Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
филология жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
32.86 Кб
Скачать

17. Ежелгі үнді әдебиеті

18. Ведалар әдебиеті. Көне үнді мәденетінің қайнар көзіне ведалар жатады. Веда санскриттен білім, жүргізу деп аударылады. Ол үнді-арий және дравид тйпалары мен халықтары әдебиетінің көне естеліктеріне ескерткіштеріне ұқсайды. Ведалар төрт бөлімнен самхиттен, брахманнан, араньяктен , упанишадтан тұрады. Ведалық ілімде философиялық танымның алғашқы элементтері мен дәни идеалистік түсініктер тамыр жайды. Сондай ақ ведалық ізденістердің де төрт ағымы бар. Алғашқысы самхиттер, яғни діни гимндер, екіншісі – брахмандар рәсім салт жоралары, ушн. Араньяктар , шет қалғандардың мінез құлық ережелері. Соңғысы упанишадтар яғни веданың діни философиялық ойлау мәтіндері. Көне үнді рухани мәдениетінің желісін ведның көне түбірі самхиттер гимндері құрйды.самхиттер бастау ригведадан нәр алады.

Кәсіби

17. Санскрит тілінде жазылған жазба ескерткіштер біздің заманымызға жеткен бе? Иа жеткен, санскрит тіліндегі веданың Өз кезі үшін айтарлықтай жақсы, жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына ғалымдар фонетика мен морфологияны жатқызады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің атакты лингвисті Яска мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жеткен. Яска (б. з. д. 5 ғасыр) "Веда" тілінің бес томдық сөздігін жасап, түсінік берген. Панинидің (б. з. д. 6 ғасыр) жазған "Аштадхьян" (грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт мындай грамматикалық ереже берілген. Панини "Веда" жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөзжасам, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген.

18. Ортағасырлық парсы поэзиясының тілдік ерекшелігі неде? Парсы әдебиеті тарихын шартты түрде 4 дәуірге топтастыруға болады: 1) ежелгі әдебиет (алғашқы қоғамдық құрылыстан б.з. 3 ғ-ына дейін); 2) орта ғасырдағы сөз өнері (4 ғ-дан 17 ғ-дың ортасына дейін); 3) жаңа дәуір әдебиеті (17 ғасырдан 20 ғасырдың басына дейінгі кезең); 4) ояну ғасыры немесе “машрутият” – конституциялық кезең (1906 жылдан қазіргі уақытқа дейін). Ояну дәуіріндегі” парсы әдебиетін ғалымдар төңкеріске дейінгі және кейінгі әдебиет деп екіге бөліп қарайды. Төңкеріске дейінгі әдебиет 1906 жылдан Аятолла Хомейни билік басына келген 1979 жылға дейін жалғасса, төңкерістен кейінгі әдебиетке соңғы жиырма жылда дүниеге келген туындылар жатады. Екі кезеңнің арасында алшақтық болмағанымен, екі әдебиеттің арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Иран тарихында 1906 жылдың алар орны ерекше. Бұл жылы Музафар әд-Дин шах абсолюттік монархияны жойып, конституцияға негізделген билік орнайтынын жариялады. Жаңа конституция мәдени өмірді жақсарту, елдің сауатын ашу істеріне негізделді. Осы тұста шет елде білімін жетілдірген қаламгерлер әсерінен парсы әдебиетіне батыс реализмі ене бастады.

19. Ортағасырлық парсы поэзиясының төл жанрларын атаңыз? Сопылық поэзияны жанрлық тұрғыда қарастыру әлі бір шешімін таппаған мәселе. Сопылық поэзияның отаны болған араб әдебиетін зерттеушілер оның жанрларын тек сырт формасына қарай ғашықтық лирика және «қасыда» үлгісіндегі поэма деп бөледі. Орыс ғалымдары сопылық поэзияның түрлерін «ғазал», «шарап», «зухдийат» өлеңдері және поэма деп көрсетуге бейім. Яғни сопылық поэзияның жанрлары ішкі мазмұнына емес, сырт мазмұнына құрылған формаға қарай түрленеді . Түркі сопылық поэзиясының өзгешелігін танытуда мадақ өлеңдерінің орны ерекше. Сопылық өлеңдерді айқындауда, ең алдымен, мадақ өлеңдерін қарастыруымыздың бірнеше себебі бар: 1) мадақта нақты персонаж көрсетіледі; 2) мадақта қоғамның идеалы, идеологиясы айқын танылады; 3) мадақталушыға деген қатынасынан мадақта автор туралы мағлұматтар қамтылады. Жалпы сопылық әдебиеттегі мадақтар арқылы сопылық оқудың қоғамдағы орнын, оған деген ресми дінбасыларының қатынасын және оның даму бағытын анықтауға болады. Сондай-ақ мадақ жанр тұрғысында сопылық әлемде таным-тағылымдық функция және сопылыққа қатысты тұлғалардың өмірбаяндық шежіресі(агиографиялық) функциясын атқарғанын көреміз. Сондықтан да сопылық поэзияда тағылымдық мадақ және агиографиялық мадақ түрлерін атауға болады.

20. Рубай қандай жанр? Алғаш әдебиетке әкелген және сол жанрды шарықтатқан қандай ақындар? Рубаят(төрттік), рубан, төрттаған — Шығыс және Орта Азия поэзиясында кең таралған лирикалық өлең түрі. Әсіресе, араб, парсы жөне түркі халыктарының ауыз әдебиетінде мол ұшырасады. Рубаят төрт жолдан түрады. Кей ретте ұйқасатын ор жолдан кейін белгілі бір сөз қайталанып отырады (редиор). Рубаят философиясы мазмүнға құрылып, аяқталған бір ойды білдіреді. Рубаятты парсы-тәжік әдебиетінде 9—10 ғ-да Ханзале, Рудаки, т.б. акындар қолдана бастады. Ал Омар Хөйям Рубаятты өлеңнің негізгі түріне айналдырып, оның тамаша үлгілерін жасады. Руми, Хафиз, Жәми, Хакани, Бедил сияқты сөз шеберлері Рубаятты одан орі дамытты. Түркі жазба әдебиетінде Рубаят Ж.Баласағүнидың "Құтадғу білік" дастанында (11 ғ.) ұшырасады. Рубаят үлгісін дамытуға Қожа Ахмет Ясауи да өзіндік үлесін қосқан. Шығыстық көптеген ақындар Рубаяттарын Сыр мен Қаратау өңірлерінің ақын-жыраулары (моделіқожа, Майлы-қожа, т.б.) жатка білген. Олардың шырайлы философиясы ойларынан, кемел пікірлерінен рухани нәр алған. [1]