Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
145.41 Кб
Скачать
  1. Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары

Анитимонополиялық саясат монополистер қызметіне тыйым салу, оларды рыноктан ығыстыру, ірі компанияларды мәжбүрлеу арқылы ұсақтау негізінде арқылы монополиялық үрдістерді жан-жақты шектеуге бағытталған саясат болып табылады.

Айта кететін бір жайт, кейбір коррупцияға ұрынған мемлекеттік шененуіктер, тіпті билік органдары пара алу мақсатында немесе монополистік қызметке және монополизацияланған компанияларға көмек қолын созуға тартылып, монополистерді жасырын да, асқынған түрінде ашық та қолдайтыны белгілі. Мұндай белгілі «шатыры» бар аумақтық монополизм рыноктық трансформациялау кезінде көптеп орын алады.

Монополизмнің кез келген формадағы етек алуы мемлекет пен қоғамға, экономика мен кәсіпкерлікке аса зор шығындар әкеледі.

Монополистік құрылымдардың рынокты жаулап алуының теріс салдарына мыналар жатады:

  1. Монополистер астыртын бағалық ымыраға келу арқылы өздері ұсынатын тауарларға жоғары баға тағайындайды;

  2. Монополист-өндірушілер өндірісті дамытуға, тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасын арттыруға, тұтынушылардың қажеттілігін неғұрлым толық қанағаттандыруға мүдделі емес, себебі оларға бәсекелестер тарапынан қауіп жоқ, ал жоғары пайданы өндіріс көлемінің шектеулі жағдайында да бағаны жоғарылату жолымен алуға болады;

  3. Монополизм өндірістің, ресурстарды пайдалану деңгейінің тиімділігіне қарамастан ресурстарды монополистер пайдасына, тиімсіз бөлу үрдісін туындатады;

  4. Бас пайдасын ғана ойлайтын монополистер үшін мемлекет пен қоғам мүдделері кейінге ысырылады, олар бәсекелестерін өндірістен де, рыноктан да аяусыз ығыстырады;

  5. Монополизм мемлекеттік билік аппаратымен, мемлекеттік басқару органдарымен, әрдеңгейлі шенеуніктерімен ымыраға келіп өз орбитасына жаңа қатысушыларды қосып алуға мүмкіндігін кеңейте береді.

Антимонополиялық мемлекеттік реттеу теориясы мен практикасында «рыноктағы жағдайының басымдығы» түсінігі пайдаланылады. Бұлған белгілі бір тауар рыногындағы бір немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілердің шешуші әсер етуі жатады. Өзінің басым жағдайын теріс пайдаланушылар қатарына тауарлардың жасанды тапшылығын жасаушылар, баға жасаудың орнықтырылған тәртібін бұзушылар, рынокқа басқа қатысушылардың кіруіне кедергі келтірушілер, контрагенттерге келісімнің өзіндік шарттарын зорлап міндеттеушілер жатады.

Антимонополиялық қызмет үшін жауапты мемлекеттік органдардың қолында едәуір күштеу құралдары жинақталған.

Солардың ішінен келесі құралдарды атап айтуға болады:

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін атқарылуы міндетті директивалық нұсқаулар;

  2. Монополды құрылымдарды мәжбүрлеу негізінде бөлшектеп, олардың құрамынан дербес, тәуелсіз ұйымдар мен мекемелерді қалыптастыру;

  3. Антимонополиялық заңнамаға қайшылықты келісімдердің, шарттардың, мәмілелердің күшін жою;

  4. Антимонополиялық заңнама және басқа да нормативтік актілермен қарастырылған ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салу, санкциялар қолдану, әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану;

  5. Монополист ұйымдар мен кәсіпорындарды мәжбүрлеу арқылы таратып жіберу.

Осындай мемлекеттік антимонополиялық әсер ету шараларының молдығына қарамастан, оларды жүзеге асыру монополистер тарапынан күшті қарсылыққа ұшырайды. Сондықтан, мемлекеттің антимонополиялық қызметі үздіксіз сипатта болуы тиіс, өйткені монополиялық құрылымдар жаншылған монополистік көріністерді қайта туындатудың жаңа жолдары мен әдістерін табудан ешбір жалықпайды.