Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯДАН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
606.72 Кб
Скачать

Сіңірілу кезіндегі фармакокинетикалық өзара әрекеттесу.

Асқазан-ішек жолында сіңірілу кезінде ДЗ-дың өзара әрекеттесуі оның кез-келген бөлігінде көбінесе асқазанда жүреді. Клиникалық тұрғыдан қарағанда сіңірілудің жылдамдығының және толудың өзгерістерінің маңызы зор.

Асқазанда ДЗ-дың резорбциясы көптеген физиологиялық факторларға байланысты: рН, шырыштың тұтқырлығы, тамақтың болуы және болмауы,тамақтану режимі, бактериалды флора,қанмен қамтамасыз ету,асқазан-ішек моторикасы.

Көптеген ДЗ әлсіз қышқылдар немесе негіздер болып келеді және ДЗ абсорбциясы жүретін ортаның рН – на олардың резобциялық қасиеті байланысты. Асқазан-ішек жолында дәрілер иондалмаған формада клетка мембранасы арқылы өтетін майда еритін полярлы емес ДЗ клетка мембранасы арқылысіңірілуі бәсеңдейді. Мысалы, антацидті дәрілер асқазанның рН жоғарылата отырып қышқыл ДЗ иондалуын күшейтеді (антикоагулянттар,салицилаттар,нитрофурандар,фенилбутазон,кейбір сульфаниламидтер),олардың майда еруін төмендетеді және сіңірілуді бәсеңдетеді.

Антихолинергиялық белсенділігі бар ДЗ және опий тобының дәрілері асқазанның босауын тежейді және ішек моторикасын бәсеңдетеді. Осының нәтижесінде басқа ДЗ асқазанда еруі төмендейді және нашар сіңіріледі. Мысалы, атропин және 3 циклды антидепресанттар диазапамның, парацетамолдың,пропронолдың және тетрациклиндердің абсорбциясын бәсеңдетеді. Наркотикалық анальгетиктер парацетамолдың, этанолдың, мексетиленнің сіңірілуін төмендетеді. Құсуға қарсы қоданылатын метаклопромид осыған қарама-қарсы әсер етеді. Ол асқазанның босауын тездетіп, этанолды,, парацетамолдың және тетрациклиндердің абсорбциясын күшейтеді.

Хелаттар түзілу кезінде ДЗ сіңірілуі өзгереді. Медицинада хелат түзетін ДЗ ретінде холестираминоанионды ауыспалы смола негізгі қасиеттерімен қолданады. Ол өт түтігінің жартылай обструкциясы кезінде қышуду емдеу үщін қолданады. Оның емдік әсерінің негізінде оның ерімейтін және ішек арқылы шығып кететін хлор иондарын өт қышқылының тұздарына беруі жатыр.дәл осы механизм холестираминді ацетилсалицил қышқылымен, бутадионмен, дигоксинмен, дигитоксинмен өзара әрекеттесу негізінде жатыр. Сондай-ақ хелат түзетін әсер металдардың 2 және 3 тұздары бар (кальций, магний, алюминий, темір) ДЗ қолданғанда байқалады. Олар тетрациклиндердің, аминазиннің, этамбутолдың,дигоксинніңсіңірілуіне кедергі жасайды.

ДЗ өзара әрекеттесуінде басқа дәрілермен шақырылатын ішек флорасының өзгерістері белгілі бір қызмет атқарады. Антимикробты дәрілер К витаминінің синтезін бұза отырып, антикоагулянттардың әсерін күшейтеді.

Кейбір ДЗ асқазан-ішек жолының шырышты қабатына токсикалық әсер бере отырып, сіңірілудің бұзылу синдромы дамуына әкеледі. Бұндай заттарға неомицин, мефенам қышқылы жатады, олар ДЗ сіңірілуі бұзылуымен қатар, тамақтың құрамындағы қажет ингредиенттердіңде сіірілуін бұзады.

Басқа жағынан қарағанда тамақтың өзі ДЗ абсорбциялық процесін өзгерте алады және сонымен қатар олардың биологиялық жетістігін де өзгерте алады. ¤сімдіктерден және жануарлардан жасалынған әдеттегі араласқан тамақтың құрамында фармакологиялық тұрғыдан қарағанда белсенді заттар бар, олар: серотонин (ананас, сельдерей), тирамин (ірімшік,бауыр,балапан еті,сыра, шарап және т.б.),пестицидтер, ауыр металдарың тұздары және басқалар. Бұл барлық физиологиялық белсенді заттар асқазанда басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесе отырып, олардың резобциялық қабілетін жоғарылата немесе төмендете алады. Тамақ ацетил салицил қышқылының, амоксицилиннің, изониазидтің, рифампициннің, тетрациклиннің, цефалексинніңсіңірілуін төмендетеді, керісінше гидролазиннің, карбомазепиннің, фенитоиннің, лабетололдың, пропроналолдың жәнеспиронолактонның сіңірілуін күшейтеді. Ампициллиннің, дигоксиннің,парацетамолдың, фенобарбиталдың, фуросемидтің, изосорбиттің сіңірілуі тамақпен ішкен кездк бәсеңдейді, бірақ ДЗ абсорбциялаған жалпы саны өзгермейді. Дәрілерге тәтті шырын қосқанда кальций хлоридының,амидопириннің,тетрациклиннің, изониазидтің сіңірілуі бәсеңдейді.