;2.Дәрісті оқу барысында дауыс,сөйлеу мәнеріне көңіл бөлу керек және арасында қыстырма сөздер болмауы керек;3.Оқитын пәнді толыққанды білу керек;4.Аудиторияның жай-күйін,атмосферасын сезіне білуі керек;5.Оқытушы аудиторияның пікірін тыңдауы қажет;6.Оқу стилін анықтау(диктантқа айналдырмау);7.Шығармашылық жағдайдың қалыптасуы.

Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу процесіндегі орнына байланысты дəрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық , қорытындылау жəне шолу- түрлерімен ажыралады.

Оқу дəрістерін өткізу əдіс-тəсілдеріне орай дəрісбаян түрлері төмендегідей:

- ақпараттық дəрісбаян – түсіндірме-көрнекілік əдіспен өткізілетін дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі;

- проблемді дəрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процесі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, əрқилы көзқарастарды салыстыру жəне т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты;

- көрнекілі (визуалды) дəрісбаян – оқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі;

- бинарлы дəрісбаян (диалогты дəрісбаян) – оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі – практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы;

- шатастыру дəрісбаяны (лекция провокация) –мұндай дəрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат –оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға жəне көзделген олқылықтарды байқауға үйрету. Дəрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып, жіберілген қателіктерге талдау беріледі;

- дəрісбаян –конференция – ғылыми-практикалық сабақ түрінде күн ілгері белгіленген, оқу бағдарламасына сəйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды, ақпаратты толықтырады əрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды;

- Кеңес дəрісбаяндар «сұрақ-жауап» не «сұрақ-жауап-сөз-жарыс» күйінде материалды оқушыға жеткізу формасы;

- Екеу дəрісбаяны (лекции вдвоем)- бір пəн не тақырып бойынша екі маман бір уақытта дəріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі анықталады.

Дəрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:

- жалпы мақсаттарына байланысты оқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық, тəрбиелік, дамытушылық дəрісбаяндары ажыралады;

- мазмұны бойынша; академиялық жəне ғылыми көпшілік дəрісбаяндары белгілі;

- ықпал-əсеріне орай: көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі дəрісбаяндар қолданылуда.

Құрылымдық жағынан, əдетте, дəрісбаян үш: кіріспе, негізгі жəне қорытынды – бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады, жоспар мен міндеттер таныстырылады, негізгі жəне қосымша əдебиеттер көретіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық жəне практикалық маңызы сипатталады. Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылып, өзекті идеялар мен ұстанымдар нақтыланады, олар арасындағы байланыстар, қатынастар көрсетіліп, құбылыстар талданады, қалыптасқан тəжірибе мен ғылыми зерттеулерге баға беріледі, даму болашағы жөнінде жол - жоба анықталады. Қорытынды бөлім қызметтерінің мəні – мазмұн нақтылы үйретіліп, негізгі теориялық көзқарастар қысқаша қайталанып, жалпыланады, қорытынды ой-сөз жүйесіне келтіріліп, сұрақтарға жауаптар беріледі.