
- •Операцияларлы зерттеудің кезеңдері
- •Модел құру. Моделдің типтері.
- •Моделдеу принциптері.
- •Нақтылықты ықшамдау әдістері.
- •Операцияларды зерттеудің типтік есептері
- •Мақсат функциясын таңдау.
- •Оңтайлы ұстаным критерийлері
- •Пайдалылықты өлшеу әдістері
- •Көп критерийлі есептер
- •Сызықтық программалау есебінің қойылымы
- •Сызықтық программалаудың негізгі тұжырымдары
- •Шешуші элемент дегеніміз не ?
- •Жасанды айнымалылар нені білдіреді ?
- •Базиске енгізілетін вектор қалай анықталады.
- •15.Жаңа симплекс кесте қалай құрылады
- •Сызықтық программалаудағы түйіндестік
- •Түйіндес симплекс әдіс
- •Коммивояжер есебі
- •Ресурстарды бөлу есебі
- •Гомори есебі
- •Қысқа жол есебі. Дейкстра есебі
- •Желілік моделдер
- •23. Шекаралар мен тармақтар әдісі
- •24.Транспорт есебі
- •Транспорт есебін минимум құн әдісімен шығару
- •26.Солтүстік-батыс бұрыш әдісі
- •27.Екі дүркін басымдылық әдісі
- •28.Форд-Фалкерсон әдісі
- •29.Түйіндес айнымалылардың экономикалық мағынасы
- •30. Материалдарды пішіндеу есебі
Нақтылықты ықшамдау әдістері.
ОЗ нақты есептерінің математикалық моделдерің құрумен айналысатын операционист-ғалымдар алдында қарама-қайшы екі мақсат бар. Бір жағынан модель толық, яғни онда операцияның нәтижесі тәуелді болатын барлық маңызды факторлар ескерілуі керек, ал екінші жағынан модель белгілі математикалық әдістерді қолданып тиімді шешім аларлықтай мейлінше қарапайым болғаны дұрыс. Error: Reference source not found
Көптеген қосалқы ұсақ факторларды ескеру моделдің математикалық талдамын қиындатып жібереді де, шешім табылғанның өзінде ол шешімнің ақылға сыйуы қиын. Демек, моделді құрғанда нақтылықты елестету дәлдігіне айтарлықтай нұқсан келтірмей ықшамдаған жөн.
Нақтылық келесі әдістермен ықшамдалады:
1) Айнымалыларды жою. Жүйедегі айтарлықтай ықпалды айнымалалардан айырылуға болмайды, ендеше қайбір айнымалыларды жоюдың нағыз қатаң талдауға негізделгені ләзім.
2) Айнымалылар табиғатын өзгерту (болмашы өзгеретін айнымалыларды константаға, дискретті айнымалыларды үзіліссізге, үзіліссіз айнымалыны дискреттіге, кездейсоқ шаманы оның математикалық күтіміне алмастыру т.с.с.).
3) Айнымалылар арасындағы функционалдық қатынастарды өзгерту (сызықтық емес функцияларды сызықтық аппроксимациялау, сызықтық еместікті құрақты-сызықты функциямен алмастыру, көпмүшеліктер мен тригонометриялық функциялар арқылы интерполяциялау және аппроксимациялау, дискретті (биномдық, пуассондық) үлестірім функцияларын үлестірімнің үзіліссіз нормалдік заңдарымен аппроксимациялау т.с.с.) 4) Шектеулерді өзгерту ( шектеулерді қосу, жою немесе түрлендіру). Шешім алу. Шешім қабылдау процесінің ең жалпы математикалық моделі мына түрде болады
(1.1)
мұнда – басқарылатын айнымалылар, – басқарылмайтын айнымалылар, – пайдалылық функциясы. Мұның сыртында, моделге шартты түрде төмендегіше жазылатын шектеулер енеді
(1.2.)
Осы (1.1) мақсат функциясын минимумдайтын, берілген (1.2) шектеулерін қанағаттандыратын, – басқарылатын айнымалылар векторын анықтау қажет. Тиімді шешімді іздеуге математикалық программалаудың түрлі (сызықтық, дөңес, сызықтық емес, динамикалық, дискретті, стохастикалық т.б.) әдістері қолданылады. – мақсат функциясының күрделі түрде болуы, айнымалылар мен шектеулердің көптігінен экстеремалдік есептерді шешудің классикалық әдістері қолдануға жарамай қалуы жиі ұшырасады. Мұндайда итерациялық әдістерді қолдануға мәжбүрміз. Моделді тексеру және нәтижені бағалау. Моделдің нақты шындыққа адекваттығын тағайындау және моделдегі кемшіліктерді түзеу мақсатында моделге тексеру жүргізіледі. Аталған кемшіліктер қатарына жататындар:
1) Модель маңызсыз айнымалылырды қамтиды, 2) Модель кейбір маңызды айнымалыларды қамти алмайды. 3) Кейбір маңызды айнымалы мәндеріне дәлдігі жеткіліксіз баға жасалған. 4) Моделдің құрылымы жалған.
Нәтижелерді енгізу. ОЗ мақсаты – ұйымдық басқару жүйесі қызметінің көрсеткіштерін жетілдіру. Оған мына шарттарда ғана жете аламыз:
1) уәкілдігі мінсіз бастық операциялық зерттеулер нәтижесінде табылған шешімді құптап, бекітеді; 2) Бұл шешім дұрыс жүзеге асады (енгізіледі);
3) Жүйе мен сыртқы орта қалай өзгерсе де шешімнің ұтымдылығы сақталады.