Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
admin_pravo_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
154.03 Кб
Скачать

64. Тексеріс кезіннде қажетті лицензиялары мен керекті құжаттары жоқ Қырғыстан азаматтары ұсталды.Ал олардың жұмыс берушілері Ахметов н. Істің мәні бойынша құқық бұзушылықтың құрамын анықта.

Жауабы: Әкімшілік құқық бұз\ң объектісі-еңбек қатынастары туралы заңдарды реттейтін қоғамдық қат\ды бұзу б\т. Объективтік жағынан жұмыс беруші болып табылатын Ахметов Н.Б-ның әрекетсіздігінен тиісті рұқсат қағаздарын алмауы еңбек заңнамаларын бұзу болып табылады. Субьективтік жағынан қасақаналықтың екі нысаны арқылы ж\а отыр, ниеті болып пайдакүнемдік, яғни қырғыстан азаматтарын лиценсиясыз ж құжаттарсыз жұмысқа тартуы тиісті салық төлеуден жалтаруға әкеліп соғады. Субъектісі жұмыс беруші Ахметов НБ табылады.

65. Азаматтығы жоқ және шетел азаматтары ҚР-ның заңдарын сақтауға,Қр-ның Конституциясын құрметтеуге және сақтауға,мәдениет ескерткіштерін және өзге де мәдени объектілерді қорғауға,тұрып жатқан жерінің ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтеуге,сол тұрып жатқан жерде тұру тәртібін және Қазақстаннан шығу туралы ережелерін сақтауға міндетті.Көрсетілген құқықтық нормаға мінездеме бер.

Жауабы: ҚР-ның аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жок адамдар Конституцияда, зандарда және халықаралық шарггарда өзгеше көзделмесе, Республика азаматтары үшін белгіленген қүқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.ҚР-дағы шетелдіктердің әкімшілік — қүқықтық мәртебесіне жататын нормативтік ережелер «Шетелдіктердің қүқықтық жағдайы туралы» ҚР-ның 1995 ж. 19-маусымдағы заңында, ҚР-сы Үкіметінің 2000 ж. 28-қаңтардағы қаулысымен бекітілген «Шетелдік азаматтардың ҚР-сына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың ҚР-нан кетуінің Тәртібінде» және басқа да заң актілерінде, ҚР-ның әкімшілік қүқық бүзушылық туралы кодексінде қаралған. ҚР-дағы шетелдіктердің қүқықтық жағдайы, сондай-ак ҚР-ның халықаралық шарттарымен де анықтала алады. Егер ҚР-сы ратификациялаған халықаралық шартта аталған Зандағыдан өзгеше ереже­лер белгіленсе, онда халықаралық шарттын ережелері қолданылады. 1995 ж. 19-маусымдағы Занда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға кімдер жататыны айқындалған. ҚР-ның азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар ҚР-дағы шетелдіктер болып танылады. Ал ҚР-ның азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады. Әділет органдары берген рүқсаты бар және одан тұруға ықтиярхат алған шетелдіктер ҚР-да тұрақты тұрушылар деп танылады. Мұндай рұқсатты алуға үміткер адам белгіленген тәртіппен және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігін растау керек. Бұл уәкілетті органның рүқсат беруінің міндетті шарты болып табылады. Мұндай адамдар қатарына оралмандар, ҚР-да немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бүрын оның азаматтығында тұрған адамдар және олардың отбасы мүшелері жатпайды. ҚР-да өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты ҚР-ның Қылмыстык кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шеделдіктер ҚР-да уақытша жүрген деп есептеледі. Олар ҚР-ның аумағына келген сәттен бастап 3 тәуліктің ішінде белгіленген тәртіппен төлқүжатын тіркеуге және өздеріне белгіленген болу мерзімі өткен соң ҚР-нан кетуге міндетті. Жоғарыда аталған заңнамалық актілерде шетелдіктердің ҚР-на келуі мен кетуінің шарттары мен тәртібі бекітілген. Шетелдіктер, егер ҚР-ның тиісті тараппен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды паспортымен немесе оны алмастыратын қүжаттарымен ҚР-ның келу визасы болған жағдайда Қазақстанға келе алады.ҚР-ның аумағы арқылы транзитпен жүріп отуші шетелдіктер белгіленген маршрут бойынша ҚР-нан кетудің шекаралық мекеніне транзиттік жүріп өту ережелерін сақтай отырып барады және ҚР-ның бүған уәкілдік алған мемлекетгік органдары берген рүқсат бол­тан жағдайда ҚР-ның аумағында тек Қазакстанның транзиттік визаларында корсетілген мекендерде ғана аялдай алады. Шетелдіктергезаңмен қарал-ған қүқықтар мен бостандықтар кепілдеңдіріледі. Алайда бүл адамдардың әкімшілік қүқық субъектілігінің көлемі Қазақстан азаматтарынікінен едәуір аз. Олар окілді және басқа сайланбалы мемлекеттік оргаңдарга және қызметке сайлай да, сайлана да алмайды, сондай-ак республикалық референдумға қатыса алмайды. Олардың мемлекеттік қызметке түруға қүқы жоқ. Шетелдіктерге әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы заңнамалар қолданылмайды. Мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен адамгершілігін сақтау мақсатыңда олардың жүріп-түруларына және түрғылыкты түратын жер таңдауларына кажет болғаңда шектеулер белгіленуі мүмкін.Шетеддіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтары сияқты жалпыга бірдей зандық міндеттер орындайды. ҚР-да түрақты түратын шетелдіктер заңдарда козделген тәртіппен түрақты және уақытша түратын жері бойынша әділет органдарында тіркелуге міндетті. ҚР-ның аумағында қылмыс жасаған, әкімшілік және басқа қүқық бүзған шетелдіктер, ҚР-ның халықаралық шарттарында белгі-ленгеннен басқа жағдайларда, ҚР-ның азаматтарымен бірдей негіздерде тиісті жауапкершілік тартады. ҚР-да болу және оның аумағы арқылы транзиттік жүріп өту ережелерін орындамаган шетелдіктер ҚР-ның зандарына сөйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Шетелдіктер заңнамада қаралған кейбір жағдайларда ҚР-ның шегінен қуылуы мүмкін: егер оның іс - әрекеті мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртіпті қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса; егер бүл халықтың денсаулығы мен адамгершілік қасиетін сақтау, ҚР-сы азаматтарының және басқа адамдардың қүқықтары мен занды мүдделерін қорғау үшін кажет болса; Қазақстанның кедендік, валюталық немесе озге де зандарын бүзса; егер ҚР-ның азаматымен некеге түруы оны Қазақстанда түрақты түруға қалдыру үшін негіз болып табылып, заң актілерімен белгіленген тәртіппен неке заңсыз деп танылған жағдайда. Мүңдай әкімшілік жаза шарасы ӘКБтК-тің 394-6. қаралған. «Шетелдіктердің қүқықтық жағдайы туралы» заңнын ережелері, егер ҚР-ның заң актілерінде озгеше белгіленбеген болса, азаматты-ғы жоқ адамдарға да қолданылады. Бүл Заңнын ережелері шетелдік дипломатиялық және консул-дық окілдіктердің қызметкерлерінің Қазақстанның зандары мен халықаралық шарттарында белгіленген артықшылықтары мен иммунитеттеріне қолданылмайды.

66.Мемлекеттік қызметшілерге тыйым салынады:өкілетті билік органдарының депутаты болуға;өзге де ақы төленетін жұмыстар жасауға;коммерциялық құрылымдағы Консультативтік органдар құрамына кіруге;өз пайдасы үшін мемлекет қаржысын,техникалық және басқа құралдарын пайдалануға;мемлекет мүдделеріне қарсы бағытталған белгілі бір іс-шараларға қатысуға;

Жауабы:ҚР-сы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметкен кіргенде белгіленген шектеулер мен тыйымдарды ҚР-сы 1999жылғы 23- шілдеде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңында белгіленген. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметкен кіргенде құқықтар мен міндеттерден басқа заңнамалармен белгіленген бірнеше шектеулер мен тыйымдарды да өз еркімен қабылдайды, олардың мақсаты мемлекеттік қызметшінің жоғары рухани бейнесін және оның лауазымдық өкілеттіктерінің шегінде іс-қимылының еркіншілігін қамтамасыз ету. Мұндай шектеулер мен тыйымдар билікті теріс пайдаланушылыққа, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл болуға тиіс. Билікті бөлу принципіне байланысты мемлекеттік қызметшіге өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға рұқсат етілмейді. Оған, педогогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақылы қызметпен айналысуға болмайды. Мемлекеттік қызметшіге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға,соның ішінде егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу заңдарға сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға рұқсат берілмейді. Мемлекеттік қызметшіге тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік органда өкіл болуға тыйым салынады. Оған өзінің қызметтік іс-әрекетін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға тыйым салынады. Мемлекеттік қызметшінің ереуілдерге, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуына рұқсат етілмейді. Оған лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметін жеке мақсатына пайдалануға тыйым салынады. 10-шы бап

\

67. С. Азаматы бос әкімшілік лауазымдарға жұмысқа тұру конкурсына қатысу үшін өз құжаттарын берді.Конкурстың барлық кезеңдерін табысты жеңіп,өзінің міндетті лауазымын орындауға кірісті.Бірақ нәтижесінде арнайы тексерістер келіп,С. Азаматына 2жыл бұрын алимент төлемегені үшін іс қозғалғаны белгілі болды.Содан нәтижесінде С. Азаматы айыппұл төлеуге міндетті болды.

Жауабы: ҚР –сы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 27-шы бабына сәйкес әкімшілік лауазымдық қызметті тоқтату негіздері берілген. Алиментті төлемеу әкімшілік лауазымдық қызметті тоқтатутудың негізі болып табылмайды. Осыған байланысты С. Азамат өзінің барлық төлемеген алименттік міндеттерін төлеп, айыппұлды төлеуі тиіс. Жеке тұлғаның алименттерді төлемеуі оған ҚР-сының « Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексте белгіленген айыппұл мөлшері тағайындалады. Осыдан кейін ғана әкімшілік лауазымдық қызметші өзінің қызметін жалғастыруға құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]