- •Ұлттық экономикалық жүйе
- •Қазақстан үлттық экономикасы үлгісінің ерекшеліктері
- •Өтпелі экономика және ұлттық экономика үлгісін қалыптастыру
- •Қазақстан экономикасы ұлттық үлгісінің әлеуметтік даму негіздері
- •Қазақстан үлттық экономикасында еңбек қатынастарының қалыптасуы
- •Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуы. Мемлекеттік бағдарламалар
- •Бюджет және бюджетаралық қатынастар
- •Мемлекеттік экономикалық саясаттың мәні
- •Мемлекеттің бюджеттік саясаты
- •Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары
- •Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау
- •Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыттары
- •Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары
- •Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаты мен міндеттері
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыттары
Қазіргі дамыған елдердің барлығында дерлік ауыл шаруашылығы экономиканың маңызды сферасы ретінде мемлекеттің қолдау объектісі болып отыр. Өндірістің бұл саласындағы басты қағида еркін рынок жағдайындағы сұраныс пен ұсыныс арақатынасын белсенді мемлекеттік реттеумен толықтыруда болса керек.
Батыс елдерінде мемлекет ең маңызды деген ауыл шаруашылық өнімдеріне минималды бағалар тағайындайды және оны қайта қарап отырады. Осындай әрекеттер арқылы өндірушілер бағаның тым төмендеп кетуінен қорғалады. Аграрлық саясатты жүргізуге байланысты шығындар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады. А.Ө.К.-ті рыноктық экономика жағдайында реттеу көпқырлы мәселе болып табылады.
Сонымен, агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу – бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін, шикізатты және азық-түлікті өндіру, өңдеу және өткізу, сондай-ақ аграрлық секторды өндірістік-техникалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің экономикалық әдістер арқылы әсері болып табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттің реттеуші қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:
Заңнамалық база жасау, реттеуді құқықтық қамтамасыз ету. Мемлекеттік реттеу монополдық құрылымдардың теріс әсерін болдырмауға бағытталуы тиіс.
Қазақстанда аграрлық реформа жүргізу барысында мейлінше монополданған ресурстық, шикізаттық, азық-түлік рыноктары қалыптасты. А.Ө.К.-пен шектес салалардың монополизмі, делдалдардың көптігі бағалар диспаритетін (теңсіздігін) туындатып, ауыл шаруашылығында жасалған жалпы табысты монополистер мен делдалдардың пайдасына қайта бөліп, А.Ө.К.-тің негізгі саласындағы ұдайы өндіріске кедергі келтірді.
Аграрлық рыноктардың барлығында бәсекелік орта қалыптастыру. Мұның өзі А.Ө.К.-тің түпкі табысын оның барлық буындарының шығындарына сәйкес қайта бөлуге көмектеседі. Бұған қоса баға теңсіздігін жою үшін энергетикалық кешен, көлік, байланыс кәсіпорындарының қызметін реттеуде мемлекет-рөлін күшейте түсетін заңнамалық негіз қажет.
Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту, тауар өндірушілерді рынок шарттарына бейімдеу жағдайларын жасауды қолдау. Осыған байланысты мемлекеттік реттеудің маңызды қызметіне тамақ өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізаттарына орнықты сұранысты қолдау жатады.
Мемлекет А.Ө.К. өнімдеріне, мемлекеттік тапсырысқа қажетті баға жүйесін реттеу арқылы халықтың табысын қалыптастыруға әсер етіп, тұрғындардың төлем қабілеті бар сұранысын түзуге жәрдемдеседі.
Ақылға қонымды протекционизм (қолдау) саясатын жүргізу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кедендік тарифтер, импорттық азық-түлік тауарларына салықтар көмегімен жүзеге асады.
Шетелдік инвесторлар үшін қолайлы ахуал жасау, А.Ө.К.-тің біріккен кәсіпорындарын құру, озық техника мен технологияны импорттауды қолдау мақсатында шетелдік кредиторлар үшін мемлекеттік кепілдіктер беру.
А.Ө.К.-проблемалары бойынша шешуші ғылыми бағыттарды қаржыландыру, әлемдік стандарттарға сай жаңа технологияларды жасау бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысу.
Агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу бірқатар экономикалық құралдар арқылы жүзеге асады. Бұлардың ішінде бағаның рөлі ерекше. Баға – рыноктық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Бағаларды ырықтандыру ұсынысты да, сұранысты да қысқартты және бағалар диспаритетін (теңсіздігін) туындатты. А.Ө.К.-тің негізгі баға жасаушы буындары бойынша бағалар теңсіздігін реттеу қажеттілігі туып отыр. Бұл диспаритеттер: энерготасушылар – транспорттық тарифтер - А.Ө.К. үшін машина жасау салаларының өнімі – ауыл үшін қызмет көрсету – ауыл шаруашылығы шикізаты – өңдеу, тамақ өнімдері саудасы тізбесі бойынша реттелуі тиіс.
