Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
145.41 Кб
Скачать
  1. Өтпелі экономика және ұлттық экономика үлгісін қалыптастыру

Қоғамның экономикалық дамуы экономиканың бір жай күйден екінші жай күйге көшуімен байланысты. Барлық өтпелі экономикалық қатынастар және экономикалардың жай күйінің өтпелі кезеңінде бұрынғы да, жаңа экономикалық жүйенің кейбір белгілері мен қасиеттері сақталады. Өтпелі кезеңдер жергілікті де, жалпы да сипатта болуы мүмкін. Жергілікті өзгерістер біздің көз алдымызда орыналады кәсіпорындардың меншік нысаны өзгереді, соңғы жылдары табыстың мүлдем жаңа нысандары пайда болды, адамдардың арасындағы тұрғын уйге меншік құқығына қатысты қатынастар және т.б. өзгерді. Бұрынғы жүйеде осындай өзгерістер ұдайы болып тұрған. Өтпелі экономика бұл бір экономикалық жүйеден екінші жүйеге көшкен кездегі өтпелі жай күй. Бұл жағдайда осы жүйенің негіздері өзгеріп, осының нәтижесінде бүкіл жүйе де өзгереді. Жалпы айтқанда өтпелі экономиканың негізгі белгілері мен оның қалыптасқан экономикалық жүйеден айырмашылықтары байқалады. Өтпелі экономика тұрақты дамымайды. Өтпелі экономикада жаңа институттар, нормалар мен ережелер болмағанда ескі қатынастар өзгеріп, жаңа қатынастар пайда болған жағдайда жаңа экономикалық субъектілер қатыстатын ұдайы өзгерістер орын алады, ескі және жаңа экономикалық мүдделер бетпе бет келеді.

Ұлттық экономика үлгісін қалыптастыру ұзақ уақытқа жалғасатын үрдіс. Ол экономикалық өзгерістердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге экономикаға қатысы жоқ бірқатар факторлардың жалғасы болып табылады. Саяси бағыттың өзгеруі, соғыстар мен басқа да күйзелістер ұлттық дамудың үлгісін нақтылайтын, сонымен бірге оны түбегейлі өзгертетін шешуші фактор болып табылады. Ұлттық экономика үлгілерінің қалыптасуының белгіленген екі қағидасын жеке атап өту қажет. Біріншіден, қоғамның экономикалық жүйесі мен экономикалық құрылымының қалыптасуының объективтік тенденциясы. Осы тенденцияларды, заңдылықтарды талдау ел экономикасының дамуының қандай нысандары, тарихи келешекте оның мінсіз экономикалық жүйесі қандай болатынын көрсетуі тиіс. Осы болжамның нормативтік және ол сол немесе басқа кезеңде жүзеге асырылатыны міндетті емес. Екіншіден, елдің экономикалық емес ерекшеліктері. Осы ерекшеліктерді талдау ұлттық экономикалық жүйенің жұмысын бағалап, ерекшеліктерін болжауға мүмкіндік береді. Осы орайда мына факторлардың тобын ескерген жөн: елдің табиғи ерекшеліктері, тарихи даму ерекшеліктері, өркениеттік факторлар, мемлекеттің экономикалық саясаты. Елдің орналасу, оның ресурстық мүмкіндіктері, пайдалы қазбалардың запастары, елдің аумағының көлемі мен ауа райы жағдайлары мен т.б. экономикалық үлгіні қалыптастырудың елеулі факторы болып табылады. Ұлттық экономика үлгісінің қалыптасуына өркениеттік факторлар өте терең ықпал етеді. Қалыптасқан мәдени, діни және басқа да дәстүрлер мен елдің құндылықтарынан құралатын өркениеттік факторлар ұрпақтан ұрпаққа көшеді, елдегі өзгерістерді көтермелейдінемесе оларды шектейді, оларға өзіндік түр береді. Ұлттық экономиканың үлгісін қалыптастыруға мемлекеттің экономикалық саясатты таңдауы да ерекше ықпал етеді. Экономикалық саясаттың бағыты, әдетте, мемлекеттік билік пен оны ұйымдастырудың ерекшеліктерімен байланысты таңдалады.