- •Клиникалық фармакологиядан дәрістер "Клиникалық фармакология. Пәні, мақсатты және талаптары. Формулярлы-терапиялық комитет. Қүрамы, қызметтері, мақсаттары. Дәрілік формуляр"
- •"Фармакотерапия . Пәні мен мақсаттары. Фармакологиялық комитет. Құрамы, қызметтері, мақсаттары."
- •«Дәрілік заттардың жанама әсерлері» Дәрі - дәрмектердің зиянды әсері.
- •Фармакологиялық белсенділігіне байланысты дәрілердің зиянды әсері.
- •«Фармакокинетиканың жалпы сүрақтары»
- •Дәрілік заттардың сіңірілуі
- •Сүрақтары.
- •Сүрақтары.
- •Фармакодинамика негіздері
- •"Жасына сәй фармакотерапияның аспекктері. Жүкті және емізулі әйелдерге қолданатын дәрілердің клинико-фармакологиялық ерекшеліктері. Дэрілік заттардың іштегі үрық пен жаңа түган нәрестеге әсері"
- •Фармакодинамикалық өзара әрекеттесу.
- •Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі және жанама әсерлері
- •Кооперативті өзара әрекеттесудің мынадай түрлері бар:
- •Антогонистік өзара әрекеттесудің түрлері:
- •Фармацевтикалық өзара әрекеттесу.
- •Сіңірілу кезіндегі фармакокинетикалық өзара әрекеттесу.
- •Дз бөліну барысындағы фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі.
- •Дәрі – дәрмектердің зиянды әсері.
- •Фармакологиялық белсенділігіне байланысты дәрілердің зиянды әсері.
- •Токсикалық асқынулар.
- •Фармакокинентиканың негізгі параметрларді.
Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі және жанама әсерлері
Соңғы 10 жылдықта экспериментальдық және клиникалық фармакология аймағындағы жеткізген ірі жетістіктердің адам ағзасына дәрілік заттардың әсер ету механизмінде жаңа көзқарастардың дамуына әсер етті. Дәрігерлік тәжірибеде дәрінің күштірек фармокотерапиялық әсерін алу мақсатында, оларды біріктіріп қолдану жағдайлары көбейді. Мысалы, орта дәрежелі науқаста 4-6, ауыр дәрежеде 6-10, ал интенсивті терапия бөлімінде 20-24 дәрілерді бір уақытта қабылдайды. Бұл жаңа мәселелер тудырады, өйткені біріктірілген дәрілер неғұрлым көп болса, солғұрлым ағзадағы болатын қатынастар күрделене түседі. Егер науқас бір уақытта 5 және одан аз дәрі қабылдаса , 20 және одан көп дәрі қабылдаса, олардың арасындағы өзара әрекеттесуі 4 – 45 пайызға жоғарылайды. Осы айтылғанға байланысты клиникалық тәжірибеде біріктірілген дәрілік заттардың өзара әрекеттесуін оқып үйрену қажеттілігі туды.
Сонымен, дәрілік заттардың ( ДЗ ) өзара әректтесуі деп, 2 немесе одан көп дәрілерді бір уақытта қолданғанда дамитын фармакологиялық әсерді айтамыз. Дәрілер арасындағы өзара әрекеттесу әсер ету механизмі анализінің және клиникалық фармакологияның негізі болып табылады.
ДЗ өзара әректтесуінің негізгі түрлері.
2 және одан көп дәрілерді біріктіріп қолданғанда ДЗ өзара әректтесуі былайша көрінеді: емдеу әсерінің күшеюі, әсердің жоқ болуы, әсердің әлсіреуі,күтпеген жағдайлардың болуы және дәрілік ауру.
ДЗ біріктіріп қолданғанда өзара әректтесуді кооперативті және антогонистік деп бөледі.
Кооперативті әрекеттесу - әрбір дәріні бөлек қолданғандағы максималды әсерден, біріктіріп қолданғандағы әсер көп болатын ДЗ өзара әректтесуінің түрі.
Кооперативті өзара әрекеттесудің мынадай түрлері бар:
сенентизация (потенциялдау) белсенді емес түріндегі бір дәрі басқасының әсерін күшейткен кезде .
синергизм - әрбір дәріні бөлек алғандағы әсер ету көлемінен біріктіріп қолданғандағы әсер ету көлемі көп.
қосынды – біріктіргендегі әсер қоспаның ингредиенттерінің әсеріне тең.
Антогонистік өзара әсер – біріктірілген ДЗ әсері толық жойылғандағы немесе әлсірегендегі өзара әректтесудің түрі.
Антогонистік өзара әрекеттесудің түрлері:
ДЗ сәйкессіздігі – ағзада немесе ағзадан тыс өзара әрекеттесудің кез келген кезеңінде қоспаның ингредиенттерінің абсолютті және салыстырмалы сәйкессіздіктің болуы.
Дезентизация, белсенді түрде емес қосылыстардың бірі басқасының әсерін төмендетеді.
ДЗ өзара әректтесуінің негізгі түрлері:
ДЗ өзара әрекеттесу деңгейіне байланысты фармацевтикалық,фармококинетикалық және фармакодинамикалық деп бөледі.
Фармацевтикалық өзара әрекеттесу.
Фармацевтикалық өзара әрекеттесу дәрілік заттарды ағзаға кіргізгенге дейін жүреді, сондықтан осы кезеңде ДЗ-дың өзара әрекеттесу процесін ұғыну, инфузионды терапия кезінде, ДЗ – ды фармацевтикалық кезеңде біріктіру кезінде ДЗ дұрыс біріктіріп қолдануға жағдай жасайды, физикалық-химиялық реакциялардың нәтижесінде тұнуы мүмкін немесе қасиеттері өзгеруі мүмкін.
ДЗ-дың фармацевтикалық өзара әрекеттесулерінің қажет емес нәтижелері оларды біріктірген кезде ДЗ-дың инактивациясымен жиі
байқалады, оның себептері:
- ДЗ-дың ерімеуі немесе ерітуді нашарлататын жағдайлар;
- Коллоидты жүйелердің және ерітінділердің жоғары молекулярлы
қосылыстарының коагуляциясы, эмульсияның алынуы;
- күрделі ұнтақтардың еруі және дымқылдануы.
- ДЗ адсорбциялық көріністері.
Сондықтан мұндай дәрілер бір уақытта, бір ерітіндіде қолданылмайды.
Клиникалық тәжірибеде әсіресе реанимациялық қызметте кейде инфузионды ерітінділерді, соның ішінде өзара әрекеттесудің фармацевтикалық кезеңінде бір-бірімен қосылмайтын дәрілер қатарын ұзақ уақыт пайдалану қажеттігі туады. Бұндай жағдайларда әрбір дәріні бөлек-бөлек әртүрлі жолдармен беру керек, немесе дәрілерді қабылдау арасы 3 сағаттан кем болмауы керек.
Кейбір жағдайларда ДЗ өзара әрекеттесуі сырттай байқалуы мүмкін, дегенмен соңында ДЗ негізгі фармакологиялық қасиеттері және олардың клиникалық әсері өзгереді.
Фармакокинетикалық өзара әрекеттесу.
ДЗ-дың өзара әрекеттесуінің күрделі механизмдері дәрі әсерінің фармакокинетикалық кезеңінде ағзада сіңірілу, жойылу кезінде бауырда метаболизм кезінде және ағзадан шығарылу кезінде жүреді. Фармакокинетикалық өзара әрекеттесудің нәтижесі болып арнайы рецепторларға әсер ететін және соңғы терапиялық әсерді анықтайтын белсенді басталудың сандық және сапалық өзгері стері табылады.
