Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
145.41 Кб
Скачать
  1. Мемлекеттің бюджеттік саясаты

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдың- заттай іске асырылуы болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорында - бюджеттік қорда затталынады. Мұның нәтижесінде коғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) үдерістер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша ағынында өзінің көріні- сін табады. Бюджеттік қор - бұл құндық бөліністің белгілі стадияларынан өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халықка әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түскен коғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану құнды бөлумен және қайта бөлумен байланысты құн қозғалысының үдерісін білдіреді.

Экономикалық қосалқы категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және оны ұлгаймалы ұдайы өндіріспен қогамдық қажеттіліктерді қанагаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа қатысуиіылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттік бюджет тұтас алғанда мемлекет қаржысының функцияларына сәйкес функцияларды - бөлу және бақылау функцияларын қаржылардын ұдайыөндірістік тұжырымдаманың шеңберінде орындайды. Бұл функциялардың іс-әрекеті, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған өзіндік айрықшалығымен айқындалды. Сонымен бірге қаржының және мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде: мемлекет қаржысының орналастыру (ресурстарды), қайта бөлу, тұрақтандыру қосалқы функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеітің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғым ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте коғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ак барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлереттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын қайта бөлгіштік үдерістер қарастырылады; негізгі қаржы жоспарының кірістері мен шығыстарының айрықшалықты баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастырудың көздері мен қорды пайдалану бағыттарын көрсетеді. Елдің негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлы қызметінің жемісі болып табылады; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелеп көрсететін мемлекеттің еркі білдірілген. Бюджет нақты кезеңге (әдетте, бір қаржы жылына жасалатын, ал 2009 жылдың 1 каңтарынан бастап бюджет үш жылға жасалады) бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржылық ресурстардың шешуші бөлігінің козғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Парламенттің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты меха- низмдерінің бірі. Бюджетке тән құндылықтардың көрінуі, оны бөлу мен бақылаудың құралы ретінде пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнеленеді. Экономиканы реттеу үшін бюджеттік механизмді пайдалану қоғамдық өндірісті дамытудың карқындары мен үйлесімдеріне эсер ете отырып, мемлекеттің қарамағына түсетін ақшаны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет эконо.микамен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).

Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн .

Қоғамдық ұдайы өндірісте мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 31%, шикі жалпы өнімнің 22%, жалпы қоғамдық өнімнің 11% бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды ұлгтық шаруашылықты н әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, коғамдық қызметтің сфералары, елдің экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі.