Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
145.41 Кб
Скачать
  1. Ұлттық экономикалық жүйе

Әр елдің экономикасы ұдайы өндіріс жүйесі. Демек елдің экономикалық тірлігінің ең өзекті мәселесі осы елдің қарапайым және кең салалы ұдайы өндірісінің ішкі көздері. Тиісінше осы көздерді, экономиканың оңтайлы құрылымын, меншік құқықт арының бөлінуін, қаржы механизмдерін, әлеуметтік еңбек қатынастарының тұрпатын, сыртқы әлеммен жасалатын байланыстың нысандарын, экономиканы жалпы басқару жүйелерін, ұлттық экономиканың экономикалық шекараларын анықтау кез келген ұлттық экономиканың негізгі проблемасы болып табылады. Осы орайда да әр түрлі елдердің ұлттық экономикаларының ұдайы өндірісінің өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін байқауға болады. Ұлттық экономикалық жүйе экономикалық құрылымның елдің дамуындағы оның салт дәстүрлерінің, жағдайының, мәдениетінің және т.б. факторлар сияқты ұзақ уақыт бойы жойылмайтын факторлардың ықпалына кіретін бай әрі мазмұнды сипаттамасы. Осы факторлардың іс қимыл жасау нәтижесінде экономикалық құрылымның элементтері, қоғамның институттары мен ұйымдары өзара бағынышты, яғни олардың нысандары да ерекше болады. Демек, экономикалық құрылым мен экономикалық жүйе осы елдің нақты жағдайында ұлттық экономикалық жүйенің ерекшелігіне ие болады. Ұлттыұ экономикалық жүйе сол немесе басқа елдің нақты жағдайындағы экономикалық жүйе мен экономикалық құрылымның ерекшелігінің көрінісі болып табылады. Марксизм экономикалық жүйелердің дамуының өндіргіш күштердің даму деңгейінен тәуелді екенін өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің даму деңгейі мен сипатына сәйкестік заңы нысанында қалыптастырды. Осы заңға сәйкес басқа да негізгі, яғни капиталистік қатынастарды социалистік қатынастармен, ал капитализмді социализммен сөзсіз ауыстыру қажет екені жөніндегі ереже де негізделді. Нақты қоғамдық өмірден экономикалық жүйелер біо сызықпен дамымайтынын, ал жүйелерді өндірістік қатынастар тұрпаты бойынша бөлу өлшемі жүйелерді жіктеудің жалғыз ғана өлшемі емес екенін айғақтайды.

Экономикалық жүйе — бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:

- елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі: шаралар жүйесі;

- меншік құрылымы;

- ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер;

- мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері. Ұлттық экономикалардың алуан түрлері мына екі негізгі факторларға негізделеді: біріншіден, елдердің экономикалық құрылымы осы елдердегі экономикалық жүйенің ерекшелігіне орай қалыптасады. Екіншіден, елдердің экономикалық құрылымы осы елге ғана тән экономикалық емес даму ерекшеліктері мен даму жағдайына байланысты болады.

  1. Қазақстан үлттық экономикасы үлгісінің ерекшеліктері

Қазақстан экономикасының ұлттық үлгісін экономиканың ХХІ ғасырдың басындағы дамуының жалпы тенденциялары мен заңдылықтарын да, сондай ақ Қазақстанға тән айрықша ерекшеліктерді ескермей қалыптастыру мүмкін емес. Әр елдің осы уақыт сәтінде ресурстардың белгіленген және шектелген жиынтығы болады, ол нақты табиғи, географиялық, табиғи және саяси жағдайларда ресми емес институттардың қалыптасқан жүйесінде дамиды. Іс жүзінде экономикадағы шығындардың мөлшері мен құрылымы, экономикалық институттардың нысандары мен сипаты, тіпті сол немесе басқа елдің нақты жағдайында дамудың жалпы заңдылықтарын іске асыру мүмкіндіктері де осы факторларға байланысты болады.

Ұлттық экономика үлгісінің ерекшелігін сипаттайтын факторлардың ішінен, ең алдымен, табиғи факторларды жеке атау қажет. Табиғи факторлар, әдетте, елдің ұзақ тарихында тұрақты болады. Екіншіден, орнықты қоғамдық факторлар өзгерсе де, елдің бүкіл тарихында атқаратын елеулі ролін жоғалтпайды. Осы топтың факторларының арасынан өркениеттік факторларды атап өткен жөн. Үшіншіден, өзгермелі сипаттағы факторлар жөнінде айтатын болсақ, онда аталмыш факторлар нақты кезеңдердің ауқымында біршама тұрақты, алайша осы кезеңдерден тысқары олардың нысаны өзгереді. Осындай қасиет саяси, геосаяси және басқа да осындай факторларға тән болады. Қазақстанда экономикалық жүйеге айтарлықтай ықпал ететін бірқатар табиғи фактор іс қимыл жасайды. Осы факторлар елдің тарихы мен географиясына байланысты, ал оларға мардымсыз ықпал етуге болады. Ел экономикасында ресурс факторының екі түрлі маңызы бар. Бір жағынан, Қазақстан экономиканы, әлемдік нарықтағы экспорттық тұрақтылық пен қажеттілікті дамыту үшін табиғи ресурстары мол, ал екінші жағынан шикізат ресурстарының әр алуан түрі мен мол запасы экономикадағы құрылымдық реформаларды тежеуі де мүмкін. Қазақстандық экономиканың келешекті үлгісі нарықтық негіз мемлекеттің елеулі ролімен және әлеуметтік тұрақтылықпен үйлесетін аралас экономика. Тек осындай үлгі ғана қазақстандық экономиканың даму келешегі мен оның ерекшеліктеріне жауап береді. Қазақстанның экономикасы келешекте қазіргі кезеңдегі аралас экономика сияқты дамуы тиіс. Біріншіден, бұл ХХІ ғасырдағы экономиканың даму қисынына сәйкес келеді, осы даму барысында еркін нарық механизмі мемлекеттік реттеумен, жеке меншік басқа жеке меншік нысандарымен, жеке кәсіпкерлік бастама азаматтардың бастама кепілдіктерімен, индустриялық базис пен оның ынтасы индустриялықтан кейінгі базиспен және қозғаушы күшімен толықтырылады. Екіншіден, бұл елдің жоғарыда айтылған нақты жағдайларымен байланысты.