Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯДАН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
606.72 Кб
Скачать

«Дәрілік заттардың жанама әсерлері» Дәрі - дәрмектердің зиянды әсері.

Кейбір немесе көптеген дәрі- дәрмектер адам организміне зиянды әсер етуі мүмкін, тіпті кейде ауыр зақымдарға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Дәрі - дәрмектердің барлығы адам организіміне зиянды әсер етеді.

Амбулаторлық қабылдауда дәрі-дәрмектердің зиянды әсер етуінің жиілігі 10%, 20%-ға дейін көтеріледі. Аурулардың 5% стационарлық емделуді талап етеді.

Көбінесе, дәрі-дәрмектердің зиянды әсері емделуді басында байқалады. Бірақта мутагендік және теротогендік әсері, бірнеше айлардан немесе жылдардан кейін байқалады. Қазіргі кезде дәрі-дәрмектің зинды әсері жөнінде мынандай жіктелу пайдаланады:

  1. Дәрі-дәрмектердің фармакологиялық қасиетіне байланысты зиянды әсері.

  2. Дәрі-дәрмектердің абсолюттік және салыстырмалы артық немесе көп берілуіне байланысты токсикалық асқынуы.

  3. Организмнің иммунобиологиялық қасиетінің өзгеруіне байланысты (иммундық реакцияның әлсіреуі,дисбактериоз, кандидомикоз), екіншілік әсер.

  4. Аллергиялық реакцияның жылдам және жай түрлері.

  5. Дәрі-дәрмектерді үзақ уақыт бойы беріп, оны бермей тастаған кездегі, беруді тоқтату синдромы.

Фармакологиялық белсенділігіне байланысты дәрілердің зиянды әсері.

Жиі кездесетін дәрілердің зиянды әсері , бүл дәрінің емдік мөлшерін ауруға берген кездегі оның фармакологиялық қасиетіне байланысты пайда болатын зиняды әсер. Мысалы.клофелин артериалдық қысымды түсіреді ,бірақ ол ауызды қүрғатып, үйқыны келтіреді. Ал кей жағдайда дәрінің зиянды әсері көмек етуі мүмкін. Изопреналин, бронхты кеңейтетін дәрі ретінде қолданылады,ал ол бірақ жүрекке әсер етіп (тахикардия және аритмияны) шақырады.Ал бүл әсер асистолия кезінде жүректің ритмін қалпына келтіреді.

Гемостаздың білінбейтін бүзылыстары кезінде, антикоагулянттарды қолдану қан кетуге әкеліп соқтырады.

Жаңа дәрілерді шығаруды қарастырған жағдайда оның өзінің арнайы қасиетін көбейту керек. Мысалы, сальбутамол өкпенің В-2 рецепторларын жеделдетеді және жүректің В-1 рецепторларына да сәл әсер етеді.

Токсикалық асқынулар.

Үлкен мөлшерде дәрілер токсикалық реакцияларды шақырады. Дәрілердің токсикалық қасиетіне баға беру үшін оның терапиялық әсер ету бағытын немесе терапиялық индексін анықтау керек. Терапиялық әсер ету бағыты үлкен дәрілер организмге токсикалық асқынуларды терапиялық мөлшерде қолданғанда сирек шақырады. Ал терапиялық индексі төмен дәрілер токсикалық асқынуды көбірек шақырады.Олар нефротоксикалық, гепатотоксикалық, гематотоксикалық, нейротоксикалық және т.б әсер етеді, мысалы аминогликозидтер, вестибулярлық аппаратта өзгерістер туғызады (саңыраулық). Цитостатиктер сүйек кемігінің басылуына әкеледі.

Организмнің иммуно-биологиялық қасиетінің бұзылуы.

Дәрілік асқынулардың бір түрі, антибиотиктерді қолданған кездегі бактериалдық флораның өзгеруі (дизбактериоз, кандидомиткоз, суперинфекция).

Көбінесе өкпе мен ішек жолдарына зиян келтіріледі. Ал иммунодепресанттар мен глюкокортикоидтар иммунитеті басады№

Аллергиялық реакция.

Кей жағдайда мөлшерге байланысты емес асқынулада пайда болады. Оның негізінде организмнің жеке өзіндік қасиеті жатыр. Ол аллергия, генетикалық бұзылыстар.

Аллергиялық реакция дегеніміз – антиген және антидененің арысындагы байланыстар.Көптеген дәрілердің антигендік қасиеті әлсіз, бірақ аллергиялық реакция көп дәрілерге міндетті түрде пайда болады. Оның пайда болуы мынандай механизмдерге байланысты:

  1. Дәрілер, химиялық гаптен және олар ақуызбен байланысып антидененің пайда болуына әкеледі.

  2. Дәрілер кейбір клеткалардың ақуызының қасиетін өзгертіп аутоиммундық реакцияны шақырады

  3. Дәрілер антидененің продукциясының пайда болуына ол клетканың ақуызының қиылысына әсер етеді

Иммунопатологиялық реакцияның 2 түрі бар:

І.Жоғары сезімталды реакцияның жылдам түрі. Бүл кезде иммуноглобулин Е-антиденесінің продукциясы байқалады (крапивница-есек жем, бронхоспазм, ісік, бөртпе, анафилаксиялық шок).

2.Жоғары сезімталды реакцияның баяу түрі. Бүл кезде иммуноглобулин О пайда болады. Ол иммундық қосылыс пен клеткалық иммунитеттің бүзылысына әкеледі (артрит, лимфоаденопатия,нефрит, васкулит т.б).