
- •6.Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі
- •7.Оқытудың инновациялық әдістері
- •8.Тәрбие беру нысандары мен әдістері
- •9.К.Левин жіктемесі бойынша педагогикалық қарым қатынастың негізгі стилдері
- •10.Қазіргі кезде сынып жетекшісіне қойылатын талаптар
- •11. Педагогикалық біліктілікті арттыру
- •12.Мектеп жұмысының жылдық жоспары және оның мазмұны
- •1. Мектеп туралы қысқаша ақпараттық анықтама
- •2. Өткен оқу жылындағы мектеп жұмысын талдау
- •2.1.Салауатты өмір салты мен денсаулық деңгейін талдау
- •2.2. Тәрбие деңгейін талдау.
- •2.3 Негізгі және қосымша білім деңгейін талдау:
- •2.4 Мектеп түлектерінің әлеуметтендіру деңгейін талдау
- •2.5. Міндетті негізгі жалпы білім берудің жүзеге асырылуы.
- •2.6. Педагог кадрларымен жұмысты талдау.
- •2.8. Мектеп қызметін қаржымен материалдық-техникалық қамтамысыз етілуін талдау.
- •2.9. Мектепішілік басқарудың мектептің жұмыс нәтижесіне әсер етуін талдау.
- •3. Жаңа оқу жылына мектептің мақсаты мен міндеттері
- •4. Жаңа оқу жылына арналған мақсат пен міндеттерді жүзеге асырудағы іс-шаралар.
- •5.Қорытынды нәтижеге жету үшін жағдай жасау.
- •13.Оқушылардың білімін бақылау әдістері
- •14. Педагогикалық қарым - қатынас
- •15. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру
- •Мектептің тәрбие жұмысы жүйесі
- •Тәрбие үдерісін басқару құрылымы
1.Педагогика пәні мен міндеттері. Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Ежелгі грек философтары Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғалымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Педагогика – адамзат тарихының, қоғамның даму тарихымен бірге өмір үріп, дамып келе жатқан, адамның тәрбие, оқыту, білім беру деп аталатын саналы әрекетін зерттейтін ғылым. Педагогиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, тәрбие, даму, қалыптасу.
Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.Кең мағынада тәрбие деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру. "Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудың тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар. Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс. Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс. Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс: 1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді. 2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.
Педагогика пәні- педагогика ғылымының объектісі болып табылатын әрекеттегі қарым-қатынас жүйесі. Педагогика ғылымының объектісі – білім беру мен тәрбие.
Педагогиканың негізгі міндеттері:
1)білім беру,тәрбие және адамның дамуындағы заңдылықтарды зерттеу;
2) педагогикалық қызметтіның тәжірибесін зерттеу және жалпылау(мұғалiм-новатор тәжiрибесін зерттеу). білiмдегі инновация - қазiргi жағдайлардың ерекшелiктерін ескере отырып,білім беру үрдісінің мазмұнындағы, формасындағы, әдiстеріндегі жаңа тәсiлдер.
3) білім беру үрдісіндегі басқарудың, оқу формасының жаңа әдiстер, құрал-жабдықтарын әзiрлеу.
4) жақын аралықтағы болашаққа бiлiм беруді болжау.
5) Бiлiм беру тәжiрибесiне жаңа педагогикалық зерттеулерiн енгізу.
2.Қазіргі оқытушыларға қойылатын негізгі талаптар. Оқытушыға қойылатын талаптар жиынтығын педагогикалық іс-әрекетке кәсіби дайындығы анықтайды. Кәсіби дайындық өз кезегінде психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, теориялық, практикалық дайындықтардан құралады. Оқытушының кәсіби дайындық жүйесі кең ауқымды болғандықтан оқытушыға қойылатын талаптар да өте көп.
Оқытушыға қойылатын талаптарды шартты түрде үш топқа бөліп көрсетуге болады: жалпы адамзаттық талаптар, оқытушы мамандығының ерекшелігін анықтайтын талаптар, пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылары. Жалпы адамзаттық талаптарға оқытушынің адамгершілігі, қайырымдылығы, әділеттілігі, инабаттылығы, әдептілігі және т.б. жатады. Ал оқытушының ерекшелігіне байланысты талаптарға оқытушының сөйлеу мәдениетінің болуы, коммуникативтілігі, шыдамдылығы, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, шығармашылық іскерлігінің болуы, жауапкершілігі, үнемі үлгі-өнеге болуы және т.б. кіреді. Ал үшінші топ бойынша оқытушынің терең теориялық білімінің болуы, педагогикалық-психологиялық білімдерінің болуы, әдістемелік білімдерді игеруі және т.б. өзіне меңгереді.
Педагогикалық талаптарды анықтауда педагогикалық қабілеттердің алатын орны ерекше. В.А. Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді көрсетеді. Ал зерттеуші А.И.Щербаков негізгі педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, конструктивті, перцептивті, коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеттерді жатқызады.
Оқытушы тек әлеуемттік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық. Сондықтан оқытушы тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек:
- жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуеметтік белсенділік;
- балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы;
- шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы;
- жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық;
- үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен дайындығының болуы;
- психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі және т.б.
Оқытушыға қойылатын талаптарды анықтауда оқытушының бағыттылығы да маңызды роль атқарады. Оқытушы тұлғасының құрылымында кәсіби-педагогикалық бағыттылық маңызды орын алады. Негізгі педагогикалық бағыттылықтардың бірі оқытушы мамандығына деген қызығушылығының және педагогикалық призваниесінің болуы. Педагогикалық призвание негізі оқытушының балаға деген сүйіспеншілігі құрайды. Бұл негіз құрайтын сапа оқытушының өзін-өзі дамытуының және кәсіби маңызды сапаларды мақсатты түрде дамытудың алғышарты болып табылады. Оқытушының негізгі сапаларының қатарынан педагогикалық парыз және жауапкершілікті ерекше атап өту керек. Педагогикалық парызды басшылыққа ала отырып оқытушы үнемі балаға қамқорлық жасауға ұмтылады.
Оқытушыға оқушылар, ата-аналар тарапынан қойылатын субъективті талаптар да бар. Оларға мыналар жатады:
- балаға деген сүйіспеншілік;
- эмпатия;
- қарым-қатынасқа жылдам түсе алу,
- ізгіліктілік;
- талап қоя алушылық;
- қайырымдылық;
- рухани байлықтың болуы;
- әділеттілік;
- өз сөзінде тұра алу және т.б.
Сонымен XXI ғасыр педагог имиджіне тоқталатын болсақ, имидж – ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағына береді.
Тартымды имидж:
- Айналасындағы адамдардың көңілін аулау кепілі;
- Кез келген жұмыста жетістікке жетудің негізгі шарты.
Имидж құрылымы:
- сыртқы бейне;
- вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты пайдалану құралы;
- ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.
Сыртқы имиджді құраушыларға:
- мимика,
- дауыс күші мен тембрі,
- костюм,
- қимыл,
- мәнер.
Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас. Ол сізбен жүздесуден кейінгі сыртқы кейпіңіз бен өз-өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптаспақ. Сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қатынас қажет:
• Мәнерлі сөйлеу
• Көндіре білу
• Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу
• Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу
• Шыдамдылық
• Көргіштік
3.Дидактика оқыту және білім беру теориясы ретінде. Дидактика - педагогиканың негізгі тарауларының бірі. Дидактика оқытудық заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді. Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындалу тәжіриберін зәрттеп, шешу.Педагогика терминімен қатар, ұзақ уақыт бойы сол мағынадағы «дидактика»терминінің қолданылуы тарихи қалыптасқан жағдай. Оқыту теориясының негізін қалаушылар:Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т.Песталоцци, К. Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі. Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шаңырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды.
Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы. Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда казақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген. 1879 жылы оқу құралы "Қырғыз хрестоматиясы" шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. "Оқу ана тілінде жүргізілсін" — деген талапты бастаушы. 1912 жылы тұңғыш рет "Әліппе" жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, өрі ұлттық дүниетінымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл "Әліппенің" жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудық тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін "Қай әдіс жақсы" (1928ж.) деген мақаласында айңын баяндайды. Халыққа білім беру ісі үшін халықтың (ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы "қазақша оқу жайынан" деген мақаласында "бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды жақсы білу керек", - дейді. Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж.)- "Тәрбиеге жетекші" (1924) деген еңбегінде баланы оқытудық ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудық дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді. Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж.)- Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар: • мұғалімнің қатты сөйлеуі; • суреттердің бояуының ашықтығы; • әсердің күштілігі; • затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату. Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не көзге түскісі келу сияңты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін М.Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды, жіща білім мен ескі білімдерді байланыстыруды, жақыннан алысқа, таныстан бөтенге қарай оқытуды ұсынды.
Әлемдік дидактиканың дамуына И.Ф.Гербарт, И.Г.Песталоцци,А.Дистервег, КД.Упіинский, Д.Дьюи, Г Кершенштейнер, В.Лай жөне т.б. зор үлес қосты.
4. Педагогикалық кәсіп, оның қоғамдағы орны. Педагогикалық қызмет - педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін және шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет. Педагогикалық қызмет-негізгі мәселе мұғалімнің талаптары мен мақсаттарының оқушының мақсаттарымен, мүмкіндіктерімен, тілектерімен, сәйкестігі; едагогикалық қызмет сәтті жүзеге асыру мұғалімнің педагогикалық технологияны, педагогикалық техниканы игеруімен, оның кәсіби санасынын деңгейімен байланысты. Педагогикалық қызмет үш моделі:мәжбүрлеу педагогикасы (авторитарлық педагогикасы), толық бостандық педагогикасы, серіктестік педагогикасы.
Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз.
Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты – қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау.
Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері:
- гуманистік сипаты;
- ұжымдық сипаты;
- адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;
- шығармашылық сипаты;
- қарым-қатынас жүйесінде болуы;
- мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.
Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуемттік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.
Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады.
Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырлуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы.
Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру процесіне әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басының өзі оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін, терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар аударуы керек.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Мұғалімдер әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рольдерді меңгеруге дайындайды.
Педагогикалық іскерлік – бұл теориялық білімге негізделген және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, автоматтандырылған бірізді жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы (В.А.Сластенин).
Педагогикалық іскерлік – мұғалімнің әр түрлі әрекетттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық әрекет функцияларына сәйкес, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды (В.А. Мижериков)
5. Жалпы орта білім беру мазмұнын түсіндіретін нормативті құжаттар сипаттамасы. Білім стандарты негізгі нормативтік құжат болып есептеледі. Білім стандарты саяси-әлеуметтік және мәдени мәнді білім кеңістігінің бірлігін қамтамасыз ететін республикада жалпы білім беретін мектептердің әрі қарай дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Жалпы білім беретін оқу орындары нақты оқу жоспарын әзірлеуде, сондай-ақ базистік оқу жоспары нормативтік комплексті анықтайды: -оқу мерзімін жалғастыру (жалпы және жеке әр саты бойынша); - республикалық және мектеп компоненты мен білім стандартының өзара қатынасы; - жалпы орта білім берудегі вариативтік және инварианттық бөлігінің дара қатынасы; - базалық мектептер үшін міндетті факультатив сабақтарының аптатық жүктемесі; -оқушылардың апталық жүктемесі; -жалпы сағат саны, мемлекеттік қаржыландыру. Оқу жоспарын – Қазақстан Республикасының Білім министрлігі бекітетін құжат, онда оқу пәндерінің құрамы саны оқу орнында оқылатын пәндерді жүйелі ретімен әр сыныптағы сағат санын көрсетеді. Қазіргі кезде оқу жоспарында оқылатын пәндер үш топқа бөлінеді. Міндетті түрде оқылатын (базалық компонент) оқушылардың таңдауы бойынша (дифференциациялық компонент) және мектептің кеңес беруі бойынша оқылатын пәндер, (мектеп және регионалдық компонент). Оқу бағдарламасын жасау тарихында екі принцип қалыптасты. Бірі – концентрлік, екіншісі -линейный. Біріншісінде бағдарлама анағұрлым күрделі. Мысалы, бастауыш сыныпта судың үш жағдайын (сұйық, газ тәрізді, қатты) түрін оқытса, ал 7 мен 9 – сыныпта судың қайнауын молекула -кинетикалық қозғалыс түрінде түсіндіреді. Екінші прицип бойынша уақытты үнемді пайдалану, қайталау өткеннің жалғасын логикалық оқыту т.б. Нақты оқу бағдарламасындағы материалдық мазмұны әрбір оқу пәндердің бойынша және барлық оқытылатын тақырыптары оқулықтармен оқу құралдарында берілген.
Осылайша, орта білім беру және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім
беру саласы осындай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
Орта білім беру:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
3) «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлектетік бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген.
4) «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі
туралы ереже. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
жауапты хатшысы 2010 жылғы 5 қарашада № 433- бұйрығымен бекітілген;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 536
қаулысы. Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы.
6) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 01.03.2011
жылғы № 413-IV заңы;
7) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
Стратегиялық жоспарын әзірлеу, ііске асыру мониторингілеу және бағалау
нұсқаулығы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 418 бұйрығымен бекітілген;
8) «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік
атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысымен бекітілген;
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007жылғы 21 желтоқсандағы
№1256 қаулысы. Білім беру ұйымдары желісін кепілдендірілген
мемлектетікнормативін бекіту туралы;
10) Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорлар
айналымына байланысты қызметті лицензиялау қағидалары. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 735 № 536 қаулысымен бекітілген.
11) «Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар
және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысымен бекітілген.
12) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік
қағидалары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 қаулысымен бекітілген.
6.Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі
Ы.Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, патша өкіметі қазақ даласын бағындырудың, билеп-төстеудің тағы бір жаңа әдісін қолдана бастады: қазақ балаларына арнап мектептер ашуға кірісті. Патша өкіметінің бұл мектептерді ашқандағы мақсаты мектеп туралы ережеде ашық айтылған: «Мектеп құрудағы басты міндет – шекарадағы басқару ісін атқара алатын адамдарды
сұлтан – ел билеушілердің, ордаға аралық бастықтардың ісін жүргізе білетін және айрықша қызметтерді атқара алатын адамдарды дайындау» деп жазылған.
Сонымен, бұл мектеп 1850 жылы 22 тамыз күні Орынбор қаласында ашылды, оған қазақтың 30 баласы алынды, солардың бірі тоғыз жасар Ыбырай болды. Ыбырай бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Ыбырай ерекше зерек, ерекше талантты болған.Ы.Алтынсарин 1860 жылдардан бастап жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады. Сол өңірдегі қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп 1864 жылдың 8 қаңтарында Торғай қаласында ашылып, Ыбырайдың өзі соған мұғалім болады. Сөйтіп Ы.Алтынсарин 1864 жылдан 1889 жылға дейін жиырма бес жылдық өмірін қазақ балаларына арнап мектеп ашу, оларды оқыту, тәрбиелеу, оларға арнап оқулықтар, оқу құралдары және әдістемелік кітаптар жазу жұмысына сарп етеді. Осы жылдардың ішінде ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауыл шаруашылық және қолөнер училищелерін аштырды. Өйткені ағартушы ғалым, әрі өз халқының ұлы патриоты қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылыммен, сол білім-ғылымды ел ішіне көптеп тарата алатын мектеппен байланыстырған.
Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесін Ушинскийдің, Толстойдың педагогикалық озат пікірлерін, тағы басқа да материалдарды қорыта отырып, Ы.Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879 жылы) мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту жөніндегі бастауыш басшылық» деген екі кітабын жазды. Бұл еңбектер кезінде қазақ халқының мәдениетінің тарихында аса зор оқиға, үлкен ғылыми табыс ретінде жарыққа шығуы өз кезінде қазақ халқы үшін сирек кездесетін тамаша жаңалық болды.
Ы.Алтынсарин Қазақстанда әйелдерге білім беруде біршама қадамдар жасады. 1887 жылы Ырғызда бірінші қазақ қыздар мектебін интернатымен ашылды.
Ы.Алтынсариннің есімімен Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру ісінің дамуы байланысты. Торғайда кәсіптік-техникалық училище ашылды, содан кейін Қостанайда ауыл шаруашылығы училищесін ұйымдастырды. Ы.Алтынсарин өзі оқып, қызмет еткен жылдары Орынбор, Қазан, Уфа, Петербург қалаларындағы сол кездегі Шығысты зерттеуші ғалымдар В.В.Катаринский, А.А.Мазахин, уездік қызметкерлер Яковлев, Караулов, Плотников т.б.тығыз байланыста, достық қарым-қатынаста болады
Сол кездегі Қазақстан жағдайында өте күрделі мәселелердің бірі – белгілі педагогикалық даярлығы бар мұғалім кадрлардың жетіспеуі Ыбырай ол мәселені екі жолмен шешуді көздеді: біріншіден, қазақтардың өз ішінен мұғалім даярлайтын қазақ мұғалімдер мектебін ашу арқылы, екіншіден, жаңадан ашылып жатқан орыс-қазақ мектептеріне Ресейдің арнаулы мұғалімдік оқу орындарын бітірген жас мұғалімдерді жұмысқа шақыру арқылы мақсатты іске асырмақ болды.
1883 жылы бітіріп шықты. Оның түлектері кезінде қазақ даласының түкпір-түкпірлерінде жемісті еңбек етті.
Ыбырайдың қазақ балаларына арнап жазған «Қазақ хрестоматиясы» атты оқу құралына енген материалдарға зер салып қарасақ, оның балалардың жас ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес құрылғанын көреміз. Осы талаптарға орай айтылар ойдың дәлдігі мен нақтылығы, қанымдылығы мен көркемдік әсемділігі негізге алынды. Сондай-ақ осы мақсатта автордың халық ауыз әдебиеті асыл үлгілері мен мақал-мәтелдерді, небір көркем шешендік сөз нұсқауларын таңдап-талғап енгізу де өте орынды.
Елді қараңғылықтан жарыққа шығаратын жастар, тек ғана жастар деген қорытындыға келді. Әсіресе, оның келешекке сенімі мол болды. Аңсаған арманын өзі орындай алмаса, болашақ жастар орындайды деп білді.
«Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сендерге бердім батамды!»-деп, ол өз халқының келешек ұрпақтарына сеніп кеткен еді. Міне, сол ұрпақ Ыбырай арманының жүзеге асқанын бұл күнде айқын көріп отыр.
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылғы 17 шілдеде, Қостанай қаласынан үш шақырымдай жердегі «Инспектор көлінің» жағасында салынған өзінің үйінде, қырық сегіз жасқа толуына үш ай және үш күн қалғанда дүниеден өтті.
Туған халқының талантты перзенті ұлтының рухани мақтанышы, тұңғыш ағартушы-педагогі Ы.Алтынсарин қазақ халқының мәдениеті мен тарихының алтын қорына үлес қосумен қатар өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас бай мұра қалдырды.