Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мп шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
598.02 Кб
Скачать

12.Мектеп жұмысының жылдық жоспары және оның мазмұны

Мектептің жылдық жұмыс жоспары - жергілікті мектептің маңызды нормативтік актісі болып табылады.

Жергілікті мектептің нормативтік актісі - ҚР «Білім туралы Заңына», мемлекеттік стандартқа және қазіргі уақыттағы педагогикалық мененджмент, педагогика, дидактика, психология және басқа да ғылымдардың жетістігіне сай келуі керек. Жоспарлау – басқарудың маңызды функциясы болып табылады.

Жоспарлау – болашақта қандай нәтиже алу көзделеді (мақсат қойылады), ол үшін қандай іс- әрекет, қай жүйелілік пен мерзімде орындалуы керек, яғни, істің қашан және қалай істелуі керектігінің орындалуы нәтижесінде анықталатын қызмет.

Мекеменің даму жоспары – бес жылға жоспарланады және мекеменің ұйымдастыру моделінің даму бағдарламасы ретінде, яғни ұйымның мақсатына жету үшін бір құрылымды құру және оның әр бөлшегінің міндеттері мен рөлін анықтау.

Ағымдағы жоспар бір айға немесе басқа кезеңге құрылады.

Ол мекеменің жылдық жоспарының логикалық жалғасы мен нақтылығы болып табылады. Оны келесі кестедегідей пайдаланған жөн:

Айы____________________

Күні

Іс-шаралар

Бөлімше

Жауапты

Керекті ресурстар

Орындалуын бақылау

Жоспар - басқарудың төмендегідей негізгі құралы:

А) оқушылар ұжымы мен педагогтардың қызметі;

Б) мектептегі барлық объектілердің қызметі;

В) жоспарланған нәтижеге жетудегі жағдайдың жасалуы.

Жоспарланған жоспар соңғы қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында нақты мүмкіндіктері мен қажетті қаржы қоры мен қамтамасыз етіліп, ғылыми негізге негізделген болуы керек.

Мекеменің 1 жылғы жоспарының түрлі нұсқаларын жалпылаған уақытта, біз сол ұсынылған нұсқалардың ішінен мүмкін варианттарымен жылдық жоспардың құрастыру бөлімдерін қарастырамыз.

Жылдық жоспар 3-5 жылға есептелген болашақтағы даму жоспарымен қатар (апта, ай, тоқсанға) есептелген шұғыл жоспарды тығыз байланыстыратын басты бөлім болып саналып, әлеуметтік объектілер және мектептің қоғамдық ұжымдарында педагогикалық үрдіске қатысатын қатысушылардың қызметін үйлестіріп, біртұтас білім кеңістігін құруға мүмкіндік береді.

Жылдық жоспарды әзірлеу ұжымдағы барлық мұғалімдердің, оқушылардың және ата – аналардың ортақ ісі болып табылады. Жоспарды әзірлеу барысында басқарудағы демократиялық пен ізгілік қағидалары және мектептің қызметі есепке алынады.

Жоспарлаудың басты қағидалары

1. Ізгілік.

2. Демократия – мектепішілік жоспарлауды әзірлегенде білім үрдісіндегі барлық субъектілердің белсенді ат салысуы.

3. Ғылымилығы, аналитикалық сараптамалығы.

4. Жүйелілік тәсілі ( мектептің барлық жоспарларының тепе – теңдігі,

болашақтағы даму және шұғыл жоспарларының бір – бірімен

өзара сәйкес келуі)

5. Болашақтағы даму мен соңғы нәтижеге жетудегі бағыттылық.

6. Сабақтастығы. (болашақтағы даму жоспарынан сабақ жоспарына дейінгі

барлық жоспарлардың –«тығыз байланыстылығы » ).

7. Ырғақтылығы ( бір жылға жоспарланған іс-шараларды ұжымдағы

әріптестер арасында )

8. Нақтылық.

9. Шынайлылық (қол жеткізушілік, қызметке жеткшілік).

10. Динамикалық (сыртқы және ішкі талаптардың әсерінен өзгеруі).

11. Басты бөлім қағидасы (оқу жылына басты міндеттерді таңдау).

Жоспарды әзірлеуде үш шартты орындау қажет:

1. Жоспарлаудың басында мектептің деңгейін есепке алу.

2. Мектеп нақты жоспарлау тапсырмаларын, жоспарлау кезеңінің

соңына дейін шешу керек.

3. Қызметтің тиімді тәсілдері мен жолдарын ірікетеу.

Мектептің жұмыс жоспарын құрастыру алгоритмі.

Мектептің жылдық жоспарын дайындау үрдісі ағымдағы оқу жылы бойында жүзеге асырылып, 8 негізгі кезеңнен тұрады:

1. Мектеп жұмысын жоспарлауға дайындық:

  • Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу;

  • Басқа мектептердегі жоспарлау тәжірибелелерін зерделеу,

  • Жоспардың құрылымын әзірлеу (нақтылау)

Мерзімі: қаңтар-наурыз

2. Жоспар жобасының бөлімдерін даярлауда шығармашыл (жұмыс) тобын

кешендеу. Топтарды директордың орынбасарлары басқарады.

Топтың саны мектептегі жетекші және педагог қызметкерлерінің санына

байланысты.

Мерзімі : наурыз

3. Шығармашылық топтарға нұсқау беру.

  • Жұмыс қорытындысы мен негізгі бағыттарын сараптау үшін жадынамалар әзірлеу;

  • Барлық шығармашыл топтардың мүшелерімен әдістемелік –нұсқау кеңесін өткізу.

Мерзімі: көктемгі демалыс.

4. Шығармашылқ топтардағы жұмысты жоспарлау анализі.

  • Мектеп қызметінің негізігі бағыттары мен оның алдын ала нәтижелерін сараптау;

  • Жаңа оқу жылындағы қызметтің негізгі міндеттерін анықтау;

  • Жоспардың әр бөлігі бойынша негізгі мақсатты іс-шаралардың тізімдемесін құрастыру.

Мерзімі: 10 мамырға дейін.

5. Директордың қатысуымен болған кеңесте шығармашыл топ ұсынған жобамен жасалған жұмыс жоспарының бөліктерін талқылау:

  • Топ жетекшісінің жобамен жасалған жұмыс жоспарының бөлігін ұсынуы және оны қорғауы;

  • Жоба бойынша одан әрі жұмыс істеуге ұсыныстар беру.

Мерзімі: 20 мамырға дейін.

6. Мектеп жетекшісінің жобадағы жұмыс жоспарын аяқтауы: барлық іс-шараларды мерзіммен, орындаушыларымен үйлестіру, шығармашыл топ ұсынған мәліметтегі жоспардың бөліктерін бір жоспар жобасына біріктіруі.

Мерзімі: 30 мамырға дейін.

7. Педагогикалық кеңесте жаңа оқу жылына арналған мектеп жобасымен жасалған жұмыс жоспарын талқылау. Жазғы демалысты пен еңбекті ұйымдастыру, оқушыларды әлеуметтендіру, оқу жылының нәтижесін есепке ала отырып, оны қайта өңдеу бойынша ұсыныстарды шығару.

Мерзімі: маусым.

8. Педагогикалық кеңес отырысында жаңа оқу жылына арналған мектептің жұмыс жоспарын талқылау және қабылдау.

Мерзімі: тамыз.

Мектептің жұмыс жоспарының құрылымы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]