- •Ұлттық экономикалық жүйе
- •Қазақстан үлттық экономикасы үлгісінің ерекшеліктері
- •Өтпелі экономика және ұлттық экономика үлгісін қалыптастыру
- •Қазақстан экономикасы ұлттық үлгісінің әлеуметтік даму негіздері
- •Қазақстан үлттық экономикасында еңбек қатынастарының қалыптасуы
- •Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуы. Мемлекеттік бағдарламалар
- •Бюджет және бюджетаралық қатынастар
- •Мемлекеттік экономикалық саясаттың мәні
- •Мемлекеттің бюджеттік саясаты
- •Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары
- •Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау
- •Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыттары
- •Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары
- •Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаты мен міндеттері
Қазақстан экономикасы ұлттық үлгісінің әлеуметтік даму негіздері
Ұлттық экономика үлгісінің әлеуметтік мәдени факторлары дәстурлі институционалдық нормалар мен ережелердің, өмір салтының, қалыптасқан мәдени дәстүрлердің, діни сенімдердің ықпалымен қалыптасады. Елдер мен халықтардың ұзақ уақыт бойы тарихында ұлттық қиындылықтар жүйесі қалыптасып, қоғамның өркениетінің негіздері айшықталады. Осы факторлар мен құндылықтар өзара және экономикалық факторлармен, ең алдымен қоғамдық институттар мен ұйымдар жүйесі арқылы өзара ықпалдасады. Олар елдің сол немесе басқа сатыдағы дамуын баяулатуы да, жылдамдатуы да мүмкін. Осы факторлардың бір ерекшелігі, олар біріншіден, ұзақ уақыт бойы тұрақты болып, баяу және жанама түрде өзгереді. Осыған байланысты өтпелі экономикаларда түбегейлі өзгерістер және бұрынғы дәстүрлер мен құндылықтардың арасында қарама қайшылықтар туындайды. Екіншіден, әлеуметтік мәдени факторлар қоғамның ең терең негіздеріне жатады және тарихи мен экономикалық өзгерістерге қарағанда орнықты. Қазақстандық әлеуметтік мәдени құндылықтарды қалыптастыру мен олардың дамуы қазақ мемлекеттігі мен ділінің ұзақ уақыт бойы тарихи дамуының жемісі. Осы процеске ұзақ кезеңдерде инновациялар ықпал етеді, тәңіршілдік пен мың жылғы ислам және көшпенділер тарихының дәстүрлері әсер етеді. Осы процесс барысында қазақ ұлттық экономикасының тұрақты өркениетті негіздері қалыптасты, қазіргі жағдайда да олар ұлттық экономика үлгісі қалыптасатын нұсқаны таңдауға ықпал етері шүбәсіз. Қазақстанда діни дәстүрлермен ғана емес, бірлескен қызметті қолдау нысандарымен байланысты әлеуметтік әділдіктің дәстүрлі дәстүрі қалыптасқан. Мемлекеттік патернализм нысанындағы осы тенденциясын нығайтуға қазақстан тарихының кеңестік дәуірі айтарлықтай ықпал етті. Шын мәнінде күшті әлеуметтік дәстүрлер әлеуметтік тұрақты қоғамдардың қалыптасу заңдылықтарына қайшы келмейді, сөйте тұра осы дәстүрлерді іске асыру үшін жаңа экономиканың нарықтық негізіне сәйкес бірқатар өзгерістер енгізу қажет. Қазақстандық экономиканың ерекшеліктерінің негіздері өзгеріссіз қалатын деректер емес. Олар да экономикалық салдарлар сияқты өзгеруі мүмкін. Мәселен, табиғи климаттық және экономикалық географиялық факторлардың ролі ғылыми техникалық прогрестің ықпалымен, геосаяси факторлардың ролі адамдардың байланыс жасауының, мәдениеттердің өзара баюының, ақпараттық қоғамның дамуының ықпалымен өзгереді. Алайда қазіргі уақытта да, жуық арадағы келешекте де жоғарыда аталған факторлар айтарлықтай рол атқаратын болады, демек Қазақстанның әлеуметтік экономикалық өмірінің заңды фактілерімен сияқты олардың салдарымен, олардың дамитынын ескеріп, сондай ақ қазіргі кезеңдегі қоғамның дамуының жалпы тенденцияларымен байланыстыра отырып санасу қажет.
Қазақстан үлттық экономикасында еңбек қатынастарының қалыптасуы
Еңбек қатынастарының жай күйі экономиканың жұмыс істеуінің тиімділігі мен қоғамның әлеуметтік көрсеткіштеріне тікелей ықпал етеді. Сол себептен мемлекет жұмыссыздықтың шамадан тыс деңгейіне жол бермеу, жұмыс күшінің бағасының еңбекақы мөлшеріне және еңбек нарығы жай күйінің басқа да көрсеткіштерінің барынша сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс күшіне сұраныс пен оның ұсынысының арақатынасын реттеуге тиіс. Мемлекет осы салада тікелей және жанама ықпал ету әдістерін де қолданады. Тікелей әдістердің арасынлау, оларан ең алдымен жұмыс орындарын жасау, кадрларды даярлау мен қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың мемлекеттік мақсатты бағдарламаларын атап өту қажет. Екінші әдіс халықтың аз қамтылған тобы (мүгедектер, жастар, кәмелетке толмаған жастағы балалары бар әйелдер) үшін жұмыс орындарын квоталау. Квоталау өңірлік бюджеттің қаражатының немесе ұйымдардың меншікті қаражатының есебінен қаржыландырылады. Еңбек нарығын реттеудің ерекше әкімшілік әдісіне ең төмен еңбекақы нормативін белгілеу мен бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын реттеуге жатады. Ең төмен еңбекақы нормативі жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің әлеуметтік жағынан жол берілетін деңгейіндегі еңбекақының ең төмен шегін білдіреді. Демек, экономиканың кез келген секторының осы кезең ішінде жұмыс нормасын жұмыс істеген және еңбек нормасы орындаған қызметкердің нақты айлық еңбекақысы осы нормативтен төмен болмауға тиіс. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ең төмен еңбекақы мөлшеріне көтерме ақы (қосымша ақы мен үстемақы, сыйақы мен т.б.); қалыпты жағдайдан басқа жағдайда жұмыс істегені; ерекше ауа райы жағдайында және радиоактивтік ластанған аумақтарда жұмыс істеген үшін төленетін төлемдер енгізілмейді. ҚР барлық ұйымдары үшін ең төмен еңбекақының нормативтік деңгейі міндетті болып табылады. Бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын Бірыңғай тариф сеткасы арқылы әкімшілік реттейді.
6.Табыс және өмір сүру деңгейі. Табыс (ағылш. national income)-
елдің халық шаруашылығында немесе материалдық өндіріс саласында белгілі бір кезең (әдетте бір жыл) бойына жаңадан жасалған күннің макроэкономикалық көрсеткіші, жалпы қоғамдық өнімнің оны өндіруге жұмсалған шығынды шегергеннен кейін қалатын бөліп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылаушы көрсеткіші.Заттай және құндық нысандары болады. Заттай нысаны — халықтың жеке қажеттіліктерін және өндіріс құралдығын қанағаттандыратын тұтыну заттары. Оның белгілі бір тұтыну заттары мен өндіріс құрал-жабдығының сақтық қорларын толықтыруға арналған. Ұлттық табыс елдің (саланың) бүкіл таза өнім көлемін көрсетеді. Онда материалдық өндіріс аясындағы сондай-ақ қызмет көрсету аясындағы өнімнің құны камтылған статистиканың әдіснамасы бойынша жалпы ішкі халық арасындағы сандық айырма тозымпұлдық аударым құнына тең. Ұлттық табыс өндірілген және тұтыну мен заңды пайдаланылатын ұлттық табыс түрлеріне бөлінеді. «Өмір сүру деңгейі» категориясын алғаш рет К.Маркс «Жалақы, баға және пайда» атты еңбегінде енгізілген. Ол осы категорияны халықтың, әлеуметтік топтардың материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі мен деңгейінің әлеуметтік-экономикалық сипаты ретінде қарастырған.Халық саны проблемасының Қазақстан үшін айрықша маңызы бар. Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5,5 адамды құрайды. 2009 жылдың 1қаңтарына республика халқының жас құрамы мынадай болды: 15 жасқа дейінгі балалар – 24% (24,2), 15-тен 65 жасқа дейінгі адамдар — 68,2% (68,0), 65 және одан жоғары жастағылар барлық халық санының 7,8%-ын құраған.
Кедейлік бейiнi – кедейлiктiң барынша айқын көрiнiстерiнiң сандық және сапалық сипаттамасы. 2009 жылы Қазақстанда ол мынадай деректермен сипатталады:халықтың 28,4%-ының табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен болды.Кедейлiк — бұл халықтың белгiлi бiр топтары өмiр сүру құқықтарынiске асыруға байланысты бiрiншi кезектегi физиологиялық қажеттiлiктердi қанағаттандыруда қиындық көретiн, конституциямен бекiтiлген құқықтар менбостандықтар шеңберiнде қоғам өмiрiне толыққанды қатысу мүмкiндiгiнен айырылатын әлеуметтiк экономикалық құбылыс.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік – тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушыларды нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының «сыртқы әсерлері» болып табылады.
Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары, сонымен қатар Қарағанды облысының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің маңызды болжамы әлемдік экономикадағы жағдай есебімен Ортамерзімдік жоспарда анықталған.
