Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қт 7 сынып 1 модуль 1-6.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
123.39 Кб
Скачать

§ 3 Түркеш қағанаты 704-756

*1.Аумағы-Жетісу аймағы,Орта Азияның оңтүстік- шығысы-Шаштан, Шығыс Түркістандағы -Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейін.

*Астанасы-Суяб қаласы-үлкен орда

*Күнгіт-кіші орда-Іле бойында орналасқан

*Деректер

-«Күлтегін» ескерткіштерінде,

-Қытай жазба деректерінде кездеседі.

«Күлтегін» жазбаларында-өз алдына билік құрғаны кездеседі.

*2.Этникалық құрамы

- Халқы түркі тілдес тайпалар.

-VII ғ Шу,Іле,Талас өзендері аралығында сары және қара түргештер мекендеген.

-Керуен жолы-бақылауында болған

-Батыс Түрік қағанатының сол қанатына енген адам саны басым болған.

-Сары және Қара түркештер болған.

-Күнгіт қаласында –күнгіт тайпалары мекендеген

*3.Саяси тарихы

*Үшлік қаған

- негізгі тайпаларын екі ордаға, 20 әкімшілік аймаққа бөлген, 7 мыңнан әскер жинады.

-Саяси- әкімшілік басқару ісіне назар аударған -706 жылы қаза болды.

- Сары және Қара Түркеш арасында билік үшін соғыс болды. Шығыс Түрік қағаны-Қапаған пайдаланбақшы болды.

-Қара түркештер жеңіске жетіп билікке Сұлу келді

*Сұлу қаған 715-738 жылдары күшейді .

-Орда Талас (Тараз) қаласына көшірілді.

-Батыста арабтармен, Шығыста Қытаймен ,Шығыс Түрік қағандығы-Жетісудағы қайшылықты пайдалануға тырысты

ш жақты күрес жүргізді.

-Шығыста-Қытаймен Шығыс Түрік қағанымен әскери келісімшарт пен құда болу арқылы шешеді

- 717 жылы –Таң империясына барады

-Шығыс Түрік қағанымен құда болу арқылы саяси жағдайын өзгертеді.

-Арабтармен күресте Орта Азия халықтарын пайдаланып.Самарқан,Бұқарда соққы береді.

-737ж- Тоқарстанда Қарлұқтармен бірлесіп -арабтарға соққы берді.

-Сұлу қаған Баба тарханның опасыздығынан, арабтардан жеңіліп қаза табады.

-«Сүзеген» мүйізді қаған деп аталады.

-Сұлудың әскери қолбасшысы Күли-шорр 720-721 жылдары соғды жерінде арабтарды жеңеді.

*Тұқарсан Құтшар

-Сары және Қара Түркеш арасында 20 жыл соғыс болды, қағандық әлсірейді.

-748 жылы Қытайлар Суябты. Жетісу мен Шашты жаулап алады.

-751 жылы Атлах шайқасы- Тараз маңында түркештер(қарлұқтар) арабтармен одақтасып, қытайларға соққы береді, Қытайлар Жетісудан қуылды.

*Жыпыр қаған 749-753 жылдары билікті қолына алды.Билік үшін күрес қағанатты әлсіретеді.

-756 ж Қарлұқтар билікті өз қолына алды.

*4.Шаруашылығы

- Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, отырықшы егін алу, сауда, қолөнер дамыды. Аң аулау кәсібі.

-Мал шаруашылығы басымдылығына байланысты жер иелену жер қағанның меншігінде болған жерді өзі бөліп берген.Халық наразылығы-көшіп кету.

*5.Сауда

-Сауда дамыған.Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы.

-Қалалар –Суяб,Тараз, Баласағұн, Испиджаб.

-Теңге-Теңгенің екі беті болған.Түркеш қағанының теңгесі- «түріктің көк ханының теңгесі»- соғды жазуымен жазылған.

704-766ж Таразда соғылған Халықаралық сауда дамыған.

*6.Соғдылар

-Ежелгі аумағы-Зеравшан мен Қашқария алқабы

- Орта Азияда өмір сүрген- иран тілдес халық.

-Сауда арқылы келіп қоныстанған.

-Бұқар әмірі Абруйдың қысымына шыдай алмай қоныс аударған

-Арабтардың жаулап алу әсерінен көшкен.

*Бартольд-Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты.

-Араб шапқыншылығы күшейіп, VI-VIII ғғ Жетісуға қоныстанды.І

-Іле, Шу ,Талас өзендеріндегі қалалар дами бастады.

-VI-VII ғғ Түрік қағандығы жаулап алады.

-VII ғ бас кезінде Сюань Цзянь «Түріктерге бағынышты,тәуелсіз, Шу өзенінен Кушанға дейін Сули (Соғды) елі болған, егіншілік пен саудамен айналысқан» деп жазды.

-егіншілік пен қала мәдениетінің дамуына әсер етті.

-Махмуд Қашқари-«Соғдылықтар ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ»деп жазды

-Түркілер отырықшылық, қалалық мәдениетке үйреніп,соғдылармен материалдық және рухани байланыста болып, өзара жақындасады.