
- •1.Мемлекет және құқық теориясының мәні және оның басқа заң ғылымдарымен байланысы
- •2.Мемлекет және құқық теориясын зерттеудің жалпы және жеке әдістері
- •3.Мемлекет пен құқықтың пайда болуы, себептері.
- •4.Мемлекет анықтамасы, мемлекеттің сипатты белгілері
- •5.Мемлекет нысандары түсінігі. Мемлекет нысандарының элементтері.
- •6.Мемлекеттік аппарат түсінігі, құрылымы. Мемлекеттік аппаратты құрайтын органдардың сипаттамасы
- •7.Құқықтық мемлекет: түсінігі, негізгі белгілері.
- •8.Құқық анықтамасы. Құқықтың мәнін және әлеуметтік маңызын сипаттайтын белгілері.
- •9.Құқықтық жүйе түсінігі: әлемнің негізгі құықтық жүйелерінің жалпы сипаттамасы
- •10.Құқық нормасы: түснігі,белілері. Құқықтық норма құрылымы: гипотеза, диспозиция, санкция.
- •11.Заң шығару мемлекет қызметінің негізгі бағыты ретінде: түсінігі, заң шығару қағидалары
- •12.Құқықтың іске асырылуы. Түсінігі және түрлері.
- •13.Құқықтың іске асырылу нысандары. Құқық нормасының ресми түсініктемесі. Түсінігі және түрлері
- •Міндет жүктейтін нормаларды орындау
- •14.Құқықтық қатынастар: жалпы сипаттамасы, түрлері
- •15.Құқық бұзушылық түсінігі мен түрлері.
1.Мемлекет және құқық теориясының мәні және оның басқа заң ғылымдарымен байланысы
Мемлекет және құқық теориясы–бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.
Мемлекет және құқық теориясының (МҚТ) пәні – бұл мемлекет пен құкықтьң пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының жалпы заңдылыктары, олардың мәні, кұрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Сонымен катар МҚТ қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыстарды да қарастырады және жалпы кұқықтық түсініктерді зерттейді.
Ғылым ретіндегі мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері мынада:
Біріншіден, ол қоғамдық ғылым болып табылады, оның пәнін қоғамдық құбылыстар–мемлекет пен құқық құрайды. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық теориясы бірқатар басқа ғылымдардан (жаратылыстану, техникалық және т.б.) ерекшеленеді.
Екіншіден, ол саяси-заңды ғылым бола тұрып, мемлекеттің биліктік қызметі, саясаты саласымен тікелей қатысты қоғамдық құбылыстарды зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық құрылымды тікелей зерттемейтін басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді.
Үшіншіден, ол жалпы теориялық ғылым бола тұрып, мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпы заңдылықтары мен сипаттарын зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы ол арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді.
Төртіншіден, ол әдістемелік сипаттағы ғылым болып табылады. Мемлекеттік-құқықтық құрылымның жалпы заңдылықтарын көрсете отырып, ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды меңгеру әдісі мәселесін қарастырады.
Мемлекет және құқық теориясы күрделі заңтану ғылымы, ол мемлекет теориясы және құқық теориясы деп аталатын екі бөліктен тұрады.
Мемлекет теориясы мемлекет туралы жалпы ғылым, ол мемлекет типтерін, нысандарын (формаларын) және қызметтерін (функцияларын) зерттейді.
Ал құқық теориясы – заң догматтары мәселелерін, яғни құқық негіздерін, құқық нормаларының түрін, құқықтық қатынастарды, құқықтық сананы, құқықты түсіндіруді, заң алдындағы жауаптылықты және тағы басқа құқықтық мәселелерді зерттейтін ғылым.
Мемлекет пен құқықты басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ әлеуметтік құбылыстар жүйесіндегі олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекет пен құқықтық мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Мемлекет пен құқық өте тығыз байланысты. Құқықсыз мемлекет өмір де сүре алмайды, қызмет те істей алмайды. Сондыктан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықгары да ұқсас.
2.Мемлекет және құқық теориясын зерттеудің жалпы және жеке әдістері
Ғылым әдісі–бұл пәнді түсінуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Мемлекет және құқық теориясы өз пәнін зерттеу үшін көптеген әдістерді қолданады. Олардың ішінен мыналарды ерекше атауға болады:
1. Жалпы әдістер–ойлаудың кешенді қағидаларын көрсететін философиялық, дүниетанымдық бағыттар. Оларға мыналар жатады:
а) метафизика. Ол мемлекет пен құқықты мәңгілік және өзгермейтін институттар ретінде қарастырады;
ә) диалектика. Өз ішінде материалистік және идеалистік болып бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағ әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сәйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік және субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмір сүру жағдайын құдайдың күшімен, ал субъективтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.
Жеке ғылыми әдістер–мемлекет және құқық теориясының техникалық, жаратылыстаны және гумантарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нәтижесінде пайда болатын әдістер. Оларға мыналар жатады:
а) нақты-әлеуметтанушылық әдіс–сұраудың, бақылаудың, сұхбаттасудың және т.б. тәсілдердің көмегімен мемлекеттік-құқықтық саладағы субъектілердің іс жүзіндегі жүріс-тұрысы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді;
ә) статистикалық әдіс–нақты бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстың сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді;
б) кибернетикалық әдіс–кибернетиканың түсініктері, заңдары және техникалық құралдарының жүйесі арқылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.
Мемлекет және құқық теориясын зерттеп барып пайымдаудың арнайы және ғылыми дербес әдістері де бар:
а) формальды – логикалық әдіс. Бұл әдісті қолдану арқылы құқтың ішкі құрылымы, қайнар кездері, оны (құқықты) жүйелеудің әдістері зерттелінеді, сөйтіп пайымдалады. Мемлекет табиғатын зерттеу барысында бұл әдіс мемлекет нысанын (формасын), сондай-ақ оның құрылымын талдағанда колданылады;
б) салыстырмалы мемлекеттану мен қщықтану әдісі. Бұл әртүрлі еддердің мемлекеттік және құқықтық жүйелерін зерттеуде негізге алынатын әдіс;
в) нақты – әлеуметтік әдіс – нақты әлеуметтік зерттеулерге негізделген әдіс. Бұл зерттеулерді жүргізгеңде коғамдағы заңдарға, мемлекеттің тікелей өзіне немесе оның құрамдас бөліктеріне коғам қандай пікірде, қандай қайшылықтарда екендігі анықталынады. Бұл әдіске тән амал-тәсілдерге:
– байқау жүргізу;
– анкеталау;
– интервью алу (сұраққа жауап алу);
– эксперимент жасау жатады.
Жоғарыдағыларды тізбелегенде атап өтетін бір жәйт мемлекет және құқық теориясы әдістерінің сан қилы болып келетіндігі. Дегенмен осы әдістер өздерінің мемлекет және құқықы қоғамның күрделі құбылысы деп жан-жақты тануға мүмкіндік береді.