Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қт 7 сынып 1 модуль 1-6.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
123.39 Кб
Скачать

§ 5 Оғыз мемлекеті iХғ аяғы -xIғ басы

*1.Аумағы:Сырдарияның орта және төменгі ағысы

-Астанасы: Янигент-Жаңа Грузия- Сыр өзенінің бойы

-Оғыз тайпалары- Орталық және Орта Азияда өмір сүрді

-VIIғ Түрік қағанатының құрамында болды

-Қарлұқтар мемлекет құрылғаннан кейін Сыр бойына көшті

-Кангар- печенегтерді жеңіп, батысқа жылжыды

Жазба деректер:

-Уыз- сөзінен шыққан

-«Садақтың оғы»-сөзі

-«Өгіз» сөзі-тотемдік сөзден шыққан

-Күлтегін жазуында «Оғыз білге таңбашының»- мөршісі болған

-Жазбада «тоғыз»-оғыз халықы өзіме тән еді.

-«Күлтегін бек оғыздар арасына кірді»

-Махмуд Қашғари: Жетісу және Ыстықкөл мен Шу өзендері аралығында түркі тілдес тайпалармен қатар тұрған оғызыдар-қарлұқтардың күшеюімен бірге Сыр бойына ығысқан.

*2.Этникалық құрамы:

-Оғыздар құрамына Кангар- печенегтер, арғы тегі Үнді –европалықтар

-фипн-угорлар кірген

-Қытай деректерінде- байандұр, имур, қайлар

-Араб деректерінде-Қимақ тайпалары оғыздарға қосылған

-Махмуд Қашқари -24 тайпа (оғыздардың қалыптаса бастаған кездері)

-Әл-Марвази -12 тайпа (халық дәрежесіне көтерілен)

*3.Қоғамдық құрлысы :

-Оғыз қағанаты тайпалардың біріккен одағынан құралды тайпалық одақтар-ел, халық, мемлекет деген ұғымды білдіреді.

-олар аймақтарға бөлініп басқарылды

-Жабғу- оғыздардың билеушісі-мұрагерлікпен берілді

-Инал- жабғудың мұрагерлері

-Атабектер- арнайы тағайындалған Иналды тәрбиелеген

-Сюбашы- әскербасшы, әскер басының қоғамдағы орны зор болған, Жабғу- сюбашылармен кеңесіп отырған.

-Оғыз мемлекеті- әскери демократияға сүйенген

-әйелдердің сарай маңындағы ролі маңызды болған.

-Күл-еркіндер-жабғу кеңесшілері

-Халық жиналысы- жылына 1 рет шақырылды.

-Қаңқаш- шонжарлардың кеңесі (ақсүйек феодалдар) күнделікті өмірдеең басты мәнге ие болды.

-Ұлы және Кіші Құрылтай-ел басқарудың ең жоғарғы орны.

-Оғыз дәулетінің біртіндеп дамуы. « Оғызнамада»- жазылған оғыз қаған «Ұлығ құрылтай шақырды».

-Ұлы құрылтайда- «боз оқ»-ұлдары - оң жағына- артықшылығы болған

«үш оқ»- сол жағына отырғызылған

-«бой»- «оба», «көк»- тайпалық, рулық бөлімшелер ұрықтар мен аймақтарға бөлінген. «Оғызнама» деректерінде жазылған.

-Ұрық- рудың атақты тұқымдары, әулеттер аталған.

-Жабғу өз жерін -12 аймаққа бөлген.

*4.Саяси тарихы.

-Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды роль атқарды.

-Еділ мен Жайық өзені бойында Қарлұқ пен Қимақ тайпаларымен бірлесіп печенигтерді жеңеді. «Оғызнамада» айтылған «Итиль өзені мен Қаратау маңында ұрыс болған»

-965 жылы- Оғыз жабағуы Киев князі -Святославпен бірігіп хазарларға қарсы одақ құрды.Хазар қағанатын талқандады. «Оғызнамада» айтылған

«Оғызнамада» Батысқа жасаған жорықтары айтылды.

-Түрік шежірелерінде: Орта Азия, Шығыс Түркістанға Қытайға жорықтары туралы жазылған..

Сыртқы саясатындағы мақсаттары

-Бірінші-Қара теңіз Дон өзені бойындағы жерледі қаратуға Хазар қағанаты кедергі жасайды.

-Екінші-Маңғыстау, Үстірт, Еділ бойынан өтіп, Еуропаны Азиямен байланыстыратын сауда жолы қызықтырады .Орыс қалаларымен сауда жасауға Орыс мемлекеті де мүдделі болды.Хазарияны талқандап, Шығыс елдеріне жол ашты.

-985 жылы - Кінәз Владимир торктармен (оғыздармен) одақтасып бұлғарларға жорық жасаған.

-орыс жылнамаларында соғыс пен алым- салықтан, халық наразылығы күшейеді.

-Х ғ аяғы Әли хан кезінде мемлекет нашарла»ды, Жент қаласын Салжұқтар басып алғанымен , қала тұрғындары оларды қуып шықты

-Шахмәлік хан- тұсында уақытша күшейіп- 1041жылы Хорезмді жаулап алады.

-Оғыэ жабғуы- көтеріліске шыққан Салжұқтардың қолынан қаза тапты.

-Билік үшін талас-тартыс мемлекетті әлсіреді.

-Қыпшақтар күшейіп, Оғыздарды ығыстырды XI ғ басында құлайды.

*5.Шаруашылығы

-Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы.

-Қысқы жайылымы-Сырдың орта және төменгі ағысы, Арал теңізі жағалауы.

Жазда Каспий теңізінің далалы аймақтары болған.

-Әл-Бируни «оғыздардың күзде Хорезм шекарасында ,Ұлытада көшіп жүретінін айтқан» Төрт-түлік мал өсірген

-Ибн-Хаукәл «Түркістан аймағы- елтірі қойларын өсірген»

- айыр өркешті түйе өсірген.

-Мал өнімдері-Орта Азия, Қытай елдерімен айырбас жасаған.

Жартылай отырықшы егін шаруашылығы-Арал өңірі

-Сырдың төменгі ағысындағы қадалар -Жанакент, Жент, Жуара қалалары отырықгы болған

-Махмуд Қашқари –«Сырдың орта ағысындағы қалалар- Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ ,Сауран қалалары жазылған- қала тұрғындары көшпейді, нағыз жатақтар болған»

-Археологиялық қазбалар суармалы егіншілік болғанын айтады

*6.Кәсібі мен қолөнері.

-Кәсіп пен қолөнері дамыған түрі-мал өнімдерін өңдеу

-мал терісі, ат-абзелдері, киім-кешек,

-тұрмысқа қажетті бұйымдар,қару-жарақ жасаған.

-Құмыра жасау, көзешілік, теміршілік, зергерлік сәндік заттар жасаған.

-Әл-Жахиз «Түрік қолөнердің барлық түрін өзі істейді,... қару, жебе, ер- тұрман , қорамсақ , найза жасайды» деп жазды.

-Әл-Идриси оғыздар мен қимақтар туралы: « Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды» деп жазды.

-Кәсіпшілік пен қолөнері жақсы дамыған.

Археологиялық қазбалар кезінде -бұйымдардың қалдықтары табылған