Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хтг 16-30 шпоры.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
82.44 Кб
Скачать

1.Халықаралық туристік нарықты сегменттеу

Нарық сегменті - нарық ішіндегі кез келген ұқсастықтары бойынша (ұқсас қажеттіліктер, сатып алу қабілеттілігі, өмір сүру аймағы, тұтынушылық басымдылықтар мен әдеттер) пайда болатын топтар.

Туризмде нарықты сегменттеу –негізгі мінездемесі гомогенді бөліктерге бөлу болып табылады. Нарық сегменті әр тұтынушы жеке қажеттілікті қалайтындығынан туындайды, ал бәрі бірігіп олар гетерогенді нарықты қалыптастырады.

Туристік саланың міндеттеріне толықтай В. Сапрунова ұсынған әдіс жауап береді. Бұл әдіс туристің өнімге сұраныс пен ұсыныстың құрама компоненттеріне негізделеді. Сұраныс сегментациясын3 әдіспен жүргізу ұсынылады:

  • Географиялық;

  • Әлеуметтік-графикалық;

  • Психографиялық.

Жеке жағдайларда нарықты сегменттеудің басқа әдістері қолданылады, мысалы:

    • Саяхаттың мақсаты;

  • Келу уақыты – маусымдығы;

  • Саяхаттар араөашықтығы;

  • Болу уақыты;

  • Сатып ала-алу мүмкіндігі.

2.Экологиялық туризм географиясы

Экологиялық туризм (фр. tourismeфр. tour — сейілдеу, сапар) — туризмнің жаңа шыққан түрлерінің бірі; сауықтырушылық, танымдық, қарым-қатынастық қажетсінулер ұштастырылатын, халықтың тынығуға қатысты қажетсінулерін неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретінтуризм саласы. Экологиялық тұрғыдағы корнекті орындарды (ұлттық саябақтарды, табиғат ескерткіштерін, табиғат қорғау проблемалары неғұрлым оңтайлы шешілген аумақтарды, экологиялық ұйымдардың, "жасылдар" қозғалысының бұқаралық шараларына қатысу, аралап қору қоса жоспарланған саяхат болып табылады. Оған экологиялық білім беру және ағарту элементтері міндетті түрде қамтылады.

КСРО кезнде экотуризм орталығы болып  Армения есептелді;ДжермукЦахкадзорДилижан.

3.Халықаралық туризмді көпжақты негізде құқықтық реттеу

  • Егер де мен сапар барысында құжаттарымды жоғалтсам не болады?

Егер де Сізден құжаттармен бірге ақшаңызды да ұрласа, дипломатиялық өкілдік сізге Атамекенге оралу үшін қаржымен көмек береді. Алайда бұл қаражатты Отанға оралғаннан кейін кері қайтаруға тура келеді. 

  • Шенгендегі (Италия) визалық режимді бұзған жағдайда қандай жазалау бар?

Визалық режимнің бұзылуы – виза иесінің визаны пайдалану ережесін бұзған әкімшілік құқық бұзушылық. Негізгі визалық режимнің бұзылуы төмендегідей: Италия (Шенген мемлекетінің аумағында) аумағында визада көрсетілген мерзімнен артық болу. Мысалы: Италия визасы 25/06/2014 дейін жарамды. Виза иесі Италия (Шенген) шекарасын 27/06/2014 дейін болды. Шекарадан өтетін мерзімнен кешігу Шенген заңының бұзылуы болып табылады. Шенгеннің (Италия) визалық режимін бұзған соң келесі шенген визаларын алған кезде қиындықтар болуы мүмкін, сонымен қатар, айыппұл ретінде әкімшілік жазалаулар да болады.

30 билеті

Халықаралық туризмнің қазіргі даму тенденциясы

ХХ ғасырдың 80-ші жылдары батыс Еуропаның мемлекеттерінің туристтік сұранысында жаңа тенденциялар пайда болды. Олар экономикалық және әлеуметтік факторлар тұрғысынан туындады, сондай-ақ қазіргі адамдардың психологиясының өзгеруімен де байланысты еді. Туристтік тұтынушылықтың құрылымына басты әсерін тигізгені экономикалық конеъюктураның нашарлауы болды. Индустриясы дамыған елдердегі тоқырау жұмыссыздықтың санын көбейтті. Сонымен қатар, негізгі туристтік қызметті пайдалнушыларға – қоғамның орта буынына да әсерін тигізді, олар бос уақытын дұрыс пайдаланудың жолдарын іздеуге мәжбүр болды.

2Спорттық туризм географиясы Түрлері бойынша спорттық туризм:жаяу, су, шаңғы, велосипедті, парусты,атты, спелотуризм және автомототуризм болып бөлінеді.

 Жасына  байланысты спорттық туризм балалар, жасөспірімдік, жастар,ересекті адамдар,қарттар арасындағы, отбасылық және түрлі жастағы адамдар үшін болып бөлінеді.Спорттық-сауықтыру  туризмы өзінің мақсаттары бойынша  спорттық, танымдық,ілімдік,зерттеулік, экологиялық болып бағытталады. Өткізілу  шарасының типтері бойынша спорт-сауықтыру  туризмы саяхат,спорттық сапар, жарыс,слет, экспедиция, экстрималдық спорттық тур,спорттық туризм саласындағы гид пен нұсқаушы (инструктор) дайындайтын спорттық-туристтік мектептер ұйымдастыру мен өткізу барысында өзінің мақсаттарын іске асырады.

Спорт-сауықтыру  туризмының функциалау базасы болып  туристік жабдықтар, орын ауыстырудың  техникалық және басқа да амалдары, туристік полигондар, турбазалар, жас туристер бекеттері және туристік клубтар болып табылады.   3.Халықаралық туристік нарықты сегменттеу

Туристік нарық – бұл туристік қызметтерді сатушылар мен сатып алушылар арасын жақындататын (табыстыратын) институт немесе механизм..Туристік нарықты мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады:

- географиясы бойынша - әлемдік, аймақтық, жеке ел, ел ішіндегі жеке аймақтық, қалалық нарықтар т.б.

- ұлттық территорияға қатысты белгісі бойынша – халықаралық туризм, ішкі туризм нарығы;

- қозғалыс бағыттарының белгілері бойынша – туристік ағындарды және туристерді қабылдайтын генерациялайтын нарықтар ;

- өндіріс пен өткізудің концентрациясы бойынша монополистік, олигополистік, және еркін бәсекелестік нарығының концентрациясы деңгейі бойынша;

Сұраныс пен ұсыныс арасындағы арақатынас деңгейі бойынша – сатушы нарығы (сұраныстың жоғарылығымен, ұсыныстың шектеулілігімен сипатталады) сатып алушы нарығы (сұраныстан ұсыныстың артуы).

6

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]