
- •6.Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі
- •7.Оқытудың инновациялық әдістері
- •8.Тәрбие беру нысандары мен әдістері
- •9.К.Левин жіктемесі бойынша педагогикалық қарым қатынастың негізгі стилдері
- •10.Қазіргі кезде сынып жетекшісіне қойылатын талаптар
- •11. Педагогикалық біліктілікті арттыру
- •12.Мектеп жұмысының жылдық жоспары және оның мазмұны
- •1. Мектеп туралы қысқаша ақпараттық анықтама
- •2. Өткен оқу жылындағы мектеп жұмысын талдау
- •2.1.Салауатты өмір салты мен денсаулық деңгейін талдау
- •2.2. Тәрбие деңгейін талдау.
- •2.3 Негізгі және қосымша білім деңгейін талдау:
- •2.4 Мектеп түлектерінің әлеуметтендіру деңгейін талдау
- •2.5. Міндетті негізгі жалпы білім берудің жүзеге асырылуы.
- •2.6. Педагог кадрларымен жұмысты талдау.
- •2.8. Мектеп қызметін қаржымен материалдық-техникалық қамтамысыз етілуін талдау.
- •2.9. Мектепішілік басқарудың мектептің жұмыс нәтижесіне әсер етуін талдау.
- •3. Жаңа оқу жылына мектептің мақсаты мен міндеттері
- •4. Жаңа оқу жылына арналған мақсат пен міндеттерді жүзеге асырудағы іс-шаралар.
- •5.Қорытынды нәтижеге жету үшін жағдай жасау.
- •13.Оқушылардың білімін бақылау әдістері
- •14. Педагогикалық қарым - қатынас
- •15. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру
- •Мектептің тәрбие жұмысы жүйесі
- •Тәрбие үдерісін басқару құрылымы
8.Тәрбие беру нысандары мен әдістері
Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина) жасаған тәрбие әдістерін жіктеу үш топқа бөлінеді.
Бірінші топ- тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез – құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация.
Талап – мінез-құлық нормасының көрнісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар. Ынталандыру функциясы – бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу – басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.
Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап – нақты міндет, оны іс- әрекеті, процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі – бұл қоғамдық пікір, ұжымының еркі және күші. Ұжым тәрбие субектісі, педагогктың тірегі.
Үйрету, жаттықтыру – бұл мінез –құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т.б.
Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайлылық (инабатылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру әдісі.
Жаттықтыру әдісі – бұл әр түрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің ұжымының мүдесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез – келеген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау оқушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Оқушылардың өндірістік бригадалары, шефкеалу жұмыстары оқушыларды борыштық сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады.
Екінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін айту, баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу пікірталас, лекциялар, өнеге.
Бұл әдістердің балалар санасына ықпал жасауда маңызы өте зор. Осы тұрғыдан балаларды өмірдің , еңбектің қоғамдық нормасына қатыстыру қажет, ал бұл балалардан осы нормалар жөнінде білімді, байымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай жеке адамның өмірлік позициясын, яғни көзқарасын сипаттайды.
Әңгіме – бұл балалардың санасын қалыптастыру әдістерінің бірі. Балалар әңгіме әдісінде саяси, этикалық, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады, олардан тиісті қортынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді. Әңгіме әдісі кез – келген мәселелерде ұқыпты дайындықты талап етеді. Әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды ескеру керек:
Тақырыптың көкейтестігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беру тиіс.
Әңгіменің мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы қажет.
Әңгіменің тақырыбына сәйкес техникалық құралдарды тиімді пайдаланған жөн.
Оқушылар үшін әңгіме тартымды, қызықты болуы керек: жаңалық, оқушыларды зеріктіретін артық сөздерден аулақ болу, бір нәрсені қайталай беру наразылық туғызады.
Пікірталас – бұл жоғары сынып оқушыларының байымдауын (пікір айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша оқушы өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа мұғалім де, оқушылар да дайындалады. Оның тақырыбы және сұрақтары күні бұрың хабарландырылады.
Үшінші топ – мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады.
Мадақтау – бұл баланың жағымды мінез – құлқын ынталандыру құралы. Егер бала өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі. Орынсыз мадақтаудан бала мен – мендік тәкапарлық, дандайсушылық туады. Сондықтан мадақтау үшін жеткілікті мәліметтер керек.
Жазалау – бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалауда жабырқан қылық болмайды, ол болған қателікке қайғыру дейді А. С. Макаренко. Жазалау үшін оның шындығын толық білу, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау жағында болғанда ғана баланы жазалауға болады. Жазалауда жеке адамның абройын төгіп, балағаттау, қорлау ешқандай моральдық нормаға сыймайды.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.
Тəрбие беру нысандары түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. Бір нысанның басқаларынан ерекшеленуі төмендегі шарттарға тəуелді: - уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут); ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта); - тəрбиеленушілер қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт, көркем өнер; - педагогтың ықпал жасау тəсілі: тікелей, жанама; - нəтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мəнді өнім; - қатысушылар саны: жеке-дара (тəрбиеші –тəрбиеленуші), топтық (тəрбиеші –оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тəрбиеші –бірнеше топ) формалары. Қатысушылар санымен ажыралған тəрбие берудің кейбір нысандарының ерекшеліктерін қарастырып көрейік. Жеке-даралықты тəрбие нысаны: əңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жəрдем, проблема шешімін бірлікті іздестіру. Тəрбиеші міндеттірі: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау. Ұжымдық шығармашыл жұмыстар формалары: дəстүрлі тапсырмаларды кезегімен ауыстырып бару, сюжетті-ролдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау. Топтық тəрбие нысандары: іс-шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тəрбиеші міндеттері: əр оқушының өзін танытуға жəрдемдесу, топ мүшелерінің бəріне бірдей мəнді нəтижеге жету жағдайларын жасау. Ұжымдық тəрбие нысандары: конкурстар, сахналық қойылымдар, əн-күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат-шерулер, спорт жарыстары. Тəрбиелік іс-əрекет нысандарының əрбіріндегі тəрбиешінің рөлі мен орны əрқилы. Олар тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, тəрбие мақсаттарына байланысты. Тəрбие жұмысының нысаны ұжымдық шығармашылық түрінде болуы мүмкін. Мұндай ұжымдық шығармашылық қызметтер барысында тəрбиеленушілер ересектермен бірлікте жəне олардың басшылығында жаңа тəжірибелер жасайды, бұрын игерген білім, ептіліктерін қолданады, жаңа ғылыми ақпараттар топтайды. Ұжымдық шығармашылық жұмыстар əдістемесі негізін қызметтестік, ұжым мүшелерінің бірлікті істері, көппен бірге жоспарлау, жұмысты өткізу жəне бағалау, өмірлік маңызды міндеттер шешімін табудың ұтымды жолдарын іздестіру құрайды. Ұжымдық шығармашыл жұмыстарды дайындау жəне өткізу бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – уақытша ынталы топ құрылады. Ол алдағы жұмыстарды жоспарлайды. Екінші кезең – басқарушы топ алдағы жұмыстардың бағыттарын белгілейді, қатысушылар өз ұсыныстарын береді, ұсыныстар талданады, ниетке алынған істердің жалпы бағдарламасы пайда болады. Үшінші кезең – ойға алынған істердің орындалуына қажет дайындық жұмыстарының , құрал-жабдықтардың, материалдардың тізімі жасалады. Төртінші кезең – тапсырмалар бөлістіріледі, тəрбиеленушілердің баршасын түгелдей қамтыған жеке-дара, топтық, ұжымдық іс-шаралар жүктеме ретінде тапсырылады. Бесінші кезең – тəрбиеленушілердің бəрі өз борышына алған шығармашыл жұмыстарды дайындауға кіріседі. Алтыншы кезең – дайындалған тəрбиелік шығармашыл іс өткізіледі. Жетінші кезең – тəрбиелік іс-шара өткізілгеннен соң ынталы топ жəне ұжым мүшелерінің қатысуымен көзделген бағдарламаның орындалуына ұжымдық талдау беріледі, сапасы бағаланады.