Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
61-73.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
28.01.2020
Размер:
276.99 Кб
Скачать

65.Дисктермен жұмыс істеу , mount командасы.

Тапсырманы жоспарлау өте жиі резервті көшірме жасаумен байланысты болады. Əдетте резервті көшірмелер сыртқы сақтаушыларда (магниттік ленталар, дисктер жəне т.б.)

жасалынады. Бүгін біз сіздермен əртүрлі сыртқы құрылғыларды жөндеуді үйреніп көреміз. Жөндеу – сыртқы сақтаушылардың файлдық жүйелерін түптік ФЖ

каталогтарының біреуіне қосу (жөндеу нүктесі). Юникста құрылғыларды жөндеу үшін mount командасы қолданылады. Mount-ты параметрсіз жіберген кезде ол осы уақытта жөнделген барлық ФЖ-лерді, жəне де жөндеу кезінде қолданылатын параметрлерді

көрсетеді.

root@ADM:/home/oem# mount

/dev/sda1 on / type ext3 (rw,errors=remount-ro)

proc on /proc type proc (rw,noexec,nosuid,nodev)

/sys on /sys type sysfs (rw,noexec,nosuid,nodev)

varrun on /var/run type tmpfs

(rw,noexec,nosuid,nodev,mode=0755)varlock on /var/lock type

tmpfs (rw,noexec,nosuid,nodev,mode=1777)

procbususb on /proc/bus/usb type usbfs (rw)

udev on /dev type tmpfs (rw,mode=0755)

devshm on /dev/shm type tmpfs (rw)

devpts on /dev/pts type devpts (rw,gid=5,mode=620)

lrm on /lib/modules/2.6.20-15-generic/volatile type tmpfs (rw)

binfmt_misc on /proc/sys/fs/binfmt_misc type binfmt_misc (rw)

Бұл команда көптеген параметрлер қабылдайды, бірақ біз келесілер туралы сөйлесейік:

-t FS – сыртқы құрылғыда қолданылатын файлдық жүені көрсетеді

-r – ФЖ-ні «тек оқу» режимінде жөндеу

-w – ФЖ-ні «оқу/жзу» режимінде жөндеу

-o – кодтау, символдар жиыны, қандай қолданушы атымен жөндеу жəне т.б. сияқты

қосымша жөндеу опцияларын көрсету. Парметрлер файлдық жүйенің типіне тəуелді, жəне

оларды man-де анықтаған дұрыс. man-нің жалпы синтаксисі келесідей:

man -t FS -w/-r device mountpoint -o external_fs_options

66.vim редакторы. vim редакторының қосымша мүмкіндіктері. Файлдарды сақтау, өзгерту .

Vi редакторы - Linux-тегі ең көне жəне ең қуатты редакторларының бірі. Ол тіпті VT100 жəне XTERM сияқты аппараттық терминалдарда да жұмыс жасайды. Бұл редактордың қазіргі нұсқасы vim (Vi Improved – жақсартылған vi) деп аталады. Vim барлық vi командаларын эмулациялайды жəне сонымен қатар көптеген қосымша мүмкіндіктерді қосады. Олар:

алдын жасалған əрекеттерді (undo) алып тастаудың көп деңгейлі процессі;

бірнеше редактерлеу терезесін қолдану;

командалық жолды редактерлеу;

Орнатылған анықтамалық жүйе (:help командасы) жəне тағы басқалар.

Біз сіздермен vi– дің кеңейтілген нұсқасы- vim редакторын талқылаймыз. Редакторды қосу vim командасы арқылы жүзеге асады:

vim<файл аты> Егер сіз vim редакторын файл атын көрсетпей қоссаңыз, онда сіз редактерлей аласыз немесе файлды келесі команда арқылы аша аласыз :edit файлдың_ толық_аты <Enter>.

Ағымдағы файлды сақтау үшін келесі команданы қолданамыз :w<файл_аты><Enter>.

Файл_аты параметрі сақтау командасында болуы қажет емес. Егер ол көрсетілмесе, онда файл

аты файл ашқандағы атпен сақталады. Егер де сіз жаңа файлды редактерлесеңіз, онда файл

атын көрсету міндетті. Vim редакторынан шығу :q!<Enter> командасы арқылы жүзеге сады. Редактордан барлық жасалған өзгерістерді сақтап шығу үшін :qw <Enter> командаларының комбинациясын

қолданамыз, ал барлық жасалған өзгерістерді алып тастау үшін :q!<Enter> командасын қолданамыз.

Vim бірнеше режимде жұмыс жасай алады: қарап шығу мен командаларды енгізу (үнсіздік бойынша), редактерлеу жəне белгілеу.Редактор басқарудың стандартты батырмаларынан басқа терминалдардың əр түрлі түріме үйлесімділікті қамтамасыз ететіндіктен, ол курсорды басқару үшін əріптік пернетақтаның

батырмаларын қамтиды: Орын ауыстырудың бұл режимі қарап шығу режимі мен белгілеу режимінде жұмыс жасайды. Сіз файлдың қай жерінде екеніңізді білу үшін <Ctrl+g> батырмасын басыңыз. Экран астында редактерленетін файл аты мен оның ағымдағы позициясы көрсетілетін жол жағдайы пайда

болады. Файл соңына көшу үшін сізге <Shift+G> комабинациясын басу керек. Егер де белгілі бір

файлдағы жолға көшу керек болмаса, <жол№ Shift+G> басыңыз, мысалы 35 жолына көшу үшін : <3><5><Shift+G> басыңыз. Файл бойынша іздестіру / командасы арқылы (less-тегі іздестіруе ұқсас) жүзеге асады. Үнсіздік бойынша іздестіру регистрге тəуеді (яғни кіші əріптер мен үлкен əріптер əр түрлі болып

есептеледі) болып табылады. Оны :set ic<Enter> командасының көмегімен өзгертуге болады.

Барлық ізделіп отырған сəйкестіктерді түспен белгілеу үшін :set hls<Enter> командасын қолданамыз.

Мəтін бойынша төмен келесі символды іздестіруді жалғастыру үшін <n>командасын, ал мəтін

бойынша жоғары іздеу үшін <Shift+N> командасын қолданамыз. Командаларды енгізу режимінде символдарды жою үшін сізге <Del> немесе <x> басыңыз, ал бүкіл жолды солайымен жою үшін <dd> басыңыз. Егер сізге бірнеше жолды жою керек болса,

онда <dd> командасын енгізу алдында жойылатын жолдар санын енгізу керек (мысалы, <5dd>

мəтін бойынша төмен ағымдағы символды қосқанда 5 жолды жояды). Сөздің соңына дейінгі

барлық символдарды жою үшін <dw> командасын , ал жолдың соңына дейінгі символдарды жою үшін <d$> командасын теру керек. Егер жолды оның басына дейін жою үшін <d^> комбинациясын қолданыңыз (егер жолдың басында бос символдар болса, онда бос

символдармен бірге жолдың басына дейінгі символдарды жою үшін <d0> командасы қолданылады).

Редактерлеу алдында (мəтінді қою алдында) <Insert> немесе <i> командасын басу керек. vim-ді редатерлеу режиміндегі символдарды ауыстыру режиміне көшіру үшін сонымен қатар <Insert> батырмасын қайталап басуға болады, ал жай режимде <Shift+R> батырмасын басуға болады. Редактерлеу режимінен шығу үшін <Esc> батырмасын басу керек. Егер редактерлеу процессі кезінде сіз қате жіберсеңз, жəне сізге орындалған əрекеттерді қайта жасау керек болса, онда:

командаларды енгізу режиміне көшіңіз;

<u> басыңыз.

Орындалған операцияларды қайта жасау символдарды, жолдарды, сөздерді жəне жол

бөліктерін жоюға арналған операцияларға əсер етеді. Қайта орындауды қайта жасау үшін (орындалған командаларды қайтару үшін) <Ctrl+r> комбинациясы қоданылады. Жою операциясын орындау кезінде жойылған мəтін буферге салынады. Бұл буферді

редактерленетін мəтіннің кез-келген жеріне қоюға болады. Ол <p> батырмасы арқылы жүзеге

асырылады. Орнатылатын мəтін ағымдағы жолдан кейін қойылатын болады. Буферге мəтінді көшіру үшін <y> (1 символ), <y$> (жолдың соңына дейін), <y^> (жодың басына дейін), <yw> (сөз), <yy> (бүкіл жол) командалары қолданылады. Сөздің бөлігін өзгерту

үшін <cw> командасы қолданылады. Түзету керек сөздің үстінен тұрып, <cw> басыңыз.Осыдан кейін курсор позициясынын бастап сөздің барлық таңбалары жойылатын болады жəне vim редактерлеу режиміне көшеді. <c> командасы жолдың басынан басқа жою командасы сияқты сондай параметрлермен

қоданылады:

<cw> - сөздің соңына дейін редактерлеу

<c$> - жолдың соңына дейін редактерлеу

Цифрлерді қолдануға болады, мысалы:

<2cw> - ағымдағы сөзді қосқанда екінші сөздің соңына дейін редактерлеу

<5c$> - ағымдағы сөзді қосқанда бесінші сөздің соңына дейін редактерлеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]