
1 Модуль
§ 1 Түрік қағанаты 552-603
*Аумағы
-Еуразияда құрылған.Алтайдан - Каспий теңізіне дейін
оңтүстік- шығыс-Қытаймен, оңтүстік батыс парсы елімен шектеседі.
Жеріміздегі алғашқы -феодалдық мемлекет.
*2.Этникалық құрамы
- Негізгі түрік тілдес халық.
-Көпшілігі теле (тирек) тайпалары.
-Қытай шежіресінде «теле» деген түрік атауы отыз теле тайпасы болған.Қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін тайпалары болған
*Деректер
- «Түрік» этнонимі 542 жылы қытай деректерінде кездеседі.
-«Күлтегін» ескерткіштерінде қала туралы сөздер бар.
*Астанасы.Суяб
*3.Саяси тарихы
-Қытаймен бейбіт саяси қарым-қатынас 545 жылы орнайды, саяси байланыс нығайады
*Бумын қаған
-Жужандарға (аварларға) қарсы шығып, Анағұй қағанды 552 жылы жеңіп, «елхан»- деген атаққа ие болды.
-Түрік қағанатының негізін қалады. Қағанат күшейді.
*Қара-Еске қаған- - Орхонның жоғарғы жағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді, жужандардың жорықтары нәтижесіз болады
*Мұқан қаған 552-554 жылдары-жужандар мүлде жеңілді:
-Ұлы даланың шығыствғы қожасына айналды
-Солтүстікте Саян тауына дейін-шығысында Сары өзенге дейін жетіп,
-қай, қидан, оғыздар-татар тайпаларын бағындырады.
-Қытайлар екіге бөлінді. Қытайлардың бір жағы 100 мың тең жібек матасын төлеген.
*Тобо қаған
-570-580 жылдары түрік қағанатының шығыстағы саяси ықпалы күшті болды.Қытайдың екі жағымен байланысы орнады.
*Иштеми қаған - Батыс бағытын күшейтті 10 түмен бастаған, он қолбасшысы болған.
-Ху елі ( соғдылықтарды) Алтайдың теріскейіндегі тайпаларды бағындырған.
-555жылы- Арал теңізіне дейін жетті. Қытайдан -Әмударияға дейін, Ташкенттен -Сырдарияға дейін жетті.Орта Азияға енді- эфталиттер қарсылығына тап болды.
-563-567 жылы Орта Азияны жаулап алды.
-VІ ғ 70 жылдары- Солтүстік Кавказдан Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті.
-Қытай, Иран, Византия- мемлекеттеріне саяси жағынан ықпал еткен күшті мемлекет болды.
*5.Ыдырауы:
-саяси жағынан бір орталыққа бағынған жоқ
-әулет арасында билік үшін тартыс
-тәуелсіздік үшін күрес
-халықтардың саяси, экономикалық бірлікте болмауы
-581 жылы өзара соғыс
-жеке ұлыстарға бөлінді
-қытай мемлекетінің шабуылына, тойтарыс бере алмады
-603 ж екіге бөлінді, батыс және шығыс
*Шаруашылығы
–Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы
-Қыстаулары-Іле, Шу,Талас, Ертіс,Сырдария өзені бойы.
-Төрт түлік мал-өсірген, мал өнімдерін пайдаланған
-Қалалар болған
- Жетісу, Оңтүстік Қазақстан,Тараз маңы-тұрақты-Қыстау –кенттер болған
- Жетісу мен Орта Азияда –отырықшы жер өңдеумен айналысты.
*Мәдениеті:
-Баспанасы-киіз үй,тұрақты үйлері-жерден қазылған жер кепелер, тастан, ағаштан, қамыстан жер кепелер-тұрақ жайларда тұрған
-Басты көлігі-жылқы
*Ат әбзелдері-ер, жүген, шілдер, кісен, үзеңгі, тартпа құйысқан өмілдірік, арқан, көген, желі. бұйда, шылбыр, құрық . Археологиялық зерттеу кезінде кездескен.
*Діни-нанымдары:
-мәйітті өртеп, күлін қойған-отқа табыну салты (алғашқы кезде)
-адамның тірі кезіндегі заты бірге жерленген о дүниедегі өмір(екі түрлі жерлер)
-Византия елшісі Земархты оттың арасынан өткізген-аурудан, пәле- жаладан сақтайды деп есептеген
-сыйлы қонаққа қойдың басын тарту еткен.