
- •«Қазақ тілін зерттеген ғалымдар» тақырыбында диалог құрастыру
- •2. Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы туралы әңгімелеу.
- •3. Берілген мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдерді аяқта
- •1.«Әйгілі ғалымдар» тақырыбында диалог құрастыру
- •2. Айдаров Ғұбайдолла туралы әңгімелеу.
- •1.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы туралы әңгімелеу
- •2.Тәуелсіздік туралы бір өлең жатқа айту.
- •3. Сыза бойынша «Қазақстан рәміздері» тақырыбына 4 сөйлем құрастыру.
- •1.«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» тақырыбында диалог құрастыру
- •2.Отан туралы 10 мақал-мәтел айту.
- •3.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің да, де, та, те, және, әрі жалғаулықтарымен сөйлем құрастыр.
- •1.Қазақ хандары» тақырыбында диалог құрастыру
- •2. Төле би туралы әңгімелеу.
- •1.«Тарихи қайраткерлер» тақырыбында диалог құрастыру
- •2.Қаз дауысты Қазыбек би туралы әңгімелеу.
- •3. Сөйлемдерден септік жалғауы бар сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын анықта.
- •1.«Ежелгі қалалар» тақырыбында диалог құрастыру
- •2.Түркістан қаласы туралы әңгімелеу
- •1.«Болашақтағы қала» тақырыбында диалог құрастыру.
- •3.Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастыр.
- •1.«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2.«Ата-ана» мәтінінің мазмұнын айту.
- •1.«Отбасы мүшелерінің мінездері» тақырыбына диалог құрастыру.
- •2. «Жеті қазына мен жеті ырыс» мәтінінің мазмұнын айту.
- •1.«Ұлттық киім» тақырыбына диалог құрастыру.
- •2.«Қолөнер» мәтінінің мазмұнын айту.
- •3. Берілген сызбалар негізінде талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер құрастыру.
- •1.«Ұлттық мұражайда» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2.Қазақ халқының ерте кездегі кәсіптері туралы әңгімелеу.
- •3.Тұрақты тіркестерді аударып, олармен сөйлем құрастыр.
- •1.«Белгілі күйшілер» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2.Нұрғиса Тілендиев туралы әңгімелеу.
- •1.«Қазақтың музыкалық аспаптары» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2.Дина Нұрпейісова туралы әңгімелеу.
- •3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
- •1.«Тұңғыш ғалымдар» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2.Ахмет Байтұрсынұлы туралы әңгімелеу.
- •3.Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.
- •1.«Шоқан Уәлиханов» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2.Ыбырай Алтынсарин туралы әңгімелеу.
- •2.Шешендік өнер туралы әңгімелеу.
- •3. Берілген сөйлемдерді шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем түрінде аяқта.
- •1.«Экология» тақырыбына диалог құрастыру.
- •2. «Арал теңізінің мәселесі» туралы әңгімелеу.
- •1.«Қорықтар» тақырыбына диалог құрастыру.
- •2.Абайдың табиғат лирикасы мәтінінің мазмұнын әңгімелеу.
- •3.Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
- •1.«Радио және теледидар» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2. «Мен тілші боламын» деген тақырыпта әңгіме құру.
- •3.Сөйлем мүшелеріне талдау жаса.
- •1.«Театр» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2. «Әуезов үйі» туралы әңгімелеу.
- •1.«Кино өнері» тақырыбына диалог құрастыру.
- •2. «Абайдың мұражай үйі» туралы әңгімелеу.
- •3.Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.
- •1.Алматы қаласына саяхат жасау.
- •3. Мына шылау сөздермен сөз тіркестерін құрастыр.
- •1.«Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбында диалог құрастыру.
- •2. Өзіңнің күн тәртібің туралы әңгімелеу.
- •3.Берілген төл сөзді төлеу сөзге айналдыр.
- •1.«Қазақ композиторлары» туралы диалог құрастыру.
- •3.Етістіктің өткен шақ түріне сөйлем құрастыр.
2.Дина Нұрпейісова туралы әңгімелеу.
Аса дарынды күйші Дина Нұрпейісова жеті-сегіз жасынан бастап қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында Құрманғазыны көреді. Оның күйлерін үйренеді. 1888 жылы Құрманғазы Динаны соңғы рет көргенде, оған домбырасын сыйлап, күйлерін кейінгі ұрпаққа жеткізуді аманат етеді. Халықтың күйші - композиторы Дина көптеген күйлер шығарды. Оның ішінде “Той бастар”, “Әсемқоныр”, “Бұлбұл”, “Ана бұйрығы” атты күйлері бар.
3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Шаңқобыз халық аспаптар оркестрінде, ансамбльдерде қолданылады әрі жеке де ойналады.
15 – билет
1.«Тұңғыш ғалымдар» тақырыбында диалог құрастыру.
-Тұңғыш ғалымдарға кімдерді жатқызуға болады?
-Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Қаныш Сәтпаев.
-А.Байтұрсынов туралы не білесің?
-Ахмет Байтұрсынов – көрнекті тілші, ғалым, әдебиет зерттеуші, аудармашы.
- А.Байтұрсынов қандай кітаптар жазған?
- Ол «Тіл құралы», «Қырық мысал» кітаптарының авторы.
-А.Байтұрсынов қандай газет шығарды?
- 1913 жылы Орынборда «Қазақ газетін шығарды?
2.Ахмет Байтұрсынұлы туралы әңгімелеу.
Көрнекті тілші ғалым, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы, ағартушы және оқу құралдарының авторы Ахмат Байтұрсынұлы қазіргі Торғай облысындағы Сарытүбек деген жерде туған. Әкесі оны Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. 1891 жылы мектепті бітірген соң, Орынборға келеді. Мұнда мұғалімдер даярлайтын мектепке оқуға түседі. Оқуды бітірген соң Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралыда балаларға сабақ береді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырлар жазады. Байтұрсынұлы 1913 жылы Орынборда “Қазақ” газетін шығарады.
3.Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.
Шоқан(зат есім) – шын(сын есім) мәнінде (мән-зат есім –і тәуелдік жалғауының ІІІ жағы, -нда жатыс септігі) ғылым (зат есім) үшін (жалғаулық шылау) туған ( ту-түбір етістік+ -ған- есімше) адам (зат есім).
16 – билет
1.«Шоқан Уәлиханов» тақырыбында диалог құрастыру.
-Шоқан Уәлиханов туралы не білесің?
-Шоқан Уәлиханов - ғалым, зерттеуші, этнограф.
-Ол қай жерде оқыған?
-Омбыдағы Кадет корпусында оқыған. Шоқан үздік оқыған.
-Ол нені зерттеген?
- Шоқан Уәлиханов қазақ халқының тарихын зерттеуге ерекше ден қойған. Ол XV ғасырда қазақ халқының ұйытқысы болған Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ, Керей, Найман руларын жан-жақты зерттеді.
-Оның қандай танымал шығармалары бар?
-Шоқанның тамаша еңбектері – “Алты шаһардың жайы туралы” , «Ыстықкөл сапарлары», «Киіз үй» деген шығармаларын білемін.
2.Ыбырай Алтынсарин туралы әңгімелеу.
Ыбырай Алтынсарин ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклорист, қоғам қайраткері. Ол 1850 жылы Орынбор қаласындағы жеті жылдық мектепке оқуға кірген, 1857-1859 жылдары атасы Балқожа бидің хатшысы болған. Ол 1864 жылы қазақ мектебін және қазақ қыздары үшін мектеп ашқан.
3. Берілген жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлемдер жаса.
1).Ыбырайдың өз әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өсті.
2).Ыбырай Орынборда жетіжылдық мектепті бітіріп, атасы Балқожа бидің хатшысы болды.
17-билет
1.«Шешен билер» тақырыбында диалог құрастыру.
-Шешен билерге кімдерді жатқызған?
-Төле, Қазыбек, Әйтеке би.
- Олар қай ғасырда өмір сүрген?
-Олар ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда өмір сүрген.
-Олар туралы не білесің?
-Мысалы, Төле би – ақылды, әділ, шешен және халық қамын ойлаған қайраткер.Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би ел ішіндегі дау –дамайды шешіп, әділ төресін беріп отырған.