
Орталық жүйке жүйесінің және меланин түзуші ісіктері
Тік ішек меланомасы. 246/Гематоксилин-эозинмен боялған. Кіші көріністе тік ішектің шырыш асты қабатында орналасқан ісікті табу керек. Үлкен көріністе құрылысын зерттеп, оның паренхимасының стромадан басым екендігіне, жасушалар полиморфизміне, цитоплазмада қара қошқыл түсті меланин пигменті бар екендігін анықтау.
Мультипішінді глиобластома. 125/Гематоксилин-эозинмен боялған. Кіші көрінісінде ісік тінін табу керек, үлкен көріністе оның құрылысын зерттеп, ісік жасушаларындағы полиморфизм, митоз және амитоз көріністері және қан құйылу, некроз бар екендігін анықтау.
Арахноидэндотелиома. 133/Гематоксилен-эозинмен боялған. Кіші көріністе ісік жасушаларының ұя тәрізді жиналғандарын, қат-қабат құрылымдар түзетіндігін байқау керек. Үлкен көріністе ісік жасушаларының эндотелий жасушаларына ұқсайтындығын анықтау керек.
Лимифо және қан жасайтын ағзалардың ісіктері
Жедел лейкоз кезіндегі миокард. 23/Гематоксилин-эозинмен боялған. Кіші көріністе миокардтың құрылысын анықтап, қан тамырлар айналасындағы және аралық тіндегі бір текті жасушалық сіңбелерге көңіл бөлу керек. Үлкен көріністе лейкоздық сіңбелер жасушаларын бағалап, олардың жіктелу деңгейін анықта.
Бауыырдағы лейкоздық сіңбелер.229/ Гематоксилин-эозинмен боялған. Кіші көріністерінде лейкоздық сіңбелердің жайғасу орнын көру. Үлкен көріністе сіңбе жасушаларын зерттеп, олардың жетілу деңгейін бағалау, бауыр жасушаларының дистрофиясына және оның түрлеріне көңіл бөлу керек.
Лимфогранулематоз. 29/ Гематоксилин-эозинмен боялған. Кіші көріністе лимфа түйіні құрылысының анық еместігіне және тіндердің ісіктік тінмен ығысытырылғандығына, некроз ошақтарына және склерозға көңіл аудару керек. Үлкен көріністе ісіктің жасушалық құрамын қарап, Ходжкиннің үлкен және кіші жасушаларын және диагностикалық Березовский-Штенрнбергтің жасушалрын тауып, сурнетін сызу.