Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сынып билет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
75.64 Кб
Скачать

15

1-билет

  1. «Қазақ тілін зерттеген ғалымдар» тақырыбында диалог құрастыру

-Сен қазақ тілін зерттеген ғалымдарды білесің бе?

-Иә, білемін.

-Оларды атап бере аласың ба?

-Иә, олар: В.В.Радлов, В.В.Бартольд, Н.Т.Сауранбаев, Ғ.Айдаров.

-В.В.Радлов кім?

-Ол – белгілі түрколог, шығысты зерттеуші ғалым.

-Жақсы, Н.Т.Сауранбаевтың қандай еңбектерін білесің?

-Оның «Қазіргі қазақ тіліндегі диалектілер», «Қазақ тілінің жасалуы туралы», Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы» атты еңбектері бар.

-Ал Ғ.Айдаров туралы не білесің?

-Ғ.Айдаров ғалым, профессор, филология ғылымдарының доктары.

-Жақсы, рақмет!

2. Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы туралы әңгімелеу.

Н.Т.Сауранбаев - қазақ тіл білімінің негізін салушы. Түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор.

1932 жылдан бастап, ол жоғары оқу орындарында сабақ берді, оқулықтар жазды, студенттер мен аспиарттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті. Н.Сауранбаев 1950 жылдардан бастап қазақ тілінің тарихи мен диалектологиясы туралы мәселелермен шұғылданды. Оның «Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абай рөлі», «Қазақ тілінің жасалуы туралы», «Қазіргі қазақ тіліндегі диалектілер», «Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы» атты еңбектері бар.

Н.Сауранбаевтың білім беру, мәдениет, тарих пен әдебиетке және саяси-әлеуметтік өмірімізге байланысты жазған мақалалары да өте көп.

3. Берілген мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдерді аяқта

1).В.В.Бартольд – шығыстану ғылымының аса көрнекті өкілі, ол шығыс халқының мәдениетін, тарихын зерттеген.

2).Ол «Жетісу тарихының шежіресі» еңбегін жазып, онда шығыс халықтары туралы көп фактілер, оқиғалар берілген.

3). Оның ішінде Орта Азия халықтарының мәдениеті мен тарихын зерттеп, оның көп еңбектері шет елдерде жарияланды.

2-билет

1.«Әйгілі ғалымдар» тақырыбында диалог құрастыру

Сен қазақ тілін зерттеген ғалымдарды білесің бе?

-Иә, білемін.

-Оларды атап бере аласың ба?

-Иә, олар: В.В.Радлов, В.В.Бартольд, Н.Т.Сауранбаев, Ғ.Айдаров.

-В.В.Радлов кім?

-Ол – белгілі түрколог, шығысты зерттеуші ғалым.

-Жақсы, Н.Т.Сауранбаевтың қандай еңбектерін білесің?

-Оның «Қазіргі қазақ тіліндегі диалектілер», «Қазақ тілінің жасалуы туралы», Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы» атты еңбектері бар.

-Ал Ғ.Айдаров туралы не білесің?

-Ғ.Айдаров ғалым, профессор, филология ғылымдарының доктары.

-Жақсы, рақмет!

2. Айдаров Ғұбайдолла туралы әңгімелеу.

Ғұбайдолла Айдаров - ғалым, профессор, филология ғылымының докторы. 250- ден астам ғылыми – зертттеу еңбектері, оның ішінде 10 монография мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтар жазған. Оның еңбектері негізінен түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған. Ол көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін жан – жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген.  3.Мына сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

В.В.Радлов 1872-1883 жылдары Қазанда тұрып, татарлар мен башқұрттарға еуропаша білім алуға көмектеседі.

3-билет

1.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы туралы әңгімелеу

Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері болып Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Гимні саналады. 2006 жылы 6 қаңтарда «Менің Қазақстаным» әні ҚР Гимні болып жарияланды. Тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Қазақстанды әлем тани бастады.Қазақстанда 50 мемлекеттің елшілігі бар. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.

Тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылы Қазақ елінің өсіп-өркендеуі мен игілігі жолында заманымыздың аса көрнекті мемлекет қайраткері Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен, қазақстандықтардың ерен еңбегінің арқасында республиканың қол жеткізген толағай табыстарын бүкіл әлемге паш етіп отыр. Елдің қазіргі жетістіктері – болашақ ұрпаққа арналған мұра, ХХІ ғасырда Қазақстанның тұғырлы, бақуатты, бейбіт ел ретінде серпінді дамуының берік негізі.