
- •21Әкім және қр-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы
- •22Қр-ның жергілікті атқарушы органдарының заң негізіндегі өкілеттігі.
- •23Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілерін тағайындау реті.
- •24Үкімет Қазақстан Республикасының ең жоғарғы атқарушы органы ретінде.
- •25Қр-ның азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •26Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •27Заңды тұлғалардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •28Қр-ның Үкімет мүшесінің құқықтық мәртебесі.
- •29Қр-да мемлекеттік қызметтің түсінігі және түрлері.
- •30Қр-да мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және түрлері.
- •51. Әкімшілік жауапкершілік : ұғымы және ерекшеліктері
- •52. Әкімшілік жауапкершіліктер субъекттілерінің классификациясы.
- •53. Әкімшілік жауапкершілік қр туралы заң бойынша төлетулер шаралары.
- •54. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы шаруалар бойынша өндіріс.
- •55. Төтенше жағдай режимі.
- •57. Құпиялылық режимі
- •58. Мемлекетті басқару формалары.
- •59. Төтенше жағдайдағы табиғи және техногенді сипаттығы тәртіп
- •62. Тексеріс кезінде 58000 тенгеде контрофактілік өнімі бар ұйымдасқан топ ұсталды.Ұсталғандар:Ибрагимов г.А 25жаста,Асембаев г.К 19жаста және Кузмин к.Р 15 жаста.
- •64. Тексеріс кезіннде қажетті лицензиялары мен керекті құжаттары жоқ Қырғыстан азаматтары ұсталды.Ал олардың жұмыс берушілері Ахметов н. Істің мәні бойынша құқық бұзушылықтың құрамын анықта.
- •68.С. Азаматы сотқа жүгінеді,сақтандыру организациясы оның пәтерін сақтандырудан өткізген бүкіл құжатын жоғалтты.Істі мәні бойынша анықта.
57. Құпиялылық режимі
«Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР-ның 1999ж 15- наурыздағы заңымен ҚР-ның ұлттық қаупсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құпияларды қорғаудың тәртібі айқындалған. Бұл тәртіп мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оарғ билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын құқықтық қатынастардың ықпалдылығын қмтамасыз етеді.Бұл тәртіпте құпия б\т мәліметтер және оларды иеленушілер жөннде айқын нұсқаулар бар. Заңда ҚР-сы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы арнаулы өкілеттіктер белгілнген.
Мемлекеттік құпия б\т мәліметтерге жатқызылған деректерге иелік ететін барлық әкімшілік құқық субьектілерінің құқықтарыішінара, уақытша шектеледі (мысалы, Қазақстаннан тыс жрлерге шығу құқығын уақытша шектеу). Мұнымен қоса олар мемлекеттік құпиялар туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдарда көзделген тәртіппен жауап береді. Сонымен бірге өзінің қызметінің түріне байланысты осы мәліметтерді иелік етуге тиісті лауазымды адамдар, заматтар ерікті түрде ркше тексеру рәсімдерінен өтеді.
58. Мемлекетті басқару формалары.
Нысан (форма) - жалпы ғылыми тұрғыдағы түсінігінде белгілі бір құбылыстың немесе белгілі бір іс қимылдардың мазмұнының сыртқы көрінісі болып табылады. Басқарушылық қызметтің нысаны ақарушы органның өзінің құзіретінің шегінде жүзеге асыратын және белгілі бір салдарлар туғызатын сырт көрінісі бар іс әрекет болып табылады. Атқарушы органдар тікелей басқарушылық ықпал жасаудың сыртқы сипатын білдірмейтін көптеген іс әрекеттерді жүзеге асырады. Бұлар ішкі ұйымдастыру іс әрекеттері. Сонымен басқарудың еысандарын саралаған кезде олардың:
Атқарушы билікті іске асыру нысандары;
Ішкі аппараттық сипаты бар қызметтің нысандары түрінде болатындарын ескеру керек;
Атқарушы органдардың құқық қолдану, құқық тағайындау, құқық қорғау функцияларын жүзеге асырумен байланысты қызметінің нысандары неғұрлым толық дәрежеге құқықтық регламинтациялауды қажет етеді. Соған сәйкес басқарудың құқықтық және құқықтық емес нысандары болып бөлінеді. Құқықтық нысандар әрқашанда сыртқы және айқын көрінісі бар заңдық салдар туғызады. Бұл атқарушы билік субъектілерінің кез келген әрекеттері, оларды істеу міндетті түрде құқықтық салдардың пайда болуына әкеп соқтырады. Оларда атқарушы билік субъектілерінің ерекшелігі болып табылатын заңдық биліктік өкілеттіктері тікелей өзінің нақты көрінісін табады. Нысандардың бұл тобының осы қасиеттері басқарудың құқықтық актілерінде неғұрлым айқын көрініс табады. Құқықтық емес нысандар тікелей заңдық салдарға әкеп соқтырмайды, өйткені оларды істеу басқарудың құқықтық актілер шығарумен байланысты емес. Атқарушы билік органдары өзгедей заңдық сипаты бар көптеген істер атқарады. Осыған байланысты әкімшілік құқық құқықтық әдебиеттерде ұсынылған басқарушылық іс әрекеттердің нысандарын құқықтық және құқықтық еместерге бөлу шеңберінен шығаратын топтастыру көңіл аударуға тұрарлық. Мынадай топтастырудың түрлері аса көрнекті:
Нормативтік құқықтық актілер шығару;
Жеке дара актілер шығару;
Ұйымдастыруіс әрекеттерін жүзеге асыру;
Заттық құқықтехникалық жұмыстар орындау.