Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
123.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.57 Mб
Скачать
  1. Моделдеу принциптері.

Моделдің сапасы операциялық топтардың творчестволық қабілетіне аса тәуелді. Сондықтан, нақты ОЗ есептерінің моделдерін құру шеберлігіне бүкіл үміткерлерді үйрететін нұсқау беру мүмкін емес. Моделдер құрудан жинақталған тәжірибелерге сүйеніп, ой өрісті кеңейтетін және творчестволық ізденіс бағытын тура таңдауға септігі тиетін кебір принциптерді атап кетелік:

1) Жүйе қызметіне тікелей талдау жасау. Бұл жүйе құрылымы мейлінше қарапайым кезінде, жүйені тексеріп барып, оны бейнелей алатын жүйе қызметінің заңдылықтары белгілі болғанда қолданылады.

2) Аналогты пайдалану. Мұны жүйенің құрылымы мейлінше айқын болғанымен, оны математикалық бейнелеу тәсілі ұғынықсыз жағдайда, ал кейде қарастырылып отырған жүйенің өзінен құрылымы анағұрлым қарапайым аналогиялық жүйемен ұқсастығын іске асыруға болатын ахуалдарда пайдаланамыз.

3) Мәліметтерді талдау («жұмбақ жәшік» принципі). Жүйе құрылымы айқын болмағанда оны жүйенің қызметін сипаттайтын мәліметтерге сүйеніп бейнелеуге тырысамыз. Жүйе құрылымы туралы қалыптасқан гипотезаны негізінде осы гипотеза құрылған мәліметтермен сай келмейтін басқа эксперименттік мәліметтерді пайдаланып тексеру қажет. Физика, химия, астрономия және басқа ғылым салаларындағы көптеген іргелі заңдар әуелі эксперименттік мәліметтер мен бақылау нәтижелеріне талдау жасау арқасында дүниеге келгені мәлім.

4) Жүйеге эксперимент жасау. Маңызды айнымалыларды айыруға, жекеленген айнымалылардың жүйе жұмысының сипатына ыпалын анықтауға мәліметтерге талдау жасау мүмкіндік бермегенде натура-эксперимент жүргізу қажеттігі шығады.

5) «Жасанды нақтылықты» қолдану. Жүйені сипаттаушы мәліметтер жоқ, немесе оларды алу мүмкін емес кезде, ал жүйеге эксперимент жасау ұзақ уақытты қалайтын немесе қымбатқа түсетін, кейде мүлде мүмкін емес, жағдайларда ең қиын ахуалға тап боламыз. Мысалы , әлеуметтік ірі дау-дамайдың дамуын бақылауға мүмкіндік беретін әдістерді анықтау мақсатында зерттеулер жүргізу қажет болсын. Мұндай жағдайларға сандық талдау жасауға қажетті мәліметтер жоқ, оларды ешқайдан да ала алмаймыз. Бұл салада эксперимент жүргізуге қоғамның келіспейтіндігі айдан анық. Осындай ахуалдардың құрамы туралы ешқашан ешқандай ұсыныс болған емес. Мұндай дау-дамайдың моделін құруға қалай кірісер едік? Бәрінен бұрын, зерттелетін жүйенің қасиеттері мен құрылымына қатысты пайдаланылатын көптеген гипотезаларды тексеретін, «жасанды нақтылықты» моделдейтін күрделі эксперименттік ахуал құрастырылады. «Жасанды нақтылық» нағыз нақтылықтың моделі емес, моделдеуге болатын нақтылық ретінде қолданылады. Ол статистикалық жинақ (тәжірибе жинау) үшін пайдаланылады. Ахуалды бірқатар қарапайым эксперименттік ахуалдарға бөлшектеу (декомпозиция) мүмкіндігі болуы тиіс. Әр қарапайым ахуал үшін дербес «микро»-теориялар (мысалы, антагонистік ойындарды қолданып екі кісі дауының моделдері) жасалады да, осылайша алынған моделді жасанды нақтылықтың тұтас моделіне жалпылауға әрекеттенеміз. Мұнымен бірге осы жасанды нақтылықта жиналған статистиканың тікелей макро-талдамының көмегімен «жасанды нақтылықты» теориясын жасауға талпынамыз.

Моделдер құрудың осы екі бағыты «жасанды нақтылықтың» қайбір қанағаттанарлық ( ) моделі алынғанша өзара байланыста жүзеге асады. Одан соң «жасанды нақтылық» түрлендіріледі де, әуелде алынған моделін жалпылау нәтижесінде анағұрлым жалпы моделі алынады. Осылайша күрделіленген сайын жалпылана түсетін моделдер тізбегі қалыптасады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]