Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора на письменную часть(тексты).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
161.28 Кб
Скачать

Қой шаруашылығы

Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел – Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.

Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы — Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км²-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10 – 20, тіпті 50 – 100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы – Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған.

Қой шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі қой шаруашылығымен тікелей тамырласып жатыр. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сөздерде терең ұғым бар. Мүшел жыл санауда, қой 8-жыл. Қой да киелі түліктің бірі. Ертеде кең тараған қойдың қолтұқымдары етті, майлы бағытта өсірілген. Тарихи деректер бойынша Қазақстанның әрбір тариғи аймақтарына бейімделіп, қолтұқымдар өсірілген. Халықтық сұрыптау арқылы шығарылған қолтұқымдарға – еділбай, бағаналы, ырғыз, сарысу, қарқаралы қойлары жатады. Еділбай қойы Бөкей ордасында өсірілген. Денесі ірі және салмақты. Жетісу мен Шу өңірінде кетпен құйрықты қоңыр қой өсіріледі.

Әрбір аймақтың табиғи жағдайына бейімделген қолтұқымдарын халық ғасырлар бойы іріктеп, сақтап отырған. Монғолиядағы Баян Өлгий аймағында 6 ғасырда әйгілі болған қолтұқым – қазақы қызылқой. Басқа мал шыдамайтын қыстың қатаң аязына бейімделген. Оны жергілікті халық өте жоғары бағалап, әлі күнге дейін сақтап, өсіріп келеді. Қазақстан жерінің жусанды жайылымды жерлері түйе мен қой өсіруге өте қолайлы.

11-мәтін

Ауылшаруашылық малдарының өнімділігі

Ғаламшар тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету – өте өзекті мәселесі. Қазіргі кезде БҰҰ сарапшыларының есебінше бір адамға шаққанда күнделікті қабылданатын (кететін) калория саны, орташа есеппен жер бетінде 2400 ккал мөлшерін құрайды, бұл үшін малдан алынатын ақуызбен қамтамасыз етілу деңгейі және майдың орны өте маңызды. Малды басты мақсатта (негізінен) азықтық өнімдер мен қайта өндейтін өндірістерге шикізаты үшін өсіреді. Бұдан барып, малдың өнімділігі олардың басты селекцияға түсетін шаруашылықтық пайдалы белгілеріне байланысты. Малдың жоғары өнімділігін ажырату және аз шығында жоғары өнім алу үшін азықтың сапасына және өнімділігіне әсер ететін ықпалдарды білу керек. Баға беру үшін және іріктегенде дұрыс ұйымдастыра білу және малдың өнімділігін есепке ала отырып қазіргі кездегі әдістерді пайдалану керек. Осы және басқа да малдардың өнім беру деңгейін жақындатылған мәліметтер бойынша оларға берілген экстерьер және конституциялық баға беру негізіне сүйене отырып алуға болады, бірақ та малдың барлық өнім беру сапасын сыртқы түрі бойынша анықтау мүмкін емес.

Түліктің шаруашылыққа пайдалы белгілерінің өте күрделі табиғаты болғандықтан, олар әртүрлі ықпалдардың әсерінен күрделі өзгерістерге ұшырайды. Себепті және өзгергіштік заңдылықты білу, малдардың өнімдерін жүйелі түрде көтеру және сапасын жақсарту үрдісін басқару да керек. Мал өнімдерінің негізгі түрлері: сүт, ет, жүн, елтірі, жұмыртқа, қымбат аң терісі.

12-мәті