Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сынып билет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
75.64 Кб
Скачать

2. Төле би туралы әңгімелеу.

Төле би шамамен 1663 жылы Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы қазіргі Шымкент облысы Леңгір ауданы Ақбұрхан деген жерде тоқсан жасында дүние салған. Төле би оқыған, сауатты, жастайынан халқының ақындық, шешендік өнерінен тәлім алған. Ол 15-20 жасынан-ақ билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен көзге түсіп, елге танылған. Төле бидің ел-жұрт, ағайын-туыс, алыс-жақынға қадір-қасиеті хан, сұлтандардан да жоғары болған. 

3. Берілген екі бағанадағы сөздерден сөз тіркестерін құрастырып, аудар. Ұлысты басқарған, тағына сайланатын болған, билер соттай алмайтын еді, құқықты пайдаланған, билік сұлтандарда болған, ханнан тараған.

6-билет

1.«Тарихи қайраткерлер» тақырыбында диалог құрастыру

-Сәлем, қандай тарихи қайраткерлерді білесің?

-Қазақ жерінде тарихи қайраткерлер өте көп. Оларға белгілі хандарды, сұлтандарды, билерді, батырларды жатқызуға болады.

-Қандай билерді білесің?

-Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би.

-Төле би қай ханның тұсында өмір сүрген?

-Тәуке ханның.

-Төле би туралы не білесің?

-Төле би 15-20 жасынан-ақ билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен көзге түсіп, елге танылған.

-Жақсы, рақмет!

2.Қаз дауысты Қазыбек би туралы әңгімелеу.

Қазыбек би (1667-1764) – Орта жүздің "Төбе биі” атанған, шешендік сөздің майталманы, Тәуке ханның тұсында "Жеті Жарғы” әдет-ғұрып заң жинағын жасаушылардың бірі, еліміздің тарихынан мәңгілік орын алған ірі тұлға. Қаз дауысты Қазыбек би – ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен әділқазы; үшіншіден, ол – халықаралық дәрежедегі елші-дипломат, қоғам қайраткері. Қазыбек би 1667 жылы туып, шашамен 1764 жылы 97 жасында дүние салса керек. Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген. 

3. Сөйлемдерден септік жалғауы бар сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын анықта.

Әйтеке би қазақ халқының (І.с) басын (т.с.) біріктіріп, бір орталықтан (ш.с) басқарған және туысқан қарақалпақ, қызғыз халықтарымен (к.с.) одақ құрып, жоңғар қалмақтарына (б.с) қарсы бірыңғай халық майданын (т.с.) ашқан, Тәуке ханның (І.с) кеңесшісі, көмекшілерінің (І.с) бірі болған.

7-билет

1.«Ежелгі қалалар» тақырыбында диалог құрастыру

-Қазақ жерінде ежелгі нелер көп?

-Қазақ жерінде ежелгі қалалар көп.

-Олар қалай пайда болған?

-Шағын елді мекендерде тұрған халықтың саны көбейіп, қалаларға айналған.

-Қалалардың көбі қандай жерлерде салынған?

-Қалалардың көбі өзендердің жағасына, ауа райы жылы жерлерге салынған.

-Қазақстанда ең алғаш қалалар қашан пайда болған?

-Ең алғашқы қалалар осыдан екі жарым мың жылдай бұрын пайда болған.

-Ежелгі қалаларымыз қазір бар ма?

-Көбі жоқ. Сақталған қалалар: Түркістан және Тараз.

2.Түркістан қаласы туралы әңгімелеу

Қазақ жеріндегі ежелгі қалалардың бірі – Түркістан қаласы. Түркістан қаласы – қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы, Түркістан ауданының орталығы, Шымкент қаласының 225 шақырым жерде орналасқан. Бұл қаланың орнында IV-X ғасырларда Шабғар деген үлкен қала болған. IX-X ғасырларда бұл қала ерекше гүлденіп, Йасы деп аталады. XV ғасырдан бастап Түркістан деп аталды. Бұл қалада осы уақытқа дейін жақсы сақталған Ахмет Йасауи кесенесі бар.

 3.Берілген жай сөйлемдерден жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем құрастырып, синтаксистік талдау жасау.

Ежелгі қалалардың бірі – Отырар, ол ІҮ-ҮІІІ ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болған.

8- билет