- •Ұлттық экономикалық жүйе
- •Қазақстан үлттық экономикасы үлгісінің ерекшеліктері
- •Өтпелі экономика және ұлттық экономика үлгісін қалыптастыру
- •Қазақстан экономикасы ұлттық үлгісінің әлеуметтік даму негіздері
- •Қазақстан үлттық экономикасында еңбек қатынастарының қалыптасуы
- •Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуы. Мемлекеттік бағдарламалар
- •Бюджет және бюджетаралық қатынастар
- •Мемлекеттік экономикалық саясаттың мәні
- •Мемлекеттің бюджеттік саясаты
- •Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары
- •Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау
- •Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыттары
- •Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары
- •Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаты мен міндеттері
Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары
Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруда өте маңызды рөлді осы саясаттың дұрыс таңдалған мақсатты құрылғылар атқарады. Олардан өнеркәсіптік саясаттың нақты типтері, басымдықтар жүйесі және оның нақты мазмұны, пайдаланылатын құралдар арсеналы тәуелді.
Экономикалық әдебиеттерде мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың түрлі жіктелінуін кездестіруге болады:
А) экономикалық өсім сипаты бойнша өнеркәсіптік саясаттың балансталған және балансталмаған типтері ажыратылады;
Б) өнеркәсіптік кешенге әсер ету тәсілі бойынша өнеркәсіптік саясаттың активті және пассивті типтері болады;
В) бағыттлығы бойынша өнеркәсіптік саясаттың жалпы жүйелік және селективті типтерге бөлінеді;
Г) мазмұны бойынша экспортқа бағдарланған, импорт алмастырушы және инновациялық типтер;
Д масштабы бойынша жалпы ұлттық және аймақтық өнеркәсіптік саясат.
Оларды тәжірибеде қолдану ұлттық экономиканың нақты жағдайынан және ерекшелігінен, оның өнеркәсіптік кешенінің қалыптасқан даму деңгейінен және қабылданатын стратегиялық мақсатты құрылғылардан тәуелді. Нақты шаруашылық тәжірибеде өнеркәсіптік саясаттың түрлі типтері белгілі бір жиынтықта және үйлесімділікте пайдаланылуы мүмкін.
Бүгінде өнеркәсіптік саясаттың жүзеге асу мәнін құрайтын, бес басты факторлар мен бес құралдарды қарастырамыз:
1. Өнеркәсіптік өндірістің макроқұрылымын соңғы өнім шығаратын, ішкі тауар рыногында бәсекелестікке қабілетті және халықаралықта келешегі зор салалар пайдасына шұғыл өзгерту; импорт орнын толтыратын өнімдерді шығаруды көбейту. Республикада шығаруға болатын, импорт тауарларын қысқарту үшін, импорт орнын толтыратын бағдарлама жасалған.
2. Шетелден өндірістік сала аппаратын жаңарту, еңбек тиімділігін арттыру мақсатында бәрінен бұрын технологиялық инвестиция тарту.
3. Ғылымды қажетсінетін өнеркәсіп саласын - машина құрастыру саласын, әсіресе ауыл шаруашылығы және тау-кен металлургиясын дамыту. Ол үшін материалдық-шикізаттық және еңбек ресурстарының белгілі бір үлесін шоғырландыру қажет.
4. Еңбектің халықаралық бөлінісін нақты анықтау және еңбек бөлінісінде халықаралық үдеріске лайықты түрде бірігу қажет.
5. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік өңдеу саласын тікелей ауылдық жерде дамыту.
Бұл мыналарды қамтамасыз етеді:
а) өндірістің соңғы кезеңін жоғарылатады;
э) ауылдық жерде жұмыссыздықтың өткір проблемасын азайтады.
Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау
Инновация – инновациялық қызметтің, инновациялық үрдістің нәтижесі, оның барысында әртүрлі қызметтер жүзеге асырылады, мысалы: ғылыми – техникалық зерттеулер, өндіріс, маркетинг және менеджмент. Оның «пайдалы инновациялық тиімділігін» анықтау пайдалы функциясы арқылы жүзеге асырылады – ол инновацияның жаңашылдықтан, белгілі бір ашудан ерекшелігі. Өнертабыстардың әлеуметтік немесе экономикалық құндылығы болмайды, егерде олар инновацияларға айналмаса. ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңында инновация деп экономикалық айналыста жүрген жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс немесе жаңа немесе жетілдірілген тауар ретінде жүзеге асырылған интеллектуалды шығармашылық еңбек нәтижесі түсіндіріледі.
Сонымен, экономикалық талдау үшін «инновация» категориясының төрт маңызды аспектісі маңызды:
инновация – кәсіпкердің инновациялық қызметі арқылы инновациялық өнім түрінде нақты өмірге жүзеге асырылған интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде;
инновация –бұл нарықтық тепе – теңдікті бұзатын бәсекелік күш;
инновация пайдалы тиімді қамтамасыз ететін жаңа немесе жетілдірілген өнім немесе үрдіс ретінде;
инновация экономикалық өсу факторы ретінде.
Инновациялар түсінігі өзінің эволюциялық дамуында әртүрлі нысандар мен мазмұнға ие болды. И.В. Афонин пікірінше, «ғасыр метаморфозасының өкілі» ретнде белгілі ғалым Джон А.Гобсонды айтуға болады. Ол ғалым құнның үш факторына, яғни «жер – еңбек - капитал» категорияларына төртінші «талантты» енгізді және «агрессивті өнеркәсіп сферасы» түсінігін енгізді. Соңғысы түсінік ретінде автор экономика сферасын түсінеді, онда жаңа технологиялар өндіріледі, игеріледі және енгізіледі, және онда капитал пайдасын иелену мүмкін болады.
Кейіннен 1912 ж. Й.Шумпетер – инновациялардың қазіргі концепциясының негізін қалаушы – «Экономикалық даму теориясы» атты өз еңбегінде алғаш рет «новатор» және «жаңашылдық» түсініктерін енгізді. Өз зерттеулерінде ол инновациялылықпен – яғни өндіріс күштерін жаңа ұйымдастыру, шоғырландыруға деген қабілеттерімен сипатталған кәсіпкердің жаңа қасиетін бөліп көрсетті. Бұл қабілет тек қана кәсіпкерлік пайда алуға ғана емес, сонымен қатар өндірістің қолда бар циклдарын жеделдетуге және жалпы экономикалық өсуді жылжытуға мүмкіндік береді. Шумпетер өзінің өзектілігін әлі күнге дейін жоғалтпаған инновациялардың келесідей түрлерін бөліп көрсетті:
жаңа өнім мен қызметтер;
ұйымдастырудың жаңа нысандары;
өндірістің жаңа түрлері;
қамсыздандырудың жаңа көздері;
өткізудің жаңа нарықтары.
