Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемлекет және құқық теориясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
188.93 Кб
Скачать

9.Құқықтық жүйе түсінігі: әлемнің негізгі құықтық жүйелерінің жалпы сипаттамасы

Құқық жүйесі–бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құқықтың жүйелік құрылымы оның белгілі бір    байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді.

 Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:

1) оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар, өз кезегінде,  біріге отырып, ірі құрылымдарды–институттарды, салаларды құрайды;

2) оның элементтері бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлескен, тығыз байланыстылыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді;

3) ол әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты;

4) ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағы қатынастарға тәуелді және адамдардың субъективтік қалауы бойынша қалыптасуы мүмкін емес.

Құқық жүйесі - құқықтың өзінің құрылысы, өзінің құқық салашаларына, салаларына және институттарға жіктелуінің реті. Құқықтың жүйелік құрылысы белгілі бір анықталынған иерархиялық (сатылық) байланыстары бар, өзара қисынды орналасқан көптеген элементтерден тұратын біртұтас құрылым.

Қазіргі құқық жүйелеріне жалпы сипаттама.

1)Англо-саксон (немесе англо-американдық) үлгісі құқықтың прецедентті жүйесі бар елдерге тән (Ұлыбритания, АҚШ). Бұл елдерде, тұлға және мемлекеттік органдардың құқықтық теңдік принципі басым, яғни басқару саласындағы барлық даулар «жалпы құқық соттарына» соттылы. Англия, М.А. Лозин-Лозинский пікірінше, — бұл «әкімшілік өкімдерге қарсы азаматтардың құқықтық дауын сот бойынша шешу институтының отаны», мұнда, үкімет тәуелсіз соттың алдында жауапкер түрінде қарастырыла алады.

Қазіргі кезде классикалық англо-американдық үлгі өзгерістерге ұшырауда, өйткені жалпы құқықтағы соттар процесі баяулығына, формализмдігіне, қымбатқа түсуіне байланысты азаматтар үшін қиындық туғызып отыр. Ф. Ридли осы мәселе төңірегінде былай деп жазады: мұнда басқарудың заңсыз актілерін даулаудың жаңа түрлері пайда болып отыр, атап айтқанда: парламент депутаттарына жүгіну артып, қаржы, әлеуметтік қамтамасыз ету, көлік, ауыл шаруашылығы, еңбек қатынастары бойынша мамандандырылған әкімшілік соттар құрылуда, әкімшілік істер бойынша Парламенттік уәкілдің уәкілеттілігі кеңейіп, білім, медицина, полиция саласында квазисоттық органдар дамуда.

2)дәстүрлі жүйе-Қазақтың билер соты өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын құқықтық орган болған. Құқықтық құрылымы және сот ісін жүргізуде өзіндік қалыптасқан бай тарихы бар, әлемдік үлгідегі классикалық соттарға қай жағынан да үйлесе алатын бірегей сот жүйесі екеніне дүниежүзіндегі ғалымдар нақты көз жеткізді.

Қазақ елінің мыңдаған жылдардан бері ғасырдан - ғасырға ұласып келе жатқан мемлекеттік билігінде билер сотының алар орны ерекше. Шынайы халықтық үлгіде құрылып, ежелден елдік әдет-ғұрыпқа негізделген дәстүрлі құқық нормаларын берік ұстанған бұл сот жүйесі ұлттық санамыздағы ұзақ жылғы даму эвалюциясында тек әділдік пен ақиқаттың айқын көрінісі ретінде мызғымай келді. Ұлтымыздың өзіне тән осындай құқықтық мәдениеті, оның халық алдындағы беделі мен рөлінің жоғары болуына билер сіңірген өлшеусіз еңбекті барлық қырынан танып білу қажет. Оның тарихи тұлғасын көне заманнан келе жатқан Рим, Эллада, Египет, Вавилон сынды елдер жеткендей құқықтық дәрежеге көтеруді осылай ғылыми тұрғыда тиянақтау өте орынды, әрі еліміздің құқық тарихы үшін өте қажетті нәрсе.

3) Романдық-германдық құқықтық отбасы – бұл түсінік-заңдық аппарат  ұқсастығы  мен  құқықтық негіздер, құрылымдық  орталықтарды  біріктіру  және  римдік  құқықтық  мұрагерлікті  пайдалану  арқылы  құрылған құқықтық  жүйе.

Романдық-германдық құқықтық  отбасыаса  ұзақ заңдық тарихқа ие. Ол көптеген  Еуропа  елдері  үшін Жалпы  Юстиндік Жинақтау  заңдары базасында ХІІ-ХҮІ ғғ. құрылған италяндық, француздық  және  германдық университеттерде  рим  құқығын  зерделеу  негізіне негізделген. «Рим  құқығының рецепциясы» атауын  алған  процесс болды. Осы рецепция  басында докториналық нысанда  болды: римдік  құқық турасынан  қолданылмады, оның  түсініктік  қоры  зерделенуде, әсіресе құрылымдық жағы, ішкі  логика, заңдық техника  жақтары  жақсы  дамыды. Расында  да, римдік  құқық – адамзаттың   құқықтық  мәдениеті  құнды  мәдинетке көшті.

Осы  үлгіде, романдық-германдық құқықтық  отбасы Батыс Еуропа континентіне  жатты. Осы жүйені  құруға  аса үлкен  үлес  қосқан  аты  куәландырып  тұрғандай  заңдық  ой  мен Франция  мен Германия  заңдылықтары  болды.

4) XX ғасыр бойы басқа да құқықтық жанұяларымен қатар бір құқықтық жанұя дамыды. Айтып отырғанымыз, түрлі әсер қолдау мен сынды туғызған – құқықтың социалистік түрі.

Ю.А. Тихомировтың ескерткеніндей, КСРО және басқа да соцалистік мемлекеттердің құлдырағанынан кейін социалистік құқықты бағалауда өзгерістер болды.

Социаилстік құқықтық жүйелерде олардың әлеуметтік мақсаттары мен класстық сипатта болды, сонымен қатар  олардың жұмысшы халықтың қызығушылықтарының мәні екендігі анық көрінді. Құқықтық жүйеде көрсетілген мақсаттар, және оларға жету құралдары қабылданған құқықтық актілерде құрылды.

Социализм түрлі экономикалық және қоғамдық деңгейдегі елдерде дамыды. Социалистік мемлекеттер аумағымен, халық санымен, құқықтың даму тарихымен ерекшеленетін.  Осы мемлекеттерде тұрған халықтардың тарихы, олардың діни сенушіліктері және ұлттық дәстүрлері түрлі болатын.

Кеңес заңгерлік ғылымда құқықтың социалистік түрі құқықтың ең жоғарғы және соңғы деңгейі ретінде қарастырылды.

Социалистік құқықтық жүйелердің идеялық негізін марксизм – ленинизм құрды. К. Маркс, Ф. Энгельс және В.И. Ленин социалистік құқықтың негізгі сипаттарын құрды. 

Социалистік құқықтық жүйе тек қана социалистік революция нәтижесінде туындайды.