Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
145.41 Кб
Скачать
  1. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуы. Мемлекеттік бағдарламалар

Мемлекеттерде әлеуметтік қорғаудың әр түрлі жүйелері қолданылады. Әлеуметтік қорғау шараларының ерекшелігі мен жүйесі ұлттық экономикалық жүйеден туындайды. Әлеуметтік қорғау жүйесі ұзақ уақыт бойы тарихи дамудан пайда болған өнім. Ол экономикалық фактордың ықпалымен ғана емес, сонымен бірге пікірталастың, жалдамалы қызметкерлердің өз құқықтарын қорғау нәтижесінде қалыптасты. Батыс елдерінде әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуына бұрынғы социалистік мемлекеттердің халыққа әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз еткен мысалы үлгі болды. Әлеуметтік қорғау, оның институттары мен іс шаралары азаматтардың жағдайына қарамастан әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету тиіс. Сөйтіп ол қоғамның еңбек қатынастарына кіретін де, сондай ақ сол немесе басқа себептермен қоғамның субъектісі емес барлық мүшелерінің қалыпты тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін аса маңызды функцияны орындайды, сол себептен әлеуметтік қорғау нысандарының көртігі де, олардың ұдайы дамып, өзгеретіні осы себептерге байланысты. Әлеуметтік қорғау қоғамның әлеуметтік тұрақтылық жүйесінде келесі функцияларды орындайды. Біріншіден, ол еліміздің барлық азаматтарының кез келген адамның тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін базалық әлеуметтік игіліктерге қол жеткізуіне ең аз кепілдіктерді қамтамасыз етеді. Екіншіден, ол еліміздің азаматтарын олардың өміршеңдік циклі процесінде туындайтын тәуекелден сақтандыруды қамтамасыз етеді. Үшіншіден, ол қандай да бір себептерге байланысты қоғамда қиын, кейде өте қиын жағдайда қалған еліміздің азаматтарына көмек пен қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бағдарламалар халықты әлеуметтік қолдау мақсатында жүзеге асырылады. Әлеуметтік бағдарламаның бірі «Жұмыспен қамту-2020. Бұл бағдарламаның бірінші бағыты, яғни өз бетімен күн көруші, жұмыссыз және аз қамтылған халықты оқытып, жұмысқа орналастыру көрсеткіші де өскен. Кәсіби оқытумен 63 мыңнан астам адам қамтылған. Егер былтыр оқу бітіргендердің тек жартысы ғана жұмысқа орналастырылса, биыл 20 мыңнан астам адам, яғни 82 пайызы жұмысқа ілігіпті. Екінші бағыт шеңберінде, яғни ауылда кәсіпкерлікті дамытуға көмектесу бойынша 6 мың адам бизнестің негіздерін оқып-үй­ре­ніп, 6,2 мың адам шағын не­сие алыпты. Несие қоры тиі­сін­ше 3,5 есе артып, 12,4 млрд.­ теңгеге жеткен. Үшінші бағыт – еңбек ресурстарының жұмылдырылғыштығын арттыру аясында екі жыл ішінде 2 мыңнан астам адамның қоныс аудару арқылы  жұмысқа орналасуы іске асырылған. Төртінші бағыт – ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша 2012 жылы ауылдарда 7 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 4 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылыпты.

  1. Бюджет және бюджетаралық қатынастар

Бюджет мемлекеттің табысы мен шығысы көрсетілген қаржы жоспары. Бюджеттің ең маңызды белгісі бюджеттік бағдарламаларды бюджет процесі кезеңдерінде қалыптастыру, қарау мен бекіту нәтижесін заңмен бекіту. Бюджет өзінің экономикалық мәні бойынша жасалған өнім мен табысты қайта бөлу процесінде қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын қалыптастырып, пайдалануға қатысты мемлекеттің және басқа да субъектілердің арасындағы қатынастардың күрделі жүйесін білдіреді. Бюджет ұдайы өндіріс процесінің маңызды алғышарты әрі оны жүзеге асыратын құрал. Бизнес әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін жағдай жасауға, қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз етуге, сонымен бірге ғылыми техникалық прогресті көтермелеуге, қорғаныс қабілетін қолдауға, сондай ақ өзге де мемлекеттік функцияларды орындауға көмектеседі. Демек бюджеттік қатынастарды жетілдірмей, ғылыми жағынан әзірленген бюджет саясатын жүйелі түрде жүргізбей, сондай ақ бюджет процесін тиімді басқару жүйесінсіз шаруашылық механизмі қалыпты жұмыс істей алмайды. Нарық, корпорациялар мен мемлекет басқаратын экономикаға көшу мемлекеттік бюджетті, кәсіпорындар мен салалардың қаржысын қайта ұйымдастыруды, өңірлік және жергілікті деңгейдегі, бюджеттен тыс қорлардың қаржы қатынастарының жаңа блогының қарқынды дамуын талап етеді. Бюджет жүйесі бұл экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген бюджеттің барлық түрінің жиынтығы. Бюджетжүйесінің құрылымына республикалық жіне жергілікті бюджет(облыстық, республикалық маңыздағы қаланың, астананың, ауданның облыстық маңыздағы қаланың деңгейі) кіреді. Бюджет жүйесі ұйымдастыру тұрғысынан келесі қағидаларға негізделеді: біртұтастық қағидасы, толықтық қағидасы, нақтылық қағидасы, транспаренттік қағидасы, жүйелілік қағидасы, нәтижелелік қағидасы, тиімділік қағидасы, жауапкершілік қағидасы, бюджеттердің дербестік қағидасы.

Бюджетаралық қатынастар еліміздің ішкі экономикалық кеңістігінің біркелкілігінің жеткілікті дәрежесін қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың бір құралы болып табылады. Бюджетаралық қатынастар жоғарғы және төменгі бюджеттің, сондай ақ республикалық бюджет пен ҚР Ұлттық қорының арасындағы бюджет процесіндегі қатынастарын көрсетеді. Бюджет мемлекеттің өз функцияларын орындауын және мемлекеттік саясаттың іс шараларын іске асыруды қамтамасыз ететін басты құралы болып табылады. Бюджетаралық қатынастар жүйесі түркілікті мақсатқа жетуге бағытталған болса тиімді болады. Негізгі мақсатқа мыналар жатады: өмір сүру деңгейін арттыру, халықтың әлеуметтік қорғалуы мен бюджеттік қызметтер мен әлеуметтік кепілдіктерге тең қол жеткізу; тұрақты экономикалық өсуге жету үшін еліміздің және оның өңірлерінің салық және ресурстық әлеуетін оңтайлы пайдалану; әр түрлі билік арасындағы бюджет жүйесінің ресурстарын пайдалануға қатысты кемшілікті жою. Елде жалпы экономикалық ахуал өзгерген жағдайда бюджетаралық қатынастардың мақсаттары да өзгеруі тиіс. Әлеуметтік экономикалық жай күйдің көрсеткіштерінің өңірлер арасындағы айырмашылықтары өскен кезеңдерде тоқыраған аудандардың саны да өседі, осы кезде бюджетаралық қатынастардың негізгі мақсаты «нашар» өңірлердің де қалыпты тыныс тіршілігін қамтамасыз ету, әлеуметтік экономикалық жағдайдың саралануының өсуін тежеу. Бюджетаралық қатынастар республикалық және жергілікті бюджеттер арасында трансферттермен және бюджеттік кредиттермен реттеледі. Трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, мақсатты ағымдағы трансферттерге, дамуға арналған мақсатты трансферттерге бөлінеді.