Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯДАН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
606.72 Кб
Скачать

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесу.

ДЗ-дың ағзаға әсері организмде белгілі биохимиялық жүйемен дәрінің реакциясы арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты фармакологиялық өзара әрекеттесудің барлық түрлері әсердің орналасуына байланысты рецептор деңгейіндегі немесе физиологиялық регуляцияның әртүрлі деңгейлеріндегі өзара өрекеттесу деп шартты түрде бөлінуі мүмкін. Рецептор деңгейінде ДЗ-дың өзара өрекеттесуі бір жаққа бағытталған (агонистер) немесе қарама - қарсы бағыттағы әсер (антагонистер).

В.Г Кукес қозудың медиаторларына әсеріне байланысты дәрілік заттардың өзара әрекеттесуін 3 түрге бөледі:

1 - түр бір дәрімен бөлінудің ,транспорттың,басқа дөрінің әсеріне қатысатын метоболикалық айналыстардың немесе медиаторлардың байланысының бүзылуы, мысалы, резерпин мен моноаминооксидазаның ингиторларының өзара өрекеттесуі . Резерпиннің әсер ету механизмі моноаминооксидазаның әсерінен бүзылып, катехоламиндердің шығуымен байланысты, бүл мелиатордың қорының таусылуына әкеледі. МАО блокаторлары катехоламиндердің бүзылуын басып, олардың концентрациясын көбейтеді, бүл артериалды қысымның көтерілуіне әкеледі.

2-түрі бір дәрі медиатор мен оның арнайы рецепторының өзара әрекеттесуін конкурентті, аллостерикалық немесе басқа жолмен бүза алады, мысалы, норадреналин мен фентоамин,немесе атропин арасындағы

антогонизм.

3-түрі биологиялық процестің кейінгі кезеңдерінің блокадасы, мысалы, әртүрлі деңгейде симпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне әсер ететін 2 дәріні біріктіріп беру :клонидин және ганглиоблокаторлар, ганглиоблокаторлар және гуанитндин. Рецепторлық деңгейде фармакодинамикалық өзара әрекеттесудің тағы бір түріне арнайы рецепторлардың сезімталдығының өзгеруі жатады.Бүл өзара әрекеттесудің 2 түрі бар:

1-түрге диуретиктердің әсеріне калий қорының азаюы нәтижесінде жүрек гликозидтеріне миокард сезімталдығының жоғарылауы жатады.

2-түр жүрек гликозидтері мен резерпинді немесе бета-блокаторларды біріктіріп қолданғанда брадикардияның күшеюінен көрінетін сезімталдықтың өзгерістері жатады.

Дәрі - дәрмектердің зиянды әсері.

Кейбір немесе көптеген дәрі- дәрмектер адам организміне зиянды әсер етуі мүмкін, тіпті кейде ауыр зақымдарға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Дәрі - дәрмектердің барлығы адам организіміне зиянды әсер етеді.

Амбулаторлық қабылдауда дөрі-дәрмектердің зиянды әсер етуінің жиілігі 10%, 20%-ға дейін көтеріледі. Аурулардың 5% стационарлық емделуді талап етеді.

Көбінесе, дөрі-дөрмектердің зиянды әсері емделуді басында байқалады. Бірақта мутагендік жөне теротогендік әсері , бірнеше айлардан немесе жылдардан кейін байқалады. Қазіргі кезде дөрі-дөрмектің зинды әсері жөнінде мынандай жіктелу пайдаланады:

1.Дәрі-дәрмектердің фармакологиялық қасиетіне байланысты зиянды әсері.

  1. Дәрі-дәрмектердің абсолюттік жөне салыстырмалы артық немесе көп берілуіне байланысты токсикалық асқынуы.

  2. Организмнің иммунобиологиялық қасиетінің өзгеруіне байланысты (иммундық реакцияның әлсіреуі,дисбактериоз, кандидомикоз),екіншілік әсер.

  1. Аллергиялық реакцияның жылдам және жай түрлері.

  2. Дәрі-дөрмектерді үзақ уақыт бойы беріп, оны бермей тастаған кездегі, беруді тоқтату синдромы.

Фармакологиялық белсенділігіне байланысты дәрілердің зиянды

әсері.

Жиі кездесетін дәрілердің зиянды әсері , бүл дәрінің емдік мөлшерін ауруға берген кездегі оның фармакологиялық қасиетіне байланысты пайда болатын зиняды өсер. Мысалы.клофелин артериалдық қысымды түсіреді ,бірақ ол ауызды қүрғатып, үйқыны келтіреді. Ал кей жағдайда дәрінің зиянды әсері көмек етуі мүмкін.

Изопреналин, бронхты кеңейтетін дәрі ретінде қолданылады,ал ол бірақ жүрекке әсер етіп (тахикардия және аритмияны )шақырады.Ал бүл әсер асистолия кезінде жүректің ритмін қалпына келтіреді.

Гемостаздың білінбейтін бүзылыстары кезінде, антикоагулянттарды қолдану қан кетуге әкеліп соқтырады.

Жаңа дәрілерді шығаруды қарастырған жағдайда оның өзінің арнайы қасиетін көбейту керек. Мысалы, сальбутамол өкпенің В-2 рецепторларын жеделдетеді және жүректің В-1 рецепторларына да сөл әсер етеді.

Токсикалық асқынулар.

Үлкен мөлшерде дәрілер токсикалық реакцияларды шақырады. Дәрілердің токсикалық қасиетіне баға беру үшін оның терапиялық әсер ету бағытын немесе терапиялық индексін анықтау керек. Терапиялық әсер ету бағыты үлкен дөрілер организмге токсикалық асқынуларды терапиялық мөлшерде қолданғанда сирек шақырады.Ал терапиялық индексі төмен дәрілер токсикалық асқынуды көбірек шақырады.Олар нефротоксикалық, гепатотоксикалық, гематотоксикалық, нейротоксикалық және т.б әсер етеді,

мысалы аминогликозидтер ,вестибулярлық аппаратта өзгерістер туғызады (саңыраулық). Цитостатиктер сүйек кемігінің басылуына әкеледі.

Организмнің иммуно-биологиялық қасиетінің бүзылуы.

Дәрілік асқынулардың бір түрі,антибиотиктерді қолданған кездегі қалыпты бактериалдық флораның өзгеруі (дизбактериоз, кандидомикоз, суперинфекция).

Көбінесе өкпе мен ішек жолдарына зиян келтіріледі. Ал иммунодепрассанттар мен глюкокортикоидтар иммунитетті басады.

Аллергиялық реакция.

Кей жағдайда мөлшерге байланысты емес асқынуларда пайда болады.Оның негізінде организмнің жеке өзіндік қасиеті жатыр. Ол аллергия, генетикалық бүзылыстар.

Аллергиялық реакция дегеніміз - антиген және антидененің арасындағы байланыстар. Көптеген дәрілердің антигендік қасиеті әлсіз, бірақ аллергиялық реакция көп дәрілерге міндетті түрде пайда болады. Оның пайда болуы мынандай механизмдерге байланысты:

1. Дәрілер,химиялық гаптен жөне олар ақуызбен байланысып антидененің пайда болуына әкеледі.

2.Дәрілер кейбір клеткалардың ақуызының қасиетін өзгертіп аутоиммундық реакцияны шақырады.

З.Дәрілер антидененің продукциясының пайда болуына өсер етеді, ол клетканың ақуызының қиылысына өсер етеді.

Иммунопатологиялық реакцияның 2 түрі бар:

І.Жоғары сезімталды реакцияның жылдам түрі. Бүл кезде иммуноглобулин Е-антиденесінің продукциясы байқалады (крапивница-есек жем, бронхоспазм, ісік, бөртпе, анафилаксиялық шок).

2.Жоғары сезімталды реакцияның баяу түрі. Бүл кезде иммуноглобулин О пайда болады. Ол иммундық қосылыс пен клеткалық иммунитеттің бүзылысына әкеледі (артрит, лимфоаденопатия,нефрит,васкулит т.б).