
- •21Әкім және қр-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы
- •22Қр-ның жергілікті атқарушы органдарының заң негізіндегі өкілеттігі.
- •23Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілерін тағайындау реті.
- •24Үкімет Қазақстан Республикасының ең жоғарғы атқарушы органы ретінде.
- •25Қр-ның азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •26Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •27Заңды тұлғалардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •28Қр-ның Үкімет мүшесінің құқықтық мәртебесі.
- •29Қр-да мемлекеттік қызметтің түсінігі және түрлері.
- •30Қр-да мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және түрлері.
- •51. Әкімшілік жауапкершілік : ұғымы және ерекшеліктері
- •52. Әкімшілік жауапкершіліктер субъекттілерінің классификациясы.
- •53. Әкімшілік жауапкершілік қр туралы заң бойынша төлетулер шаралары.
- •54. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы шаруалар бойынша өндіріс.
- •55. Төтенше жағдай режимі.
- •57. Құпиялылық режимі
- •58. Мемлекетті басқару формалары.
- •59. Төтенше жағдайдағы табиғи және техногенді сипаттығы тәртіп
- •62. Тексеріс кезінде 58000 тенгеде контрофактілік өнімі бар ұйымдасқан топ ұсталды.Ұсталғандар:Ибрагимов г.А 25жаста,Асембаев г.К 19жаста және Кузмин к.Р 15 жаста.
- •64. Тексеріс кезіннде қажетті лицензиялары мен керекті құжаттары жоқ Қырғыстан азаматтары ұсталды.Ал олардың жұмыс берушілері Ахметов н. Істің мәні бойынша құқық бұзушылықтың құрамын анықта.
- •68.С. Азаматы сотқа жүгінеді,сақтандыру организациясы оның пәтерін сақтандырудан өткізген бүкіл құжатын жоғалтты.Істі мәні бойынша анықта.
59. Төтенше жағдайдағы табиғи және техногенді сипаттығы тәртіп
Төтенше жағдай - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жене ҚР-ның конституциялық қүрылысын қорғау мүдделерінде ғана қолданылатын ж/е мемлекеттік оргаңцар, үйымдар қызметіне, азаматтардың, шетелдіктердің ж/е азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ак занды түлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін ж/е оларға қосымша міндеттер жүктейтін ерекше қ/қтық режим болып табылатын уак,ытша шара. Төтенше жағдай-азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ҚР-ның Конституциялық құрылысын қорғау мүдделерінде ғана қолданылатын және мемлекеттік органдар,ұйымдар қызметіне,азаматтардың,шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына,сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара.Төтенше жағдайды енгізудің мақсаты оны енгізуге себеп болған мән-жайларды жою,адам мен азаматтың қауіпсіздігін,құқықтары мен бостандықтарын қорғауды,ҚР-ның Конституциялық құрылысын қорғауды қамтамасыз ету.Заңмен төтенше жағдайда енгізу мен оны ң күшін жоюдың шарттары,негіздері,тәртібі белгіленген.Төтенше жағдай ҚР-ның демократиялық институттарына тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына,саяси тұрақтылығына,оның азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қауіп төнген және мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған жағдайда енгізіледі.Төтенше жағдайды енгізу негіздері болатын мән-жайларға жоғарыдағы талаптар сақталған жағдайда:1)шекаралас мемлекеттер аумақтарынан шекара арқылы тжаппай өту;конституциялық құрылысыты күштеп өзгертуге ұмтылу;билікті күштеп басып алуға бағытталған іс-әрекеттер;ҚР-ның аумақтық тұтастығын бұзу;жаппай тәртіпсіздіктер,ұлтаралық және конференциялық қақтығыстыр;аса маңызды объектілерді басыа алуы;заңсыз әскери құрылымдар құру;2)дүлей зілзалар(жер сілкінісі т.б.),дағдарысты экологиялық жағ,дайлар,табиғи өрттер,эпидемиялар,қауіпті авариялар,табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жатады.
ҚР-ның бүкіл аумағында енгізілетін төтенше жағдайдьщ күшінде болу мерзімі-30 тәуліктен, ал оньщ жекелеген жерлерінде 60 тәуліктен аспауға тиіс. Бұл мерзім өткеннен кейін төтенше жағдай токтатылды деп есептеледі. Ал төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда Президент жоғарыда көрсетілген мерзімдер шегінде оның қолданысын үзартуға қүкылы.
60. ҚР-да Атқарушы билік органдарының қызметінің заңдылығын қамтамсыз ету
Бақылау басқару қызметінің негізгі функцияларының бірі ретінде атқарушы билікті оның субъектілері жүзеге асыру процесінде әр түрлі нысандарда көрініс табады.Сонымен бірге бақылаудың ерекшеліктері қандай да болмасын белгілі бір атқарушы органның құзыретінің сипаты мен оның көлемділігіне байланысты болады.Бұл тұрғыдан алғанда жалпы және салааралық құзыретті органдардың бақылауын бөлуге болады.Бірінші жағдайда бақылау функциясының және соған сәйкес келетін өкілеттіктердің атқарушы биліктің бүкіл жүйесіне(республика көлемінде)таратылатындығы туралы айтылып отыр.Бақылау өкілеттіктерінің өзге түрлері нақты органның атқаратын қызмет аясының шеңберімен шектеледі.Осыған сәйкес ведомство үстілік және ведомстволық бақылауды бөлуге болады.Олардың арасындағы айырмашылықтың негізіне тікелей бағыныштылық(ведомствоға қарастылық)факторы немесе оның болмауы жатқызылған.ҚР-сы Үкіметінің бақылау функциялары мен өкілеттіктері жалпы бақылаудың мәнін барынша толық білдіреді.Еліміздегі атқарушы билік жүйесінің жоғарғы буыны ретінде,ол өзінің құзыретінің аясында Конституцияның,заңдардың,Президенттің жарлықтарының,өз актілерінің орындалуын ұйымдастырады және оларды барлық атқарушы билік органдарының орындауына жүйелі бақылауды жүзеге асырады,заңнамаларды бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолданады(ол Үкімет туралы Конституциялық заңның 16-б.айтылған).Үкіметтің жалпы өкілеттіктерінің ішінде-атқарушы билік жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз ету,оның органдарының қызметіне бағыт беріп,басшылық және бақылау жасап отыру ерекше орын алады.Салааралық(ведомствоүстілік немесе ведомстводан тысқары)бақылау ұйымдастыру(ведомстволық)жағынан бақылау жүргізетін органға бағынышты емес органдар,кәсіпорындар мен мекемелер жөнінде жүзеге асырылады.Құқық қорғау аясындағы бақылауды Әділет,Ішкі істер министрліктері жүзеге асырады,табиғат байлықтарын пайдалану,ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу аясында-Энергетика және минералдық ресурстар,Қоршаған ортаны қорғау,Ауыл шаруашылығы министрліктері.ҚР-ның әкімшілік-аумақтық бөліктерінің әкімдері мен әкімдіктеріне және өзге де жергілікті атқарушы органдардың құрылымына жататын-департаменттерге,басқармаларға,бөлімдерге,т.б.қажетті бақылау өкілеттіктері берілген.Олардың өкілеттіктерінің ауқымы Конституциямен,жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңмен,салалық заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген.Әкімшілік қадағалау заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілі ретінде қоғам мен мемлекет үшін ерекше маңызды мәні бар жалпы міндетті болып табылатын ережелерді атқарушы билік органдарының коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қатал және дәлме-дәл орындауына бағытталған арнаулы уәкілетті атқарушы билік органдары мен олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметінің ерекше түрі болып табылады.Әкімшілік қадағалау-бұл құқық бұзушылықтың алдын алу,табу және жолын кесу,бұйырылған тәртіпті қалпына келтіру және кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында әкімшілік мәжбүрлеудің кешенді шараларын пайдалана отырып,атқарушы биліктің арнаулы органдарының ұйымдық жағынан бағынышты емес органдар,кәсіпорындар,мекемелер,ұйымдар,лауазымды адамдар мен азаматтар жөнінде олардың жалпы міндетті нормаларды,ережелерді,стандарттарды,талаптарды орындаулары туралы жүзеге асыратын мемлекеттік басқарушылық қызметтің ерекше түрі.
61.<ҚР-ның азаматтары кез келген мемлекеттік органдарға хабарласуға және оларды қызықтыратын мәліметтерді талап етуге құқылы. Қосымша тексерулерді қажет етпейтін арыздарды 15күн ішінде қаралуы тиіс.Арыздарға жауап тек жазбаша түрде берілу керек. Жауаптар сот және әкімшілік ретте қайта шағымдануы мүмкін.>
Берілген құқықтық нормаға мінездеме беріңдер.
Жауабы: Азаматтардың өтініш жасау қүқығы ҚР-сы Конституциясының 33-б. бекітілген, соған сәйкес ҚР-сы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-озі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және үжымдык отініштер жолдауға қүқығы бар. Азаматтардың отініштерін жеке адамның қүқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру мен қорғаудың, оларды мемлекетгік органдарда, сондай-ак үйымдарда корғаудың бірыңғай тәртібін белгілеудің маңызды құралы ретінде айқындау мақсатында «Жеке және заңды түлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 ж. 12-қаңтарда жаңа заң қабылданды. Бұл Заң жеке және заңды түлғалардың қүкықтарын, бостандыктары мен заңды мүдделерін іске асыру және корғау мақсатында олардың өтініштерін беру мен қарауға байланысты қоғамдык қатынастарды реттейді. Жеке және занды түлғалардың өтініштерін қарау тәртібі ҚР-ның Конституциясына негізделген осы аталған заңмен және өзге де нормативтік күкықтық актілермен реттеледі.Заңда өтініштердің түрлері ажырытылып, олардың мынадай негізгі үғымдары берілген.
Өтініш - өтінішті карайтын субъектіге немесе лауазымды түлғаға жіберілген жеке немесе үжымдық жазбаша, ауызша не электрон-дык цифрлык қолтанбамен расталған электронды қүжат нысанын-дағы үсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу.
1. Үсыныс - адамның зандарды және өзге де нормативтік қүқықтык актілерді, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық катынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамнын-әлеуметтік - эконо-микалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөніндегі үсы-нымы.'
2. Арыз - адамның өз қүкықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың күқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтініш - хаты не заңдардың және өзге де нормативтік қүқықтық актілердің бүзылуы,өтініштерді қарайтын субъектілердің, лауазымды түлғалардың жүмысындағы кемшіліктер туралы хабар лама не олардың кызметін сынау.
3. Шағым — адамның өзінің бүзылған қүкықтарын, бостандык-тарын немесе занды мүдделерін қалпына келтіру, лауазымды түлға-лардьщ заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою, сондай -ақ субъектілердің заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы.
4. Сауал — адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы кызығу-шылык туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініш.
5. Үн қосу — адамның мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай — ак коғамдык сипаттағы оқиғалар мен қүбылыстарға өз көз қарасын білдіруі.